Тарих

Түркістан өңірінің рухани жаңғыруы

Түркістан өңірінің «Ұлттық рухани жаңғыруы» өңірдің туристік аймаққа айналуымен тікелей байланыстыруға болады, деп Newsroom порталының тілшісі жазады. Осылайша біз Түркістан аймағының «Ұлттық рухани жаңғыруы» рубрикасын жалғастырамыз.

Айта кетейік, Қазақстан тарихының алуантүрлігінің орталығы және тарихи маңызы бар орталықтарды сақтаған өңірінің тарихын айтуға бір мақала өзі жетпейді. Ал өңірдің туристік аймаққа айналуы арқылы қазақстандықтарға Қазақстан тарихын өз көзімен көріп, аздаған уақыт ішінде рухани күшпен иемденуге мүмкінік туды. Ұлттық рухани жаңғыру мақсаты – Ұлттық-мәдени бірегейлікті сақтау және мәдени өнімдерді ынталандыру, олардың сапасы мен әр алуандығын арттыру арқылы әрбір қазақстандықтың көркемдік-шығармашылық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болып табылады.

Ендігіде Түркістан тарихи ордасының маңызды орталықтарына шолу жасайық:

1 – Әлқожа ата кесенесі

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен шығысқа қарай 2,5 шақырым жерде Ә.Тұтқабаев көшесінің бойында орналасқан. Azretsultan.kz дереккөздеріне сүйене, қабірхана, жамағатхана және бастырмадан тұратын ескерткіш күйген кірпіштен қаланған. Бұл бөлмелер күмбезделіп жабылып, төрт жағынан терезе ойықтары орнатылған. Бастырмасы айнала төрт қырланып кірпіштен өрілген.

1997-1999 жылдар аралығында өзінің сәулеттік ерекшеліктері толық сақталып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Ел аузындағы аңыз-әпсаналарда Әлқожа атаның Қожа Ахмет Ясауидің күйеу баласы, яғни Гауһар ананың күйеуі болғандығы айтылады. Сондай аңыздардың бірінде кезінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең жақын досы, сенімді серігі, ізбасары, ислам дінінің ең ардақты тұлғаларының бірі — Әбу Бәкір Сыддық деген кісі болған. Халық Әбу Бәкірді «Сыддық» деп атаған. Әбу Бәкірдің ұрпағы Әбуләйіс қожаның екі ұлы болған екен. Олардың бірі – Жақып қожа, екіншісі — Әбдімәлік қожа. Самарқандта білім алған ағайынды Жақып пен Әбдімәлік Түркістан қаласына келгеннен кейін ағасы Сыр бойының төменгі жағына қарай бет алып, Өзген қаласына қоныстанған. Ал, Әбдімәлік ата Түркістанда қалады. Әбдімәлік ата Қожа Ахмет Ясауи медресесінде қызмет еткен, Қожа Ахмет Ясауимен бірге қажылыққа барған екен. Өз кезеңінде Әбдімәлік ата Түркістан өңірінде ірі тұлға саналған. Оның ислам діні үшін сіңірген еңбегін Ахмет Ясауи де өте жоғары бағалаған. Онымен құда болып, Әбдімәліктің баласы Әлиқожаға (Әлқожа) қызы Гауһарды қосқан. Әлқожа Ата Қожа Ахмет Ясауидің сүйікті шәкіртінің бірі болған екен. Оның бойында емшілік қасиет болған деседі. Айтылған аңыздарға сенсек, сол заманда кесененің жоғарғы жағында орналасқан көктастан су тамшылайды екен. Сол су төменде орналасқан екінші көктастың үстіне тамшылап тұратын болыпты. Соған жиналған суды адамдар келіп еңкейіп ішкен екен. Себебі оның өзіндік емдік қасиеттері болған көрінеді. Көктастың жоғарғы жағында кесе тәріздес ойық бар. Ел арасында соның ішіне жиналған суын ішкен адам бүкіл дертінен айығып кетеді деген пікір қалыптасқан. Бүгінде Әлқожа ата кесенесі қайта жөндеуден өткен. Ал, көктас қазіргі таңда кесене алдына шығарылған. Ал кесене төбесінен су ташылап тұратын көктастың қайда екендігі белгісіз. Жаугершілік замандарда кесене қирап, көктас жоғалып кетіпті.

Әлқожа ата кесенесі бірнеше жыл бұрын адам аяғы баспайтын, қараусыз жатқан жер болатын. Бүгінде кесене көпшілікке намаз оқу үшін қайта ашылып, қазір жергілікті тұрғындар үшін мешіттің де рөлін атқаруда. 2016 жылы «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің бастамасымен кесене алдындағы жер тегістеліп, бау-бақшасы ретке келтірілді. Кесенеге келуші туристерге арналған жолдарға тас төселіп, жарық шамдар мен арнайы орындықтар орнатылды. Алдағы уақытта үлкен мәдени туристік нысанға айналдырылмақ.

nysana.kz дереккөздеріне сүйене, ел аузындағы аңыздарда Әлқожа атаның Қожа Ахмет Ясауидің күйеу баласы, яғни Гауһар ананың күйеуі болғандығы айтылады. Кезінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең жақын досы, сенімді серігі, ізбасары, ислам дінінің ең ардақты тұлғаларының бірі — Әбу Бәкір Сыддық атты кісі болған.  Әбу Бәкірге «Сыддық» деген атты халық берген, ал оның төл есімі  – Абдуллах. Әбу Бәкір  – Алланың елшісін, Құранды, мұсылмандықты ерлердің ішінен алғаш қабылдаған сахаба. Ол өзінің ақылы мен шешендік қабілетіне сүйеніп, кедей мұсылмандарға көмек көрсетіп, исламды бар жан-тәнімен уағыздаған. Әбу Бәкірдің ұрпағы Әбуләйіс қожаның екі ұлы болған екен. Олардың бірі – Жақып қожа, екіншісі — Әбдімәлік қожа. Самарқандта білім алған ағайынды Жақып пен Әбдімәлік Түркістан қаласына келгеннен кейін ағасы Сыр бойының төменгі жағына қарай бет алып, Өзген қаласына қоныстанған. Ал, Әбдімәлік ата Түркістанда қалады. Әбдімәлік ата Қожа Ахмет Ясауи медресесінде қызмет еткен, онымен бірге екі рет қажылыққа барған деген аңыз бар. Өз кезеңінде Әбдімәлік ата Түркістан өңірінде ірі тұлға саналған. Оның ислам діні үшін сіңірген еңбегін Ахмет Ясауи де өте жоғары бағалаған. Онымен құда болып, Әбдімәліктің баласы Әлиқожаға (Әлқожа) қызы Гауһарды қосқан.

Әлқожа Ата Қожа Ахмет Ясауидің сүйікті шәкіртінің бірі болған екен. Ғұламаның артында қалған барлық мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізуде Әлқожаның сіңірген еңбектері зор. Оның бойында емшілік қасиет болған деседі. Ілімділігі мен әділеттілігі, ақиқаттың ақ туын берік ұстанған ғұламалығы ел аузына ерте ілініп, көзі тірісінде-ақ «әулие кісі» атаныпты. Аңыздарға сенсек, сол заманда кесененің жоғарғы жағында орналасқан көктастан су тамшылайды екен. Сол су төменде орналасқан екінші көктастың үстіне тамшылап тұратын болыпты. Соған жиналған суды адамдар келіп еңкейіп ішкен екен. Себебі оның өзіндік емдік қасиеттері болған көрінеді. Көктастың жоғарғы жағында кесе тәріздес ойық бар. Ел арасында сол ойықтың ішіне жиналған суды ішкен адам бүкіл дертінен айығып кетеді деген пікір қалыптасқан. Көктас жаугершілік замандарда жоғалып кеткен.

Бүгінгі таңда Әлқожа атаның қабірі басына тұрғызылған кесене қайта қалпына келтіріліп, зиярат орны мен мешіт қызметін қос қабат атқаратын орынға айналған. Түркістандағы Ә.Тұтқабаев көшесінің бойында орналасқан ескерткіш қабірхана, жамағатхана және бастырмадан тұрады. Қабырғалары күйген кірпіштен қаланған. Бұл бөлмелер күмбезделіп жабылып, төрт жағынан терезе ойықтары орнатылған. Бастырмасы да айнала төрт қырланып кірпіштен өрілген. 1997-1999 жылдар аралығында өзінің сәулеттік ерекшеліктері толық сақталып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

Әлқожа ата кесенесі бірнеше жылға дейін адам аяғы баспайтын, қараусыз жатқан жер болған. «Бүгінде кесене көпшілікке намаз оқу үшін қайта ашылып, жергілікті тұрғындар үшін мешіттің де рөлін атқаруда. 2016 жылы «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің бастамасымен кесене алдындағы жер тегістеліп, бау-бақшасы ретке келтірілді. Кесенеге келуші туристерге арналған жолдарға тас төселіп, жарық шамдар мен арнайы орындықтар орнатылды. Алдағы уақытта үлкен мәдени туристік нысанға айналдырылмақ», —дейді қорық-музейдің баспасөз хатшысы Мадина Сабырқызы.

Иә, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда Елбасы Н. Назарбаевтың «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы мен бағдарламалық мақаласы аясында киелі мекендеріміз көздің қарашығындай қорғауға алынды. Бүгінде елге рухани қызмет ете бастаған мұндай орындар біздің тарихи баға жетпес байлығымыз.

2 – Гауhар ана кесенесі

Ақылына көркі сай деп аңыз әңгімелерге арқау болған, Қожа Ахмет Ясауидің қызы – Гауһар ана жайлы, оның Түркістан қаласындағы кесенесі туралы «Көне дүние күмбірі» айдарында.

Qazir.kz  дереккөздеріне сүйене, Гауhар ана кесенесі (ХІІ-ХІV ғғ.) Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде, Түркістан – Шәуілдір автокөлік жолынан солға қарай 400-500 метр қашықтықта орналасқан.

Аңыз-әңгімелерде ГауҺар ананың баласы болмағанын айтады. Әкесі «Еміңнен жазылған адамдардың бәрі – сенің балаларың» деп қызын жұбатқан деседі. Ана өмірден өтерінде: «Мені інім Ибраһим шайхтың қаны төгілген жерге қойыңдар» деп аманаттаған екен. Гауһар ананың інісі Ибраһим халық өздері қазған құдықтан рұқсатсыз су алғаны үшін кетпенмен шауып өлтірген екен. Нақақтан-нақақ жаны қиылған бауырының қаны төгілген жерде Гауһар ананың мазары жатыр. Деректерде, анамыздың ақылы көркіне  сай ерекше жан болғандығы айтылады.

Гауһар ана – ұлы ақын, ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің қызы. Гауһар ана жайлы аңыз-әңгімелерге сүйенсек, ол емшілік қасиеті ерекше жан болған деседі. Әлі күнге дейін ана кесенесінің маңында емдік қасиеттері бар артезиан суы шығатын құдықтар көптеп кездеседі. Деректерде анамыздың ақылы көркіне сай ерекше жан болғандығы айтылады. Гауһар ананың қашан қайтыс болғаны жөнінде мәлімет жоқ, тек 11221124 жылдары туып, шамамен 1187-97 жылдары дүниеден озған деген жорамал бар.

