Түркістан облысы

Түркістан облысында 600 балаға ҚР президентінің құттықтау хаты мен жаңа жылдық сыйлықтары тапсырылды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Түркістан облысындағы 600-ге жуық балаға ҚР Президентінің құттықтау хаты мен мерекелік сыйлықтары тапсырылды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Төлеби ауданындағы балалар үйі мен оңалту орталығына және аудандық ауруханаға барған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев тәрбиеленушілер мен емделуші балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Олармен жүздесіп, мерекелік лебізін білдіріп, Президенттің құттықтау хаты мен сыйлықтарын ұсынды.

– Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Армандарыңыз орындала берсін. Денсаулық, амандық, отбасыларыңа береке тілеймін, – деген Бейсен Дәулетұлы балалармен пікір алмасып, сыйлықтарын тапсырды.

Облыс әкімінің орынбасары алдымен Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесті. Одан кейін Төлеби аудандық ауруханасындағы 40-тан астам балаға сыйлық тапсырды. Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «№4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сінде де болды. Бүгінгі таңда 55 қызмет алушы тіркелген орталықта Жаңа жылдық шырша мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Мұнда да Қазақстан Республикасы Президенті атынан балаларға планшеттер табыстады. Балалар өз кезегінде ән шырқап, би билеп, өнерлерін көрсетті.

Жалпы, Жаңа жыл мерекесіне орай облыстағы  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 3 білім беру ұйымдарындағы 140 балаға, әлеуметтік мекемедегі 55 балаға және облыстағы 25 аудандық, қалалық балалар ауруханаларында ем қабылдаушы 400 балаға Қазақстан  Республикасы Президентінің атынан Жаңа жылдық мерекелік сыйлықтар берілді.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.