Түркістан облысы

Қоғамдық штаб өкілдеріне үгіт жұмыстары Қазығұртта жалғасты

Халықтық коалиция өкілдері Қазығұрт тұрғындарымен кездесті. ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға арналған Түркістан облыстық қоғамдық штаб төрағасы Бейсен Тәжібаев, штаб төрағасының орынбасары Қайрат  Балабиев, сенімді өкілдер Нұржан Әшіров, Гүлбахира Тәжібаева, Алтынсары Үмбеталиев және Есімхан Исақұлов Жаңабазар ауылының тұрғындарымен кездесті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Сайлаушылармен кездесу барысында  Б.Тәжібаев кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын таныстырып, оның саяси маңыздылығы жайлы сөз қозғады.

Қ.Балабиевтің айтуынша, алда түбегейлі саяси және экономикалық реформаларды табысты іске асыру,  демократиялық қағидаларға негізделген “Әділетті Қазақстанды” құру міндеті тұр.

– Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты. Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынып отырған бағдарламада еліміздегі салалардың барлығы қамтылған. Соның ішінде алдағы бірнеше жыл бойы ауылдарды дамытып, азаматтардың табысын арттыру, құқығын қорғау жоспарлары да бар. Осындай тарихи әрі жауапты кезеңде, ортақ мүдде мен мақсат үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын уақыт келді. Себебі, мемлекеттің дербестігі, ұлттың азаттығы, қоғамның еркіндігі – ешқашан, еш нәрсеге айырбасталмайтын ұлы құндылық. Мұны баршамыз бағалауымыз тиіс, – деді ол.

Ал, Республикалық қоғамдық штаб мүшесі Н.Аширов тарихи жаңғыру орын алып жатқанын тілге тиек етіп, маңызды кезеңде адал қызмет ету және науқанға белсене атсалысу керектігін атап өтті.

Облыстық қоғамдық штаб төрағасы Бейсен Дәулетұлы бірлікті кандидаттың сайлауалды бағдарламасы халықтың жағдайын жақсартып, әділетті экономика құруға, әлеуметтік топтардың арасындағы алшақтықты азайтуға және өңірлердің мейлінше бірдей дамуына мүмкіндік беретін реформалар жүзеге асырылатынын айтып, азаматтарды сайлауға белсене қатысуға шақырды. Ауыл тұрғындары өз ұсыныс-пікірлерін білдіре отырып, кандидат Қ.К.Тоқаевқа бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.

Фото: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филалының баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.