«Әзірет Сұлтан» кесенесінде ұзақ жылдар мұражай директоры болған О.Дастанов ақсақалдың ел аузынан естіген аңызы бойынша, Гауһар ана қайтыс боларында «Мені інім Ибраһим шайхтың қаны төгілген жерге қойыңдар» деп өсиет етіпті. Аңызға сенсек, Ибраһимді Сүйір деген халық өздері қазған арықтан рұқсатсыз су алғаны үшін кетпенмен шауып өлтірген, яғни бұл Сүйір арығының жағасы болуы керек. Нақақтан-нақақ жаны қиылған бауырының қаны төгілген жерде Гауһар ананың мазары жатыр.

Қожа Ахмет Ясауи мен Гауһар ана кесенесі арасында жерасты жолы бар деген аңыздар да бар. Гауһар анамыз әкесі жерасты қылуетіне түскен кезде өмірден өтеді. Ясауи бабамыз қызының мазарына қылуеттен күн шуағына шықпай барып тұру үшін жерасты жолын салған деседі. Бірақ тарихи деректерде жерасты жолы туралы мағлұмат көп кездеспейді. Осы кесенеде қарауыл болып істеген қарияның басынан өткен оқиғасы Гауһар ананың емшілік қасиетінің мол екенін дәлелдей түседі. Келушілерді қабылдап, ана рухына құран бағыштап отырған ақсақал зиярат етушілерге өз басынан өткен оқиғаны былай әңгімелеп берген. Ертеректе еңбекпен түзету колониясындағы мектепте директор болып жұмыс істеген ақсақал кейін қатты ауруға шалдығады. Бауыр ісігінен зардап шеккен оның науқасы жанына батыпты. Әрине, бұл кеселдің емі болмай талай адам өмірден өткені белгілі. Алайда, көрер жарығы бар екен, пенденің пешенесіне жазылмаған бұл науқастан айығу осы кісіге бұйырған. Науқасы жанына батып жүрген бір күндері түнде ұйықтап жатқанда түсінде аян беріледі. Оянғаннан кейін «Салу керек» деген сөз есінен шықпай қояды. Нені салу керек?! Өзі де білмейді. Сөйтіп жүргенде Гауһар ана зиратының басын мал таптап жатқандығын көреді. Маған берілген аян осы шығар деп баласының үйін сатып, сол қаржымен зираттың айналасын қоршап, басына шағын мазар тұрғызыпты. Бұл әрекетін Алла қабыл қылса керек, ақсақал ауруынан құлан-таза айығып кетеді. Содан бастап Нұрғали есімді қария осы кесене басына келушілерді қабылдап, шама-шарқынша оларға қолғабысын тигізеді, қарауылдық қызмет жасайды.

Аңыз-әңгімелерде ГауҺар ананың баласы болмағанын айтады. Әкесі «Еміңнен жазылған адамдардың бәрі – сенің балаларың» деп қызын жұбатқан деседі.

Бүгінде Гауһар ана кесенесіне келушілер нөпірі өте көп. Олардың көбі дертіне шипа іздеп келеді. Талай жанды емдеп, ауруынан айықтырған қасиетті ананың шарапаты тисе деп тілейді. Тіпті кейбіреулер дертінен құлантаза айығып кетіп жатады. Сырт кескіні архитектуралық келісті кесенелер негізінен әйелдерге арналған. Әлкей Марғұлан оқыған дәрістен «Сырлы тамдар» тек әйел затына арнап салынатын болғанын, бұл мәлімет В. Жирмунскийдің «Следы огузов в низовьях Сыр-Дарьи» атты кітабында жазылғанын 1979 жылдың басында түркітанушы ғалым Рахманқұл Бердібаев жазып алған.

3 – Үкаша ата кесенесі

Оңтүстік Қазақстан облысындағы киелі жерлердің бірі – Үкаша ата қабірі орналасқан кесене. Оның мазары Түркістан қаласынан солтүстікке қарай 35 шақырым жерде Бабайқорған ауылының солтүстігінде орналасқан. Кереметке толы құдық пен сахабаның қабірі жатқан кесене жайлы аңыз-әфсана қазір көптеген туристерді қызықтырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халық арасындағы аңыз бойынша Үкаша ата Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) сахабасы ретінде белгілі. Мұcылмандардың әскери қолбасшысы ретінде кеңінен тараған. Аңыз бойынша, Үкаша ата шапса қылыш, атса оқ өтпейтін қасиет дарыған алып денелі, батыр болған екен. Үкаша сахаба сондай-ақ қазақ даласына ислам дінін алғаш алып келген тарихи тұлға ретінде айтылады. Ол Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сенімді серіктерінің қатарында болған. Түркі тайпаларының бірінен шыққан. Қазақ шежіресінің бастауында тұратын Әнес сахабалармен бір қатарда тұрады. Ал кеңестік дәуірде халықтың тарихи санасында Ғакаша сахаба есімі ұмытылып, Үкаша ата, Үкаша әулие есімімен сақталып отыр.

Бірқатар деректерде Ғакаша сахабаның ешқандай да аңыз емес екені айтылған. Ол Пайғамбардың (с.а.у.) жақын серігі, қасында бірге жүрген аяулы сахабасы болғандығын көрсетеді. Пайғамбар сахабасы – Әли Мұхаммед (с.а.у.) алдында жүретін қорғаушысы болса, Үкаша ата оның арқа тұсында жүретін оққағары болған екен. Мұхаммед (с.а.у) өмірден өтер сәтінде: «Кімде-кім Үкашаның жүзіне қараса, сол адамға тозақ оты харам болады» дегенді айтады. Енді бір деректе Мүбәрак әулиенің қасиетті қаны аяқ асты болмасын деген оймен денесімен қоса қаны шашыраған жері көміліп қабірге айналдырылған.

Қазіргі таңда Үкаша ата қабірі бүкіл түркі жұрты мінәжат қылып, тәуәп жасайтын зиярат орнына айналған. Үкаша ата дегенде, ең әуелі жұрттың есіне тау басындағы құдық еске түседі. Тау басындағы құдықтың пайда болуына қатысты сұрақтың жауабы да тарихи шығармалардан алынған. Мұнда келген әрбір адам бірінші Үкаша атаның қабірі орналасқан кесенеге кіріп, құран оқиды. Одан кейін барып тау басындағы құдықтан су алады. Кереметке толы құдық пен сахабаның қабірі жатқан кесене жайлы аңыз-әфсана бұрнағы уақытта жыр-дастандар арқылы кеңінен таралған. Тарихшы Мұхтар Қожа Үкаша ата туралы мынандай деректер айтады.

«Үкаша атаны жау жеңе алмаған, ешбір пенденің оғы өтпейді, қылышы кеспейді екен. Жаулары айла жасап оның әйелін алдап сахабаның осал жерін біліп алыпты. Үкаша ата тек таң намазын оқыған кезде қорғансыз болады екен. Оны білген кәпірлер таң намазын оқып отырған кезде басын қылышпен шауыпты. Жансыз басты періштелер домалатып қырдың етегіне жеткізіпті. Сол жер қақ айырылып құдық болып Үкаша ата басы оған түсіп жер асты өзен арқылы Мұхаммед Пайғамбарға (с.а.у.) жетіпті. Сахабаның қаны тамған жердің бетіне саздан ұзындығы 21 м белгі соғылған. Зияратқа барғандарға әулиенің шырақшылары Үкаша атаның басы домалап түскен құдықты, атаның түйесінің ізі қалған тасты көрсетеді. Зияратшылар осы құдыққа кезекпен шелек салып су алуға әрекет етеді. Су біреулерге беріледі, біреулерге қанша мәрте шелек салғанымен бір тамшы су ілінбейтіні бар. Мұны шелек тастап отырған адамның күнәсіне балап түсіндіреді», – дейді тарихшы

Ал кейбір деректерде Үкаша ата бейітінің жанындағы қасиетті саналатын құдық суы жер асты арқылы Меккедегі Зәмзәм бұлағымен байланысады деген түсінік бар. Оның тереңдігі 22-25 метрді құрайды. Құдық тік емес, спираль тәрізді. Құдықтан су алу үшін шелек салғанда су шығатын болса, ол адамның жолы болғыш, бақытты адам деп саналады. Осы құдықтың басына барша мұсылман жамағаты Алладан тілек тілеп, күнәларынан арылуға зияратқа ағылып келіп жатады. Сондай-ақ ел арасында жаугершілік заман мен бертін келе соғыстан кейінгі жылдары да жараланған адамдамдар осы құдықтың суына шомылып, айығып кеткені туралы айтылады.

Кесене мен құдықтың екі арасы шамамен алғанда бір шақырымдай. 1990 жылдары ауыл ақсақалдарының күшімен ол жер қайта жөнделіп, тәубе ететін орынға айналдырылды. 1996 жылы облыстық Мәдениет басқармасының «Әзірет Сұлтан» музейі қармағына берілді.

Abai.kz дереккөздеріне сүйене, Әулиенің кеніне айналған қарт Қаратаудың қойнауы киелі орындарымен ерекше. Ел есінде аңыз болып қалған киелі орынның бірі – Үкаша ата есімімен байланысты. Үкаша ата дегенде ең әуелі жұрттың есіне тау басындағы құдық еске түседі. Мұнда келген әрбір адам бірінші Үкаша атаның қабірі орналасқан кесенеге кіріп құран оқиды. Онан кейін барып тау басындағы құдықтың басына барып су алады. Кереметке толы құдық пен сахабаның қабірі жатқан кесене жайлы аңыз-әфсана бұрнағы уақытта жыр-дастандар арқылы кеңінен таралды. Ал Кеңес үкіметі тұсында рухани тарихымызға қатысты әулиелердің есімдерін, олардың еңбегін, тарихтағы алар орынын мақсатты түрде жоюға тырысты. Тәуелсіздіктің таңы атумен жоғымыз табылып, өшкен есімдеріміз қайта тіріліп жатыр.

Қаратау бөктерінде Ислам дінін таратушы Үкаша сахабаның кесенесі мен құдығы орналасқан. Кесене мен құдықтың екі арасы шамамен алғанда бір шақырымдай. Қазіргі уақытта Үкаша ата қабірі басына тұрғызылған кесене тарихи-мәдени ескерткіш ретінде мемлекет қарауына алынған.  Қорғалу ерекшелігі жағынан жергілікті ескерткіш болып табылады. Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясында Үкаша ата мазары – сәулет өнер ескерткіші. Қаратудың күнгей бетінде, Өгіз тау шатқалы маңындағы қыратта, Түркістан қаласынан 42 км жерде. Шамамен 6-7 ғасырларда өмір сүрген, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға замандас болған ислам дінінің өкілі – Үкаша атаға арнап тұрғызылған… Кесененің батыс жағында 200 м жерде Үкаша ата құдығы бар делінген.

