Түркістан облысы

Түркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХІІІ сессиясы өтті

0
(0)

 

Сессияға Түркістан облысының әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Өмірзақ Шөкеев және Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшелері қатысты. Отырысты Түркістан облысы әкімінің орынбасары Cәкен Қалқаманов ашып, жүргізіп отырды. Мәжілістің басты мақсаты – ағымдағы жылдың 28 сәуірінде елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» тақырыбындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында айтылған ой-пікірлерді саралап, атқарылған жұмысты талқылау.
Сессия жиынында заңнамалық талаптарға сәйкес ротация тәртібімен 2019 жылдан бері облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасарларының орнына облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Юлдаш Султанов пен облыстық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Сафаров Сарманбайдың кандидатуралары ұсынылып, сайланды. Кеңес мүшелері жаңа лауазым иелерінің өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлігін сақтау саласындағы алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі.
Жиында сөз алған облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы сессияның күн тәртібінде қаралған Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сесиясының шешімдерін іске асыру мәселелері жайында айта келе, алда тұрған бірқатар міндеттерді атап өтті.
Сондай-ақ сессия мәжілісінде облыстық өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Раимжан Кочкаров, Кентау қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Асылбек Өтебаев, облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі Жанат Таукеева, Сарыағаш аудандық тәжік этномәдени бірлестігі жастар қанатының мүшесі Фаез Файзидинов облыс көлемінде жүзеге асып жатқан қайырымдылық, денсаулық, медиация және тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның дамуына жастардың қосқан үлесі жайында айта келе, осы бағыттар бойынша бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Сессия жұмысын қорытындылаған өңір басшысы халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негізін қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту, Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету бойынша міндеттерді жүктеді.

«Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өңірлік ассамблеяларға бірқатар нақты тапсырмалар бергені белгілі. Қазақстандық патриотизм, азаматтық теңқұқықтық қағидаттарын, мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлін, алуан түрліліктегі бірлікті ілгерілету, ұлтты тұрақты жаңғырту жөнінде шаралар қабылдауды, елдегі этносаралық келісімге нұқсан келтіруі мүмкін сын-қатерлердің алдын алу және оларға қарсы тұрудың тиімді институты ретіндегі тиімділігін артыруды тапсырды. Кең ауқымды этносаралық коммуникациялар алаңы ретінде Ассамблеяның Аналар кеңестері мен Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысын жандандыруды, қайырымдылық іс-шараларын жоғары азаматтық патриотизмнің үлгісі ретінде одан әрі ілгерілетуді қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, Елбасы этносаралық қарым-қатынас, қайырымдылық, волонтерлік және мемлекеттік тілді үйрену орталықтары ретінде өңірлердегі достық үйлерінің жұмысын күшейту мен олардың материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде нақты шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Біз өз кезегімізде, бұл маңызды міндеттерді орындау жолында ел бірлігін сақтай отырып, рухани жаңғырған, бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастыруға үлес қосуды бәріміздің қастерлі парызымыз деп санаймын»,-деді Өмірзақ Шөкеев.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button