Түркістан облысы

Келес ауданында балық өсіру ісі дамуда

0
(0)
Түркістан облысында балық шаруашылығы облыс экономикасының маңызды саласына айналды. Өркендеу жолына түскен іргелі салада атқарылған жұмыстар да, алдағы міндеттер де ауқымды. балық шаруашылығын дамыту ісі Келес ауданында да жолға қойылған. Мұнда 4 ірі кәсіпорын өзен-көлдерде балық түрлерін көбейтіп, кәсібін дөңгелетіп отыр. Бұдан бөлек, балықты жылыжай ішінде көбейтіп, өсіруге бет бұрғандар бар. Келес балығына сыртқы нарықта сұраныс жоғары.
Ауданда балық шаруашылығын алғашқылардың бірі болып бастаған «Жанель» шаруа қожалығы 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Шаруа қожалығының жалпы аумағы 2 гектарды құрайды. Оның басшысы Бақытжан Каюповтың айтуынша, өндіру қуаттылығы жылына 50 тоннаны құрайды.
Ауданда балық өсіру және балық етін өндіру жұмысын жандандырған «Көшім» шаруа қожалығы 2019 жылдан бастап Ақтөбе ауылдық округі аумағынан 100 гектар жерде балық өсіруде. Жылына 400 тонна өнім алатын шаруа қожалығының иесі Райс Тастановтың мәліметінше, жоба толыққанды іске қосылса, тағы 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Бүгінде жаңа кәсіпті игерген шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау бар. Аудандағы қожалықтарда балыққа берілетін жемнің 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button