Үкаша ата ел арасында аңыз тұлға ретінде танымал. Ол жөнінде арнайы жазылған тарихи зерттеу еңбегі жоқ. Жазылған кітаптардың көпшілігі кәсіби мамандардың қатысуынсыз шыққан. Бұл мәселе біздің даламызға ислам дінін таратушы тұлғалар Үкаша сахаба, Арыстан бап, Ысқақ бап, Қорасан бап, Әбдіжалил бап, Қожа Ахмет Ясауи т.б. тұлғаларға қатысты болғанда тіпті күрделене түседі. Үкаша сахаба жөнінде халық ауыз әдебиеті мен жазба деректерде айтылатын мәліметтерді бір жүйеге келтіру өзекті мәселелердің қатарына жатады.

Қазақ тарихының көптеген мәселелеріне зерттеу жұмыстарын жүргізген Ш.Уәлихановтың кітабынан Үкаша сахаба жайлы мынадай мәлімет оқимыз. «Родоначальникам Средней орды был товарищ, сахаба Мухаммада избранного». Пророк по откровению архангела Гавриила, узнав о скором своем оставлении правления сего тленного мира, чтобы там, в эдеме, на лоне гурии, отдыхать вечно и вечно, призвал своих друзей и товарищей и сказал им об этом, прося прощения, если он сделал кому-нибудь из-них обиду. Все плакалаи и говорили:// «Ты друг аллаха, мог ли ты сделать обиду!». Только один сахаба, по имени Оксе, обьявил претензию, что пророк при осаде какого-то города безвинно ударил его в спину. Мухаммед действительно вспомнил свою ошибку и в возмездие предложил ему спину. Абубекр, Омар, Осман, Али и другие вельможи тщетно отговаривали Оксу оставить безрассудное свое намерение Оксе ничего не хотел слушать и, при общем проклятии народа, подошел с плетью к священной спине любимца аллаха и просил его обнажить тело. Пророк снял свое верхнее платье. Оксе того и нужно было: он знал, что на спине избранного есть божия печать, приложившись к которой смертный делается недоступным адскому огню. Оксе вместо ожидаемого удара только наклонил голову, поцеловал и отошел прочь. Но за неудовольствие, причиненное им пророку, и по … общественного проклятия бог обрек его и его потомков бродняжничеству, благословие, впрочем, вместе с тем на довольство и безбедность. От него [Оксе] происходит… родоначальник уйсуней и всего народа» (Уәлиханов Ш.Ш. Бес томдық шығармалар жинағы 1 том. Предания и легенды большой киргиз-кайсацкой орды. Алма-Ата 1984. 273-274 стр) айтылып отырған Оксе есіміне кітаптың соңында мынадай түсініктеме беріледі. Оксе (искаженное от арабского имени Уккаша) – исторически неверная легенда о происхождении казахов от Аккаше и Анеса, приведена у Г.Н.Потанина (Уәлиханов Ш.Ш. 396 бет) дейді. Яғни Оксе бұл Укаша сахабаның бұрмаланған есімі дейді.

Потанинге үңілер болсақ қазақ-қырғыздардың шығу тегі туралы жазған материалында мынадай дерек айтып өтеді. «Корень этих наших казаков от турков (турклер) монгольского знака (могол сюмбили) и мусульманской веры, узкого рода (ууз), войлочноюрточные из трех уокских племен. После того были народом то кочующим, то оседавшим (Конгар). Во времена пророка Мухаммеда наши предки Акаше, сын Назира и Анес, сын Малика, а также Ахтам-софы и Имам-баир были приверженцами пророка. Ары қарата Потанин осылардан өрбіген ұрпақтар 32 баулы өзбек атанып көбейгендігін жазады. Потанин Үкаша атаның шығу тегін Түркі екендігін көрсетеді. Әдетте біздің даламызға келген Ислам дінін таратушыларды араб не парсы делінеді. Потаниннің мәліметі ел арасында айтылып келе жатқан ескі әңгімелердің жиынтығы екендігі анық.

Бізге аңыз болып жеткен Үкаша ата жайында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында өмір сүрген  Шәді төре Жәңгірұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Жүсіпбек Шайқысламұлы біраз деректер қалдырды. Бұл кісілердің шығармаларында Үкаша атаның есімі Ғакаша деп беріледі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Хазірет Ғакаша сахаба Ан хазіретіміздің он жеті орында туын көтеріп еді». Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының тағы бір жазбасында Ғакаша, Имамбайыр, Құттықожа, Ерқоян бастаған Түркілерден құралған 90 адамнан тұратын атты әскер пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) жасағына келіп қосылды деген мәлімет береді. Ғакаша пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сенімді сахабаларының біріне айналып, жанында жүреді. Бұл дерек мәліметі  Үкаша атаның шығу тегінің Түркі екендігін көрсетеді.

Шәді төре Жәңгірұлы Расул Ғалайһіссаламның ақырғы өсиеті деген әңгімесінде «Сол уақытта Ғакаша атты бір сахаба, әдеппен бір сөз айтты қол қусырып», – дейді. Жүсіпбек Шайқысламұлының еңбегінде Акаша есімімен берілген. Үш автордың шығармасының мазмұны, құрылымы жағынан алғанда өзара айырмашылық кездеспейді. Үш автордың шығармалары пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Мұстафаның қайтыс болар алдындағы соңғы өсиетіне байланысты жазылған. Шығармада Ғакаша сахабаның есімі негізгі кейіпкерлердің бірі ретінде баяндалған. Бұл шығармалар бізге ең алдымен, Ғакаша сахабаның ешқандай да аңыз емес тарихи тұлға, пайғамбардың жақын серігі, қасында бірге жүрген аяулы сахаба болғандығын анық көрсетіп отыр. Тау басындағы құдықтың пайда болуына қатысты сұрақтың жауабын да осы шығармаларадан аламыз. Үкаша атаның пайғамбарымыздың сахабасы болумен қатар шығу тегіне байланысты құнды мәлімет бар. Оның шығу тегі Түркі екендігін көрсетеді. Кеңес үкіметі орнап, қазақ әліпбиі кириллицаға көшкенге дейін ел бұл тұлғаны Ғакаша дейтін болған.

Кеңес үкіметі кезінде дін мәселесін зерттеуге тиым салынды. Бұл тақырыпты зерттеушілер негізінен дінді әшкерелеу үшін ғана жазатын. Сондай мазмұндағы шығарманың бірі О. Дастановтың 1967 жылы шыққан «Әулиелі жерлер туралы шындық» кітабы. Автор «Укаша-ата» кім? деген тақырыпты көтеріп: Укаша туралы дінді уағыздаушылар былай дейді: «Мұхамед пайғамбардың тапсыруымен келіп, Укаша (Ғакаша) ислам дінін таратады». Әрі қарата Үкаша ата жайлы тарихи аңызды тарқатып айтып, оның шын мәнінде негізсіз екендігін тұжырымдаған. Бұл жерде кітап авторының пікірін, дүниетанымын, не себепті кітаптың бұлай жазылғандығын талдап, сынағалы отырған ешкім жоқ. Еңбекте өте маңызды екі мәселе бар біріншісі Укаша мен Ғакаша есімі бір адамға тиесілі екендігі, екіншісі Укаша ата мазарының бүгінгі күні басына барып ел түнейтін Үкаша ата зираты екендігін анық көрсетеді. Үкаша ата құдығына барып су алу дәстүрінің атеистік қоғамның өзінде үзілмей, жалғасын тапқандығы көрсетілген.

Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері тарихи тақырыпта жазылған кітаптардың саны көбейді. Кәсіби тарихшылардан гөрі әуесқойлар мен журналистердің, басқа сала мамандарының тарихи тұлғалар туралы кітаптары мен кітапшалары баспадан молынан шығып жатыр. Оңтүстік өңірдегі әулиелі орындар мен тарихи тұлғалар жөнінде жазылған кәсіби тарихшының еңбегін таппағанмен, сол тұлғалардың ұрпақтарының болмаса шырақшылардың айтуы бойынша жазылған кітапшаларды жиі кездестіруге болады. Үкаша ата туралы жазылған сондай кітапшаның бірі жазушы-журналист Әсет Әссанди құрастырған «Үкаша ата әулие қысқаша тарихы» кітабы. Бұл кітапта Үкаша ата туралы ескіден келе жатқан аңыз-әңгімелер топтастырылған. Үкаша атаның шығу-тегіне қатысты азғана мәлімет беріліп, Түркі жеріне келіп, дін тарату жолындағы еңбегі жайлы аңыздарды бір ізге түсіріп, жүйелі баяндап шыққан. Бірақ бұл аңызда Үкаша атаның шығу тегіне байланысты нақтылы мәліметтер кездеспейді.

Тарихшы Мұхтар Қожа «Үкаша ата атты киелі орын Түркістан қаласынан 60 шақырым жерді, Серт ауылының солтүстік жағындағы Қаратау етегінде жатыр. Аңыз бойынша Үкаша ата Мұхаммед пайғамбардың сахабасы екен. Оны жау жеңе алмаған, ешбір пенденің оғы өтпейді, қылышы кеспейді екен. Жаулары айла жасап оның әйелін алдап сахабаның осал жерін біліп алыпты. Үкаша ата тек таң намазын оқыған кезде қорғансыз болады екен. Оны білген кәпірлер Үкаша ата таң намазын оқып отырған кезде келіп басын қылышпен шауыпты. Жансыз басты періштелер домалатып қырдың етегіне жеткізіпті. Сол жер қақ айырылып құдық болып Үкаша ата басы оған түсіп жер асты өзен арқылы Мұхаммед пайғамбарға жетіпті. Сахабаның қаны тамған жердің бетіне саздан ұзындығы 21 м белгі соғылған. Зияратқа барғандарға әулиенің шырақшылары Үкаша атаның басы домалап түскен құдықты, атаның түйесінің ізі қалған тасты көрсетеді. Зияратшылар осы құдыққа кезекпен шелек салып су алуға әрекет етеді. Су біреулерге беріледі, біреулерге қанша мәрте шелек салғанымен бір тамшы су ілінбейтіні бар. Мұны шелек тастап отырған адамның күнәсіне балап түсіндіреді» – дейді.

Сонымен жоғарыда келтірген деректерді талдай келіп мынадай қорытынды алуға болады. Үкаша сахаба біздің даламызға Ислам дінін алғаш алып келген тарихи тұлға. Ол пайғамбарымыздың сенімді серіктерінің қатарында болған. Шығу тегі жағынан Түркі тайпаларының бірінен шыққан. Қазақ шежіресінің бастауында тұратын Әнес сахабалармен бірқатарда тұрады. Ал Кеңестік дәуірде халықтың тарихи санасында Ғакаша сахаба есімі ұмытылып, Үкаша ата, Үкаша әулие есімімен сақталып отыр.

