Түркістан облысы

Дәрігерлер Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын қолдайды

Халықтық коалицияның Түркістан облыстық қоғамдық штабының төрағасы Бейсен Тәжібаев Төлеби ауданына барды. ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында Леңгір қаласында орналасқан қалалық емхана мен аурухана қызметкерлерімен кездесу өтті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Оған штаб төрағасының орынбасары Қ.Балабиев, сенімді өкілдер Б.Айтқұлов, Қ.Қансейітов, Н.Қойбағаров, М.Ермаханбетова, С.Мәмбетқұлов, А.Таширов, Ф.Қалтаева және Қ.Асылбеков қатысты.

Кездесуде Қ.Балабиев ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары мен маңыздылығын айтты.

– «Бір Отан, бір мемлекет, бір халық» деген аса терең мағыналы сөз баршамызға  қатты әсер етті. Біз ортақ іске жұмылып, туған жерімізді гүлдендіру керекпіз. Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында барлық бағыт қамтылған. Қоғам болып қолдап, жүзеге асыратын болсақ, болашығымыз айқын болатыны сөзсіз, – деді ол.

Ал, облыстық штабтың төрағасы Б.Тәжібаев мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар және саяси өзгерістер жайлы ақпараттандыру жүргізді.

– Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауларында медицина саласына баса мән береді. Сайлауалды бағдарламасында да халықтың денсаулығын жақсарту және азаматтардың өмір сүру ұзақтығын арттыру – мемлекеттің маңызды міндеті екендігін алға тартып отыр. Сонымен қатар, алдағы жылдары медицина мамандарын даярлау ісі мен профилактикалық жұмыстар қарқын алып, әрбір қалада, аудан орталығы мен ірі ауылдарда сапалы дәрігерлік көмек көрсетілетін болады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы көбейіп, дәрігер мамандығының беделін арттыру үшін медицина мамандарының мәртебесі заң жүзінде бекітілмек. Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіледі. Бұл – Әділетті Қазақстан құруды мақсат еткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоспары. “Әділетті Қазақстанды” қалыптастыру ісін бәріміз бірігіп қана атқара аламыз, – деген Бейсен Дәулетұлы сайлау күні өз таңдауларын жасауға мүмкіндік бар екенін жеткізді.

Өз кезегінде қалалық емхана қызметкерлері кандидат Қ.Тоқаевты қолдайтындықтарын айтып, облыстық және аудандық қоғамдық штабтың үгіт – насихат жұмыстарына сәттілік тіледі.

Фото: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.