4 – Арыстанбаб кесенесі

Арыстан баб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35×12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жәнделді. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген.

Бұл кесене XII ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды. Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады. Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) елшісі болған. Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің шәкірттерімен құрма жеп отырған еді. Бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай беріп, пайғамбар ішкі дауысты естіді: «Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған». Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім сұранған жоқ. Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай деді: «Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы иесіне жеткіземін». Халық аңыздарынан және жазба деректеріне қарағанда («Рисолаи Сарем-Исфижоб» және Куприлозада кітабы) Арыстан баб Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы болып құрманы жеткізеді. Қазіргі кезде Арыстан баб мазары үстінде 30*13 метр аумағы бар кесене тұр. Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылды. Қожа Ахмет Ясауи ұлы әулие мен діни көріпкел 1103 жылы туылып 1166 жылы қайтыс болған.

Арыстан баб туралы аңыздар

Арыстан бабтың дүние салуы Қожа Ахмет Иасауи хикметінде былайша суреттеледі:

«Бабам айтты: Ей балам, қасымда тұр өлейін,

Жаназамды оқып көм, жан тәсілім қалайын.

Медет берсе Мұстафа, ғарыш биігіне шығайын.

Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.

Жылап айттым: ей бала, жас көдекпін білмеймін.

Көріңізді қазармын, көтеріп сала алмаспын.

Хақ Мұстафа сүндетін, балапанмын, білмеймін.

Бабам айтты: Ей балам, періштелер жиылады.

Жебірейіл имам болып, өзгелер оған ұйиды.

Макаил мен Исрафил көтеріп көрге қояды». Отырар өңірінде біз естіген аңыз байынша Арыстанбаб дүние салған соң, оның денесін ақ бураға артып, еркіне жіберіп, соңынан ілесіп отырған. Ақ бура жүре-жүре осы жерге шөккен екен. Сол шөккен жерге Арыстан баб қойылыпты. «Алпамыс жырының» бір үлгісінде Байбөрі мен Аналық «Самарқанда сансыз баб», Бұқарадағы «Баһауәдин Нақишбент» молаларына зират қылады, және

«Түнейді үш күн Байбөрі

Әзіретті сұлтанға.

Түркістанда түмен бап,

Сайрамда бар сансыз бап,

Отырарда отыз бап,

Бабалардың бабын сұрасаң,

Ең үлкені Арыстан баб.

Әулие қоймай қыдырып,

Бабалардың бәрін қылды сап» Әзірет Сұлтан қорық-музейінің сақтаулы тұрған Баян ауылдан бір зияратшылдың қолжазбасында мынадай қызық мағлұмат бар: Арыстан баб дүние салған соң, оның моласының басына екі құс – бірі лашын, бірі қарға ұшып келеді. Бұл әңгіме бізді ежелгі түркі шаманизміне жетелейді. Көне түркілер бұл аталған құстарды киелі деп санаған. Мысалы, ескі жылнамаларда жазылған аңыз бойынша көне түркілердің Ашина тайпасына жау шауып, жаппай қырып кетеді. Сонда жалғыз қалған бала ғана аман қалады. Баланы қасқыр емізіп, аспан әлемінің елшісі – қарға ет әкеліп асыраған. Осы баладан түркілердің ұрпағы деседі. Қазақтардың қарғаны киелі құс санағаны жөнінде деректер аз емес. Қарға сөзімен байланысты мынадай мақал-мәтелдер бар: «Біздің де қолымызға қарға тышар», «Қарға тамырлы қазақ», «Қарғам-ау» деген сөз қарағым, қалқам деген мағынада қолданылады. «Қарғам, қарғашым, қарғатайым» деп қарттар немере-шөберелерін еркелеткен. Қанша балаң бар деп жауап қайтарған.

Арыстан баб кесенесі – ғасырлар бойы түрлі өндеу-жөндеуді басынан кешірген құрылыс. Кейде Арыстан бабтың ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүргенін тілге тиек ете отырып, оның кесенесі Арыстан баб дүние салған соң іле-шала тұрғызылған деген жорамал айтылады. Алайда бізге жеткен қазіргі кесенеде ХІІ ғасырдың белгілері жоқ. Бұл арада біз ислам дінінің алғашқы кезде қабір үстіне төбесі жабық құрылыс тұрғызуға тыйым салғанын есте ұстағанымыз жөн. Осы тұрғыдан қарағанда, ХІІ ғасырда Арыстан баб ғимаратының болмауы да мүмкін. А.Черкасовтың жазбаларында Арыстан баб кесенесі әулие және шәкірттері жатқан екі бөлмеден, сондай-ақ алдындағы бастырмадан тұрғанын жоғарыда айтқан болатынбыз. Бұлардың жобасы ХІV ғасырдың құрылысына сай келеді. Осымен қатар бастырмадағы ұстындар да ХІV ғасырдың аяғы мен ХV ғасырдың басында жасалған деген тұжырымды мамандар айтқан болатын. Яғни қазіргі Арыстан баб құрылыс кешеніндегі қабірханалар бөлігі ең көнесі, әуелгісі болып табылады. Бұған қоса халық арасында кең тараған мынадай аңыз бар: «Қожа Ахмет кесенесінің қабырғалары қаланып болған түні алып жасыл өгіз көтерілген дуалдарды мүйізімен соғып, құлатады. Ғимарат қабырғалары қайта тұрғызылып, күмбездері қалана бастағанда бұл оқиға тағы да қайталанып, бәрі үйелген төбеге айналады. Бұл жайт Әмір Темірді көп ойландырады. Түсінде бір шал келіп, аян береді, ол Қожа Ахметтің ең алғашқы ұстазы, Арыстан баб моласының үстіне мазар көтеруге әмір ететінін жеткізеді. Бұл талап орындалған соң ғана Әмір Темір Түркістандағы құрылысын ойдағыдай аяқтайды». Арыстан баб қабірханасының едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Тігінен көтерілген қабырғалары бір биіктікте сәулет өнерінде «желкен» деп аталатын өріммен иіліп барым күмбезге ұласады. Күмбез ауқымы кең һәм биік етіп тұрғызылған. Қабірхананың есігі күнбатысқа, дәлірек айтсақ, Меккеге бағышталған. Бұл қасиетті қабірлерге тағзым етудің мұсылмандық ережелерінен туындайды: зиярат етушінің беті сағанаға, арқасы құбылаға қарауға тиіс болған. Оның ұзындығы 3 м. 90 см., ені 1 м. 30 см., биіктігі 1 м. 20 см. Қабаттас, көлемі 5,4м х 5,4 м. Бөлмеде үш қабір бар. Ол да биік күмбезбен жабылған. Алайда күмбездің іші алебастрмен сыланып, геометриялық үлгідегі өрнектермен нақышталған. Әулиеге кірер есіктің екі жағында екі қабір орналасқан. Шырақшылар бұларды Лашын баб пен Қарға баб дейді. Олар әулие қабірімен салыстырғанда аса шағын болып келген. Лашын баб қабірінің көлемі 1,63м х 0,92м., Қарға бабтікі 1,70 м х 0,90 м. Осы қабірханаларға оңтүстік-батыс жақтан бірнеше бөлмелер қосылған. Екі қанаттағы бөлмелерді біріктіріп, байланыстырып тұрған дәліз-бастырма бар. Ол әдеттегі бастырма-айвандардан өзгеше, тұтасымен қыштан өріліп, төбесі иіліп жабылған. Оның көлемі 7,60м х 4,35м. Қабірханалар дәліз қышпен қаланып күмбезделсе, мешіт бөлігі негізінен қам кесектен тұрғызылып, төбесін жабуда ағаш кең пайдаланылған. Мешіттің ортасында В.В.Константинова жасаған жоба бойынша алты ағаш тіреу болған. Олардың үстіне қары қойылып, ағаштан қырлы күмбез қиыстырылған. Мешіт қабырғасында Мекке бағытын көрсететін ойық-михраб бар.

Арыстан баб ескерткіші деп аталатын мазарлар басқа аймақтардың бірі – Қырғызстандағы Ош өңірінде. Бірақ қырғыздардың діни-нанымдарын зерттеген ғалым С.М.Абрамзонның пікірінше, жергілікті халық бұл жерде жерленген Арыстан бабты қалмақтарға қарсы соғысқан батыр деп таниды. Яғни Оштағы Арыстан баб XVII-XVII ғасырларда өмір сүрген адам болған. Арыстан баб қабірінің басына тұрғызылған ғимарат алғаш ғылыми әдебиетте 1898 ж.ж. И.Т.Пославскийдің «Развалины города Отрара» атты мақаласында аталады. 1903 жылы кесене түркістандық археология әуесқойлар үйірмесінің мүшесі А.Черкасовтың Отырар төбені көріп айтқаны жөніндегі есебінде аталып өтіледі. А.Черкасовты түкпір бөлмедегі Арыстан бабтың қабірі таң қалдырады: «Надгробие Арстан – Баба такой же формы, как и остальные, покрыто куском белого коленкора и поражает своими размерами. Такого роста, по словам шейха, достигал и сам святой…». А.Черкасовтың деректері кейінірек орыс-француз тілдерінде жарық көрген. И.А.Кастеньенің «Древности Киргизской степи и Оренбургского края» деген еңбегінде де қайталанады. Көп үзілістен кейін Арыстан баб кесенесі жөніндегі ғылыми сипаттама 1950 ж. В.В.Константинованың «Некоторые архитектурные памятники по среднему течению р.Сырдарьи» деген мақаласында жарияланды. 1987 жылы «Білім мен Еңбекте» М.Сембиннің кесене жайлы мақаласы жарияланды. М.Сембин Арыстан баб туралы мақаласында О.Дастановтың «Әулиелі жерлер туралы шындық» атты кітабындағы келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, Арыстан баб кесенесінің сәулетшісі ташкенттік Ескендір қажы болған деген болатын. «Ол өзінше бір қайта жырау, тыңнан толғау, немесе ақындық шабыт-шалым сынасып, жырмен жарысу есепті…»,- деген М.Әуезов сөздері Арыстан баб сәулетшісіне толығымен тән.

Арыстан баб – әулие. Есімі Отырар, Сайрам, Ясы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған. Оған зиярат етушілер бейсенбі сайын басына түнеп, ғибадат етеді. Сопылық ілімнің аса көрнекті өкілдерінің бірі С.Бақырғани: » Бабтардың бабы — Хорасанда, сансыз бабтар Үндістанда, Бабтар басы — баба Арыслан» деп жырлаған. Қазақ бақсылары да: «Түркістанда түмен баб, Сіздерден медет тілеймін, Сайрамдағы сансыз баб, Отырардағы отыз баб, Ең үлкені Арыстан баб, Сіздерден медет тілеймін» деп әулиелерден демеу сұраған. Әулие-әнбиелер иерархиясында Арыстан бабтың ең жоғары тұрғанын Алпамыс жырының бір нұсқасында Байбөріге перзентті болатындығы жайында хабар жеткізген Баба түкті Шашты Әзіздің:

«Жам әулие жиналдық,

бастығы болып Арыстан баб» деген сөзінен де аңғаруға болады.

«Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген сөз де Арыстан баб тұлғасының халық арасында үлкен орын алғандығын корсетеді. Арыстан бабтың Қожа Ахметтің ұстазы, пірі болғандығы жөнінде аңыз-әңгімелер де бар. Оның бірінде Ясауидің басына кесене орнатпақ болған Әмір Темірге «әуелі Ясауидің ұстазы болған Арыстан бабқа кесене тұрғызуың керек» деген аян берілген дейді. Екінші бір аңыз былай өрбиді: «Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) 63 жасында дүниеден өтіпті. Дүние саларында халықты жинап, «кім менің аманатымды алып, ісімді әрі жалғар екен» деген өтінішіне 300 жастағы Арыстан баб (Салман Фарс) үн қатады. Ол сол кезге дейін 30 түрлі дінді білген, бірақ тек исламға мойынсұнған адам екен. Арыстан бабтың келісімін алған Мұхаммед Алланың қалауымен аманатын Арыстан бабқа береді. Содан 500 жыл өткен соң далада келе жатқан Арыстан бабқа 11 жасар бала: «Ата, аманатымды беріңіз» дейді. Сол бала Қожа Ахмет екен». Бұл аңызды Бақырғани былай жырлаған: «Субхан ием өсірді, Мұстафа (пайғамбарым) бұйырды, Арыстан бабам жеткізді, Шайхым Ахмет Ясауи». Жоғарыда келтірілген діни аңыздың негізгі ойы — Қожа Ахмет Мұхаммедтің ісін жалғастырушы болса, Арыстан баб — оларды байланыстырушы дегенге саяды. Осы арада тағы бір атап өтетін нәрсе — Арыстан бабты аңыздың кейбір үлгілерінде Салман Фарс деп түсіндіру. «Хикметтер» мен Бақырғанидің еңбегінде құрманы әкелуші ретінде Салман Фарстың есімі мүлде аталмайды. Ал тарихта шындығында Салман Фарс есімді тұлға болған. Ол һижра жыл санауы бойынша 35/36 жыл шамасы. (казіргі жыл санау бойынша 655/657 жыл шамасы.) дүние салған, қабірі Ирактағы Мадаина қаласында. Оның кесенесі де мұсылман сүнниттердің зиярат ететін орны болып саналады. Әмір Темірдің «Аманат» деген тарихи шығармасында да Салман Фарстың кесенесі туралы айтылып, оны өз дәрежесінде ұстау үшін Маданын (Мадаина) қазынасынан қаражат (уакыф) бөлінгені жөнінде дерек кездеседі. Бұдан байқайтынымыз — Салман Фарс мұсылман әлемінде өз орны бар тарихи тұлға. Бірақ оның тегі — иран болған. Ал Арыстан бабтың тегі — араб («Арабтардың ұлығы кіршіксіз таза затыңыз», 90-хикмет). Яғни Арыстан баб пен Салман Фарс екі заманда өмір сүрген екі бөлек тарихи тұлға.

Молда Мұса Сайрамидің «Тарих-и аминийа» атты еңбегінде XVI ғасырда өмір сүрген Әбілғазы Үбайдолла хан куәландырған Арыстан бабты Әзірет Әліден тарататын шежіре бойынша: Әлі имам Мұхаммед Ханафийа—Абд әл-Фаттах Баб—Абд әл-Жаббар Баб—Абд әр-Рахман Баб—Абд әр-Рахим Баб—Абд ел-Жалил Баб—Абд әл-Кәрим Баб — Ысқақ Баб—Исмайил Баб— Омар Баб—Осман Баб—Ифти- хар Баб—Махмуд Баб—Илйас Баб—Арыстан баб. Э.Муминов мұны Арыстан бабтың ата тегі деп танымайды. Шығыстанушының пікірінше, бұл Отырардың бас әулиесіне Мұхаммедтің өсиеті, ілімі кімдер арқылы жеткенін көрсететін тізім (силсила). Арыстан баб есімі Қожа Ахметтің «Диуани хикметінде» жиі аталады. «Арыстан бабам айтты», «Арыстан бабам сөздері, естіңіз, тәбәррәк» деген жолдар жиі қайталанатын тоқсаныншы хикмет Арыстан баб өсиеттерінен тұрады десе де болады. Бұл хикметтерден байқайтынымыз, Арыстан баб адамдарды инсаниат жолына шақырып, алдына «иншалла, есіткеңдерді хақтан тілеп алармыз, Шайтан жолынан алып, хақ жолына салармын, медет берсе, Мұстафа күнәларын тілермін» деп мақсат қойған. Арыстан баб жайлы ең құнды мағлұматтар да осы хикметтерден кездеседі. Алайда үлгі-өнегесі елге аңыз болып тараған Арыстан бабтың тұрмысы, тіршілігі жайлы нақты деректер сақталмаған. Оның өмірі жайлы өз хикметтерінде Ясауи «жатқан жері кедір-бұдыр, көргені қорлық пен зорлық» деп қана сипаттап өткен. Арыстан баб жөнінде К.Г.Зелеман, В.Диваев, В.В.Бартольд, М.Е.Массон, А.А.Семенов, Д.Тирмингэм, И.Меликофф еңбектерінде кездеседі. Арыстан баб тек Отырар өңіріне ғана емес, түркі әлемінің исламдануына септігін тигізген ірі тұлға болған. Отырар ауданында қазір Арыстан баб атындағы мешіт, конақүй, т.б. мәдени мекемелер бар. Оның қабірі де сонда.

Арыстанбабтың сахаба болуы мүмкін бе?

Stan.kz дереккөздеріне сүйене, Арыстанбаб жайында халық ішіне тағы бір кең тараған аңыз – оның Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) сахабасы екендігі. Бұл туралы ясауитанушы ғалым Жақып Алтаев: «Халық арасында таралған бір аңызда Арыстанбаб Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы болумен қатар, Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымыздың аманатын тапсырушы деп есептеледі. Ол туралы аңызда былай делінеді: «Бірде Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарға Жебірейіл періште бір табақ құрма алып келеді. Бір құрма табақтан жерге түсіп кетеді. Жебірейіл періште ол құрманы алып пайғамбарға: «Мына құрманы өзіңізден 400 жыл кейін келетін, сіздің ісіңізді әрі қарай жалғастыратын үмметіңізге аманат етіп қалдырыңыз», – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларын жиып, бұл аманат құрманы кім жеткізе алады? – деп, олардан сұрайды. Сахабалардың ешқайсысы «мен жеткізер едім», – деп шыға қоймайды. Себебі ешқайсысы да өзінің 400 жыл өмір сүреріне сенімді емес еді және бір жағынан, сынап тұрған болар деп, күдіктеніп тұрғанда мұның Алла Тағаланың әмірімен болып тұрғанын жүрегімен сезген Арыстанбаб: «Егер өмірім жетсе, аманатыңызды мен жеткізер едім, бірақ ғұмырым өлшеулі әрі оны қайдан табамын», – дейді. Пайғамбар (с.а.у.) разы болып: «Өміріңізді Алла Тағала жеткізеді. Үмметімді Ислам діні тараған елдердің шығысынан іздеу керек. Ол баланың белгісі медреседен қайтқанда кітабын төбесіне қойып, артымен теріс қарап жүреді және ол аманатын сізден өзі келіп сұрайды», – деп жауап қайтарады.

Мұхаммед (с.а.у.) айтқандай, Қожа Ахмет жеті жасқа келгенде Арыстанбабты өзі танып: «Баба! Аманатымды беріңіз», – деп кездескен жерде бірден ұстай алады. Арыстанбаб 400 жыл бойы тісінің қуысына сақтаған құрманы балаға ұсынады. Қожа Ахмет кідірместен құрманы аузына салып жібереді. Сонда Арыстанбаб: «Балам, аманатыңды 400 жыл сақтағанда «дәм татыңыз» деп мезірет те қылмадың ғой», – дейді. Қожа Ахмет болса: «Сіз маған құрманың маңызын сорып, сүйегін берген жоқсыз ба?» – деген екен.

Содан зерек баланы сопы Арыстанбаб өзіне шәкірттікке алады.

Жеті жаста Арыстанбабқа қылдым сәлем,

Осы халде мың зікірін қылдым тәмем…

Құрма беріп, басымды сипап, назар қылды

Мектеп барып, қайнап толып, тасыдым, міне, – деп жазады бұл туралы кейін Ахмет Ясауи», – деп жазады.

Аңыз бұл сахабаның ұзақ өмір сүріп, кейіннен Арыстанбаб атанған Салман Фарси болғандығын айтады. Арыстанбаб туралы жазылған кітаптардың барлығында осы дерек келтіріледі. Алайда, Ислам тарихынан хабардар қауымның бәрі атақты сахаба Салман Фарсидің қиссасын жақсы біледі. Оның ақиқат дін іздеп, сонау парсы елінен Араб жазирасына жетіп, Пайғамбарды (с.а.у) табуы, кейін Ислам жолында қызмет етуі, Омар иб Хаттабтың халифалығы тұсында мұсылман әскерімен бірге Парсы елінің астанасы Мадаин қаласына дейін келіп, сонда өмірден өтуі мұсылмандар жадынан ұмытылмас тарих. Бүгінде қазіргі Ирак топырағында Салман Фарси қабірінің басында мавзолей әрі оның атында мешіт бар. Осының өзі Арыстанбаб жайында бізге жеткен «сахаба» деген сөздің жалғандығын көрсетсе керек. Тарихшы Мұхтар Қожа халықтың бұл тұлғаларды шатастыру себебін екеуінің де сопылық іліміне қосқан үлесімен байланыстырады. Әйтпесе, Салман Фарси мен Арыстанбабтың арасында төрт ғасыр жатқаны белгілі. Әрі егер осындай аманат қалатын болса, бізге жеткен Пайғамбар хадисінде бұған қатысты анық сөздер болар еді.

Арыстанбаб кім?

«Егер сахаба болмаса, Арыстанбаб кім? Оның тегі қандай?» деген заңды сұрақтың туары анық. Оны мифологиялық кейіпкер, жиынтық образ көретін жандар да жоқ емес. Алайда, оның өмірде болған адамдығын Ясауи жырлары мен артында қалған қабірі дәлелдесе керек. Бірақ мұнан шығатын тағы бір мәселе, Орта Азияда Арыстанбаб әулиенің мазары делінетін үш зират кездеседі. Оның бірі  – Сырдарияның аяғында, екіншісі – Отырар маңында, үшіншісі – Сырдарияның басында, Қырғызстанның Базарқорған ауданында. Үшеуінде де «Арыстанбаб осында жерленген» делінеді.

Бірнеше Арыстанбабтың пайда болуы заңды дүние. Адамдар қай кезде де өздері құрмет тұтатын жанның есімін балаларына қойып отырған. Орта Азияға Ислам дінін таратып, Ясауиға рухани ұстаз болған Арыстанбабтың есімі сол кездері жиі қойылуы осымен байланысты болса керек. В.А.Гордлевский өз еңбегінде: «Отырарда Қожа Ахметтің «рухани өлкесі», Арыстанбабтың қабірі жатыр», – деп жазған болатын. Яғни, сопылық ілімінің бастауында тұрған Арыстанбабтың біздің Түркістан өңірінде жатқаны анық. Ал Қырғызстандағы Арыстанбабты жергілікті халық бертінде өмір сүрген, қалмақтарға қарсы соғысқан батыр ретінде таниды екен.

Енді Арыстанбабтың тегіне келейік. 1879 жылы қажылыққа барған сапарында Меккеде Құнанбай би қазақтарға қатысты: «Тіріміздің билігі – төреде, өліміздің билігі – қожада», – деген екен. Расымен, атам заманнан қазақты Шыңғыстың төре тұқымы басқарса, дінінің иелігі қожада болды. Орта ғасырлардағы негізгі дін қайраткерлерінің барлығы да осы қожадан шықты. Сол секілді Арыстанбабтың да тегі Әзірет Әліден тарайтын шежіремен байланыстырылады. Молда Мұса Сайрамидің «Тарих-и аминийа» атты еңбегіндегі Әбілғазы хан куәландырған Арыстанбаб шежіресі бойынша Мұхаммед Ханафийа – Абд әл-Фаттах Баб – Абд әл-Жаббар Баб – Абд әр-Рахман баб – Абд әр-Рахим Баб – Абд әл-Жалил Баб – Абд әл-Карим Баб – Ысқақ Баб – Исмайил Баб – Омар Баб – Осман Баб – Ифтихар Баб – Махмуд Баб – Илйас Баб – Арыстан Баб делінген. Міне, біз бұл деректерден Арыстанбаб тегінің арабтарға, арғы аталарында тіпті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ата тегіне тірелетінін көреміз.

Ал «баб» ұғымын мен алғашында «Баба» деген қазқа сөзімен байланыстырған едім. Алайда, ол «баб» яғни, «есік, қақпа» дегенді білдіретін араб сөзінен алынған екен. Орта ғасырларда түркі елдерінде Ислам дінін таратушылардың есіміне осы «баб» тіркесі жалғанып отырған.

Арыстанбаб туралы аңыздар туралы, qazaly.kz дереккөздеріне сүйене сөз қозғайық.

Ақиректегі ақ жауын

Бала күнімізден үлкендердің «Ақиректе арыс­тан баб, Түркістанда Қожа Ахмет» деп басталатын ұлағатқа толы батасын құлағымызға сіңіріп өстік. Киелі Түркістандағы көк күмбезі күн нұрымен жарқыраған Қожа Ахмет атаның кесенесін теледидардан сан мәрте көргенде «Ақирек деген қай жерде?» деп ойға шоматынбыз. «Көрмеген жердің ой-шұңқыры көп» демекші, Ақирек бізге жүрген аяқ талар шалғайда тәрізді сезілетін. Аталмыш мекеннің біздің Қазалы ауданы орталығынан небары 30-40 шақырым қашықтықта екенін есейе келе білдік.

Ақиректің қазақ даласының қасиетті мекенінің бірі екендігіне талантты ақын, қарымды қаламгер Зейнолла Шүкіровтың «Сыр бойы» романын оқыған жанның көзі анық жетеді. Қыртыс-қыртыс даланың қатпар-қатпар тарихы осы Арыстан бабтың мазары қалған орынның о жақ, бұ жағында да жетерлік екен.

Қасиетті рамазан айының соңғы күндері жұмыс барысымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында баба басына зиярат етуге, киелі жердің қазыналы тарихымен танысуға мүмкіндік туындаған-ды.

«Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаевтың бастауымен бір топ журналистер жолға шықтық. Желден жүйрік көлік жер апшысын қуырып келеді. Шақырайған күн көзі табаға салып қуырған балықтай шыжғырып барады. Жол жиегіндегі төрт түлік те ыстықтан қорынғандай жусап жатыр. Шөкімдей бұлттан мүлде ада зеңгір аспан да мүлгіп тұрғандай әсер қалдырады. Алайда, күн ыстығы қолына қалам ұстаған қауымның тарих қатпарын білуге деген құштарлығына әсер етер емес.

Міне, апайтөс батырдың қақпақтай жауырынында жатқандай болып көрінетін Ақбай ауылының да төбесі көрінді. Ежелден төскейде малы қосылған Арал мен Қазалы аудандарының шекарасы, жол бойындағы Арыс­тан баб күмбезін талай көріп жүргенмен биік төбе басындағы мәңгілік мекеніне алғаш рет баруымыз еді. Ауыл ақсақалы сілтеген бағытпен өрге қарай беттедік. Көп ұзамай алыстан төбе үстінде ағараңдаған үйлердің де нобайы көзге шалынды.

Осы сәтте оқыс оқиға орын алды. Сүрлеу ізбен дөңге бұрылғанымызда жаңа ғана аптабы бет қаратпай тұрған күннің жүзін бозамық бұлттар көлегейлеп, айнала қас-қағымда қоңырсалқын кейіпке енді. Баба басына барып аят оқып, құдай жолына құрбандық шалған сәтте табиғат-ана тағы бір таң қалдырайын дегендей аспаннан ақ жауын жауып, топырақтан көтерілген саф иіс танауды қытықтады. Біз бұл құбылысты «ниетіміз дұрыс, пейіліміз ақ екен» деп, жақсылыққа жорыдық.

Жол бойы мазалаған күннің ыстығы ізім-ғайым жоғалды. Сол түнгі қоңырсалқын леп, самал ауа таңға дейін ұласты. Біз әулие бабаның мәңгілік мекеніндегі бұл құбылысты керемет тылсымға баладық.

Тастағы тарақ

Қашанда ізденіп жүретін журналистік дағдымен «Алланың соңғы елшісі Мұхаммед пайғамбардың ең жақын сахабаларының бірі бұл маңға қалай жерленген? «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген сөз қайдан шықты?» деген және басқа да сауалдарға өзімізше жауап іздеп көргенбіз.

Қазақ даласында жатқан қай әулиенің болмасын басына бара қалсаңыз сол жердің түнеуханасы мен шырақшысына кезігесіз. Ақирекке келген осы сапарымызда баба бейітінің біршама уақыттан бері шырақшысы Жайық ағамен жүздестік. Өзінің айтуынша, Жәкең жауапты міндетті атқаруға кездейсоқ келіпті.

– Бұл маңда Арыстан бабпен қатар, Бала әулие, Қыз әулие, тағы басқа да кісілердің бейіті бар. Қыз әулиенің басына ұрпақ сүйгісі келетін жандар көптеп келеді. Түнеуханасының алдындағы таста кішкентай сәбидің табанының ізі сақталған. Сонымен қатар бұл жердегі көптеген тастарда түрлі бейнелер бедерленген. Балыққа, адамның бас сүйегіне, жан-жануарлардың бейнесіне келеді. Ақирек осынысымен де құпиялы мекен.

Ата-анамның көпке дейін перзенттері шетінеп кете беріпті. Қатты торыққан анам 10 баласы тұрақтамаған соң осы баба басына түнепті. Түсінде аян көріп, өмірге мен келіппін. «Жайық» деп атымды да баба аянмен қойыпты. Сонау 1962 жылы шешеме еріп осында келгенім бар. Ол кезде айналаның барлығы сулы жер болса, баба бейіті тізеден келетін осы жердің ақ тасымен қоршалып, беті сексеуілмен жабылған. Ал кейін Ақтөбенің Темір ауданынан бір молда келіп, осы мазары салған. Бұл жерде Кішкененің Құрманайынан, Айдарбектің Алтынбайынан тараған шырақшылар болды. 1997 жылы ауыл ақсақалдарының қолқасымен осында келдім. Аманатты атқару үшін Қызылордадағы «Айтбай» мешітінен арнайы діни дәріс алып қайттым, – дейді Жайық ақсақал.

Қорым ішін аралап жүргенімізде шырақшының нұсқауымен Арыстан бабтың құдығы жанынан өзгеше пішінді тасты байқадық. Жаңа туған баланың бойындай тастың ішінде 33 тісі бар тараққа ұқсас дүние орналасқан екен. Бір қызығы, әлгі тасқа бүгінгі қытайдың арзан тарағын қашап салу мүмкін емес екеніне көз жетті.

Жеті жерге шөккен түйе

Ертеден ертегіге құмар елміз. Кез келген қисса-дастанды әрлеп ел ішінде таратуға да машықпыз. «Аңыздың – түбі шындық» деген бар. Естігендеріміздің түп-төркінінде белгілі бір ақиқатты құрайтын әңгіме жататыны рас. Солардың бірі – Арыстан бабтың осы жерден жай табуы. Жұрт аузында Арыстан бабтың жеті жайы туралы әңгіме жүр. Соған тоқтала кетсек.

Арыстан баб өмірден өткенде әлемнің түкпір-түкпірінен адам келіп, оның мәйітін өз еліне алып кетпекші болып, талас туындайды. Ақыры ел бір мәмілеге келе алмайды. Сонан соң, Алланың құдіретімен мәйіт жеті мүрдеге айналады. Ел ішіндегі ақсақалдар «мүрдені жеті түйеге артып, басын бос қойып, қай жерге шөксе, сол жерге жерлеңдер» деп пәтуа шығарады. Сол жеті жайдың екеуі қазіргі Қазақстан жерінде екен. Бірі – барлығы білетін Түркістан облысындағы Шәуілдірде болса, екіншісі осы – Аралдың Ақирегіндегі бейіт. Мұнымен қатар Қырғызстанның Жалалабад қаласында, Иранда екі жайы бар. Мекке-Мәдинада бір мазары болса, Израильдің Тель-Авив қаласынан елу шақырым жерде бабаның осындай қасиетті орны кездеседі.

Құрма хикаясы

Баба жайлы ел арасында кең тараған әңгіменің бірі – оның Алланың соңғы елшісінің аманат құрмасын сан ғасыр жүріп, түркі әлемінен шыққан ұлы ойшыл Қожа Ахмет Яссауиге жеткізуі. Бұл жайтты да осы ретте оқырмандармен бөліссек.

Бірде Мұхаммед пайғамбар серіктерімен жолаушылап келе жатып, азықтары таусылып, қарындары ашады. Жебірейіл періште оларға пейіштен інжу, меруерт, дүрлермен өрнектелген алтын табаққа салынған құрма жемісін әкеліпті. Пайғамбар «Бісcіміллә» деп, табаққа қол салып, құрмадан дәм татыпты. Серіктері де жапырлай қозғалып, құрма жеуге кіріседі. Табақтағы құрма азайғанда, ортадағы бір құрма ерекше көрінеді. Әлгінің кереметі, ол құрма қолға түспей дөңгелей береді. Сахабалар бұған таң-тамаша болады. Бұл құрманы ешқайсысы жей алмапты. Сол кезде пайғамбарымыз құрманы қолына алып қарайды да, «Бұл не ғажап?», «Бұл не деген керемет?» деп ойланады. Сол кезде Жебірейіл періште де жетіп:

– Уа, Алланың елшісі! Бұл құрмада үлкен бір құпия бар. Ол сізге де, серіктеріңізге де бұйырмайды. Сізге Тәңірім сәлем жолдады. Төрт жүз жыл заман өткен соң сіздің бір үмбетіңіз дүниеге келеді. Оның есімі Ахмет болады. Ол үмбетіңіз сіздің рухани жолыңызды жалғастырады. Бұл құрма сол баланың несібесі, – дейді. Серіктері мына әңгімені естігенде, таң қалады. Сол кезде Мұхаммед пайғамбар:

– Иә, Жебірейіл, ол заманға дейін бұл құрма қалай жетеді? – деп сұрайды. Жебірейіл періште:

– Бұл құрманы Ахмет атты балаға жеткіз деп бір серігіңізге тапсырыңыз, – дейді. Сонда Пайғамбар:

– Уа, бауырлар! Мына аманат құрманы менің 400 жылдан кейін дүниеге келетін ардақты үмбетіме кім табыстайды? Кім тәуекелге бел байлайды? – депті.

Отырғандардан ешкім үндемейді.

– Бұл құрманы жеткізген адам екі дүниеде бақытты болады. Ол бақыт кімге бұйырғалы тұр екен? – деп қайталап сұрайды.

Серіктері «төрт жүз жылға дейін өміріміз жетпей қалады-ау» деп күмәнданып тұрғанда, пайғамбар сөзін қайта жалғап:

– Егер кімде кім бұл аманатты менің үмбетіме жеткізер болса ол адам пейіште Алла жамалын көреді, – депті. Сол кезде ортаға жақын серіктерінің бірі Арыстан сахаба шығады да пайғамбарға қарап:

– Иә, Алланың елшісі. Аманат-құрманы жеткізуді маған тапсырыңыз. Құдай қолдаса, аманатыңызды жеткізермін, – депті.

– Бәрекелді!

– Бәрекелді!

– Жарайсың Арыстаным менің!

– Дегеніңе жет!

– Алла жар болсын!

– Алла жар болсын! – деп отырған барлық сахаба қуанысып қалады. Сонда Мұхаммед пайғамбар:

– Уа, менің құрметті серігім. Тәуекелге бел байла­ғаныңа ризамын. Алла жолыңды оңғарсын, мақсатыңа жет! – деп батасын беріпті. Мұнан соң Арыс­тан баб:

– Уа, Алланың елшісі, менің сізге айтар датым бар! – депті.

– Датың болса айт!

– Бұл құрманы жеткізу үшін маған ұзақ ғұмыр керек. Тәңірден менің өмір жасымды ұзартуын сұрап, дұға қылсаңыз, – дейді. Пайғамбар:

– Иә, Алла, Арыстан сахабаның ғұмыр-жасын ұзақ қыл! Оны рақымың мен игілігіңе бөлей көр! – деп дұға жасапты. Сол кезде Жебірейіл періште:

– Уа, Алланың елшісі! Сүйінші! Сүйінші! Алла сенің бұл тілегіңді қабыл етті. Арыстан бабтың өмірін ұзартты, – деген екен.

Мұхаммед пайғамбар мұны естіп, қуанып қалады. Ол құрманы беріп тұрып:

– Аузыңды аш, Арыстан баб! Мына құрманы тіліңнің астында сақтағайсың. Таңсәріден тұрып, менің Ахмет атты үмбетімді іздеп сапар шегесің. Арып-ашып, жердің жүзін шарлайсың. Бармаған жерің, баспаған тауың қалмайды. Ақыры бір мекенге келіп жетерсің. Түркілер мекендеген Сайрам шаһарына кез боларсың. Осы шаһарда үлкен бір медресе бар. Аманаттың иесі – осы медресенің шәкірті. Оның медресеге кірген ізі болса да, шыққан ізі болмайды. Аманатты өзі келіп, сенен сұрап алады. Оған Құдай сондай артықша қасиет берген, – депті. Арыстан баб:

– Иә, Расул! Бұл аманатты аман-есен барып тапсырып, міндетіңізден құтылармын, – дейді.

Арыстан баб ұзақ жыл сапар шегіп, Сайрам шаһарына ақыры жетіп жығылады. Қашық жолдан қажыған ол дем алмақ болып, ілім ордасының маңында ағып жатқан Сайрам суының жағасында сәл аялдайды. Сол кезде мед­реседен жас бала шығып, бұған қарай аяңдапты. Әлгі бала Арыстан бабқа жете бере сәлемдеседі.

– Ассалаумағалейкум, Арыстан баб! Жоғың болса, кешікпей тап! – дейді тақылдап. Арыстан баб та іздеген адамының осы екенін білу үшін:

– Балам, есімің кім? – деп сұрайды.

– Атымды қайтесіз, аманатымды беріңіз, ата?

– Балам, атың Ахмет екен. Ішің тола хикмет екен. Аманатыңды ал, аузыңды аш! – дегенде, төрт жүз жыл бойы сақтаған құрма ұшып барып, шәкірттің аузына кіреді. Бала Ахмет құрманы жұтып жібереді. Сонда Арыс­тан баб:

– Аманатыңды осынша жыл сақтағанда, еңбегімді елемегенің қалай? Маған сүйегі ғана қалыпты, – дейді.

– Ата, онда жұрт, алдымен сізге түнесін, бізден тілесін, – депті.

Құл Қожа Ахмет Ясауиге «аманат құрманы» жеткізген Арыстан баб осылайша халық арасында оның ұстазы ретінде айтылады. Ел ішінде «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген сөз содан қалыпты-мыс.

Арада бірнеше ғасыр өткен соң, Әмір Темір Қожа Ахмет Ясауидің басына күмбезді кесене салмақ болады. Түркістанға келгеннен кейін бұл істі қолға алады. Бірақ кешке дейін қалаған дуал таңертең барса, бұзылып жатады. Оны құлатқан кім екенін білу үшін Әмір Темірдің өзі түнде келіп қарауыл болады. Түннің бір ортасында үлкен өгіз келіп, дуалды сүзіп қиратады. Осы оқиғадан кейін Әмір Темір көпке дейін ойланып қалады. Бір күні түсінде Қожа Ахмет бабамыз аян беріп, былай дейді:

– Ол көк өгіз Арыстан бабтың аруағы. Сен, алдымен, соның басына кесене тұрғыз, – дейді.

– Мен оны қалай табамын? – дегенде,

– Мен өзім жол көрсетемін, – деп жауап береді. Сонымен ол ерте тұрып, Отырарға бет алады. Арыстан баб жатқан жерді тауып, зәулім кесене салады. Осы кезден бері қалыптасқан зиярат тәртібі бойынша адамдар, алдымен Арыстан баб кесенесінде түнейтін болған. Ертесіне Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, Құдайдан тілектерін тілейді екен.

5 – Сауран қалашығы

Көне тарихтың теңдессіз ескерткіші, ортағасырларда гүлденген шаһар болған Сауран қалашығы Түркістан облысы аумағында орналасқан. Жүзжылдықтар бұрын ортағасырлық саясаттың «жүрегі», маңызды  әкімшілік орталық болған қоныс атауы Х ғасырдан бергі кезеңдермен белгіленетін тарихи жазбаларда кездеседі. Көне деректер де Сауранның өркендеп дамыған шаһар, ғаламат қамал болғандығын растайды. Кезінде қаланың абаттандырылуы мен қорғанысына көп күш жұмсалған, қолөнер ісі қарқынды жүргізілген. Көне шаһарда жалпы ұзындығы 110 шақырымға жететін жерасты су құбырлары жүйесі салынғандығы да таңқалдырарлық дерек!

Қазіргі таңда ҚР Үкіметінің тапсырысымен Сауран қалашығының аумағында қазба жұмыстары жүргізіліп, тарихи мұраны қалпына келтіру жобалары іске асырылуда. Сауран – ортағасырлық әлемге жол салар тылсым мекен, қираған қамалдан қалған үйінділердің арасынан сол дәуірдің тынысын сезінуге болатын бірегей орын!

Сауран – ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. Түркістанның солтүстік-батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан орта ғасырдағы қалалардың бірі.

Биіктігі 6 м қабырғамен қоршалған қалашықтың өлшемі солт-шығыстан оңт-батысқа қарай 800 м. солт.-батыстын оңт-шығысқа қарай 500 м мәдени қабатының биіктігі 2 м. Сауран туралы алғашқы деректер 10-ғасырдағы еңбектерде кездеседі. Ол кезде Сауран Сырдария алабындағы маңызды стратегиялық және сауда орталығы ретінде белгілі болған. Араб тарихшысы Мақдисидің шығармасында «Сауран жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар» деп жазған. Шыңғыс хан шапқыншылығына байланысты оқиғаларда Сауран туралы деректер кездеспейді. 13-ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. 14-ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Үлкен мешіті болып, ислам дінінің Қазақстанға тарауына ықпал еткен. 16-ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала болған. Оның ірі-ірі құрылыстарының ішінен замандастары «шайқалмалы минаретті» және қала мен оның айналасын сумен қамтамасыз еткен кәріздерді – жердің астынан салынған каналды ерекше атаған. Сауран 17-ғасырдың аяғы мен 18-ғасырдың басында әлсіреп, 19-ғасырдың басында біржолата күйреген. Қазіргі кезде Сауран қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар, ауданы 550 – 800 м дөңгелек алаң. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады. Қаланы қоршаған дуалдың сырт жағында көптеген каналдардың іздері сақталған. Жүргізілген зерттеу жұмыстары қаланың 7 – 18 ғасырларға жататынын дәлелдейді.

Ортағасырлар кезінде Сырдария өзенінің ортаңғы ағысындағы аймақты Түркістан өлкесі деп атаған. Сол өлкенің аса гүлденген қалаларының бірі Сауран еді. Ертеректегі деректерде Сауранның жеті қатар қорғаныс қабырғасы бар деп айтады. Дешті-Қыпшақ даласы мен егіншілікпен айналысқан өлкенің қақ ортасында орналасқан шаһар дала халқы мен қала тұрғындарын байланыстырған, сауда-саттық орталығы болған. Арабтың географы әл-Магдиси: «Сауран (Савран) – үлкен шаһар, ол бірінен соң бірі салынған жеті қабырғамен қоршалған. Рабаты бар, мешіті ішкі шаһарда орналасқан. Ол оғыздар мен қыпшақтардан қорғауға арналған шекаралық шаһар» деп жазған. Ұзақ уақыт аралығында шаһар Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда мен қолөнерінің ірі орталығы болып, мәдени дамудың бесігіне айналды.

Шыңғысханның шапқыншылығы жайлы жазылған деректерде Сауранның аты аталмайды. Бірақ ХІІІ ғасырда Сырдария арқылы өткен армян патшасы Гетум қаланы Савран деп, Сығанақ (Сгнах), Қарашық (Харачук), Иасы (Асон) қалаларымен бірге атап жазған. Ғалымдардың пайымдауынша, моңғол шапқыншылығынан кейін қала орнын ауыстырып, басқа жерден салынған. ХІІІ ғасырға дейінгі Сауранның орны қазіргі Қаратөбе қала жұрты. Онда жүргізілген зерттеу жұмыстары қалашық бірнеше қорғаныс қабырғасымен қоршалғанын анықтаған. Қазба материалдары қаланың тіршілігі моңғол шапқыншылығынан кейін тоқтағанын көрсетеді. Оның есесіне жаңа қаланың орны Қаратөбеден солтүстікке қарай үш шақырым жердегі кең жазықтан бой көтерген. Сауран қаласы ХІV ғасырда Ақ Орданың құрамына кіріп, бір кездері оның астанасы да болған. 1320 жылы қайтыс болған Ақ Орданың билеушісі Сасы Бұқа осы қалада жерленді. Оның ұлы Ерзен Сауран, Отырар, Жент және Баршынкент қалаларында медресе, мешіт, ханака секілді қайырымдылық мекемелерін салдырды. Шаһар саяси және экономикалық орталық ретінде өзінің маңызын кейінгі жүзжылдықта да жоғалтқан жоқ. Сауран үшін өзбектер мен Қазақ хандары арасында қаншама қанды шайқастар өткен. Қазақ хандығының құрамына шаһар толығымен ХVІ ғасырдың соңында өтіп, оның басты қалаларының біріне айналды. Дегенмен Сауран бұған дейін де белгілі бір уақыт аралығында қазақтардың билеуіне өтіп тұрды. Мысалы, қазақтың алғашқы хандарының бірі, Жәнібектің ұлы Жиренше хан ХV ғасырдың 80 жылдарында шаһарда бірнеше жыл билік құрған. Деректерде Сығанақ пен Сауранның маңында тонаушылықпен айналысып жүрген Мұхаммед Шайбанидің әскери тобын Сауранның билеушісі Жиренше ханның жасақтары талқандағаны жайлы айтылады. Ашық даладағы жазық жерге салынған осы шаһардың тамаша табиғаты мен жаныңды жадыратар тұнық ауасы, оны айнала қоршай салынған алып қорғаныс қабырғалары жайлы көптеген жылнамашылар жазған. Сол кездегі жаугершілік жағдайға лайықтап тұрғызылған қалың қорғаныс дуалдары осы күнге дейін жақсы сақталған. Шаһар Қазақ хандығының құрамына толықтай өткеннен кейін ерекше көркейіп, ірі рухани орталыққа айналады. Сол кезде қаншама мешіт, медреселер салынған. Сондай керемет құрылыстардың бірі қос мұнаралы медресе мен жұма мешіті жайлы ХVІ ғасырда бір жылға жуық Сауранда тұрған ақын-жазушы Уәсифи қызыға жазған. Шаһарды сумен қамтамасыз ету әлемде сирек кездесетін суландыру тәсілі «кәріздер» арқылы жүргізілген. Уәсифидің айтуынша осы суландыру жүйесін шаһарға мұсылман әулиелерінің бірі Мір Араб сыйға тартқан. Басын шаһардан 7 шақырым жерден алатын осы кәрізді каналды салуға 200 үнді құлдары пайдаланылған. Сол әулиенің есімі осы күнгі Саураннан солтүстікке қарай 6-7 шақырым жердегі Міртөбе бекінісінің қираған орнында қалған. Әлгі кәріздердің басы да сол маңнан басталады.

Шамамен ХІV ғасырда салынған екінші Сауранның орны Түркістан қаласынан Қызылордаға қарай өтетін теміржолдың бойымен 45 шақырым жерде сақталған. Археологиялық зерттеулер кезінде Уәсифи жазған медресе мен кәріз құбырларының орындары табылды. Сондай-ақ шаһарда болған жұма және айт мешіттерінің қалдықтары қазылып, олардың сақталған бөліктері қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазба кезінде шаһардың бас қақпасы мен оның сыртынан қазылған орға салынған аспалы көпірдің тұғырлары табылды. Қорғаныс қабырғасын қоршай қазылған терең ордың ішіне кезінде су жіберілген. Арнайы салынған қазба 48 қатар қаланған кірпішпен нығайтылған терең ордың тереңдігі үш метрден астам екендігін көрсетті. Қаланы қоршаған жаудың талай жауынгерлері осы ормен қабырғаны ала алмай жер құшқан. Қазба жұмыстары кезінде қабырғаға қадалған және ордың ішіне құлаған жебенің темір ұштары көп табылады. Қабырға бұзғыш қондырғылардың домалақ тас оқтары мен орға құлап өлген жау әскерінің қурап қалған қаңқалары да кездесіп жатады. Қазіргі кезде шаһардың орнындағы көне ғимараттарды қалпына келтіріп, туристер көретін музей жасау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

6 – Ақбура әулие кесенесі

Қазығұрт ауданы, Атбұлақ ауылынан 6 шақырым шығыста орналасқан. ruh.kz дереккөздеріне сүйене, Кесене жобада бір күмбезді, төртбұрышты пішінде, қабырғалары түрлі оюлармен өрнектеліп, күйген кірпішпен өрілген. Күмбезі аспан түстес сырмен боялған. Кесененің ұзындығы – 9,8 метр. Ені – 9 метр. Биіктігі – 6 метр. Күмбезі – 3 метр. Түрлі ауруға ем болатын бұлақ және кесене адамдардың зиярат ету орнына айналған.

Аңыздарға сүйенсек, Ақбура түркі жұртының пірі болған Қожа Ахмет Яссауидің замандасы әрі шәкірті болған екен. Ақ бураға мініп, зікір салып жүрген деседі. Сондықтан да Ақбура әулие аталыпты. Ілгеріде Түркістандағы Әзірет Сұлтан Қожа Ахметтің тұсында бір шайық су маңайында отырыпты. Сол шайық түйенің жүйрігі желмаядай есіп, гуілдей жөнелгенде, қуған ұшқан құс ілесе алмайды екен. У-гулеп зікір салғанда, ол әулиенің аузы үнемі көпіріп жүретін көрінетін. Өзі аппақ киініп, түйенің бурасына ұқсап «ауф, ауф, ауу, ауу» деп күркіреп, екі езуінен шыққан көбігі иықтарынан жаурындарына қарай төгіле ағып, лезде Йассыға жеткенде, Қожа Ахметтің өзі алдынан шығып: «бурам келдің бе, бурам?» – деп қарсы алады екен.

– Ақбура әулиенің  шын аты – Ақберді екен. Сол уақытта бұлақ басында намаз оқитын үлкен жай болыпты. Азанғы памдат намазының екі бас сүннетін оқып болған соң, Ақберді үнемі орнында жоқ болып шығады екен. Бұл шайқы парызға тәкбірді айтпай тұрып, Иасыға жетеді. Сол арада памдаттың қалған екі бас парызын, құранды оқып, бата қылады да, ол жерде де жоқ боп кетеді. Сөйтіп, бұлақ басына оралып келіп, салауатты айтатын көрінеді.

Көне түрікше (шағатайша) жазылған қолжазбалардың бірінде Ақбура Ата әулие памдат намазының екі бас сүннетін Қазығұрт әулиеде, екі бас парызын Қағбада оқығанын баяндайды.

1.Мұхаммедәлінің (Ақбура) дүниеге келуі

Uaqyt.kz дереккөздеріне сүйене, Ақбура әулиенің ата-анасы қасиетті Қазығұрт тауының оңтүстік-батыс бөктерінде жасапты. Әкесінің есімі – Имамәлі, шешесінің аты – Нұржамила болыпты.

Ақбураға ата-анасының азан шақырып қойған шын әсілі аты – Мұхаммедәлі екен. Оның дүниеге келгені мен әулиелік мақамға жеткені және Ақбура деген қосалқы атқа, яғни лақапқа ие болғанының өзі кереметке барабар, ғажайыпқа толы аңыз әңгіме.

Анасы Нұржамила оған жүкті болып, ай-күні жақындаған кезінде, әкесі Имамәлінің түсіне бір аппақ сақалды шал кіріп:

– Сенің жарық дүние есігін ашқалы отырған перзентің үлкен керемет қасиетке ие болады. Азан шақырып, оның атын Мұхаммедәлі деп қойғын. Тек іштен көзі соқыр болып туылады. Оған сабырлы болғын. Есі кіре бастағанда намазды үйреткін. Құраннан хабардар еткін. Жүрегіне иманның нұрын қондырғын. Балаңның иманы толық болған кезінде, көзі ашылады. Оның жасы үш мүшелге толғанда, басына бақ қонады. Қырық жасында дұға тілегі қабыл болып, жолы ашылады, – депті.

Аллаһтың түсінде берген бұл аянын Имамәлі Нұржамилаға айтады. Алайда әйелі:

– Сонда мен соқыр бала көтеріп келдім бе?! Жаратушы ием Құдай тағала бізді осылай етіп жазалайтындай нендей күнә жасаған едік?! – деп сабырсыздық танытып, ерінің айтқан әңгімесін шорт кесіп үзіп, соңына дейін тыңдамапты.

Имамәлі:

– Ондай күпір сөз сөйлеме, – депті де, оны әрі қарай мазалауды жөн көрмепті.

Ай-күні уақыты жетіп, ұл бала жарық дүниеге келіпті. Әкесінің түсінде аян бергендей, расында да перзенті іштен соқыр болып туылыпты. Оны көргенде шешесі:

– Ойбай, мен шынымен де соқыр бала тудым ба?! – деп тағы да сабырсыздық көрсетіп, іштей нала болыпты.

Имамәлі тағы да:

– Сабырсыздық танытпа, өзіңді бас, ұстамды бол, – деп оны сабырлы болуға шақырыпты. Әке жүрегі қуанып, баланы қолына алып, оның арқасынан бір алақандай мөрге ұқсас қалың қалды байқап, түсінде берілген аянға шүбәсіз сеніпті. Азан шақырып, баланың атын Мұхаммедәлі (бір нұсқада Ақберді дейді) деп қойыпты.

  1. Мұхаммедәліге (Ақбура) бақ қонуы және әулиелік мақамға жетуі

Әкесі Имамәлі баласы Мұхаммедәліге (Ақбура) бес жастан бастап намазды үйреткен. Құраннан хабардар еткен. Аллаһқа және оның періштелеріне сенімін оятқан. Діл жүрегіне иманның нұрын ұялатып қондырған.

Мұхаммедәлі он екі жасқа келгенде намаз оқи бастаған. Аллаһқа жан-жүрегімен беріліп, мінәжат еткен. Содан төрт жыл өтіп, он алты жасқа шыққан уақытында көздеріне сәуе кіріп ашылған.

Үш мүшелге толғанда, яғни отыз жеті жасқа келгенде, оған бақ қонған. Сөйтіп, ілім-білімін одан әрі кеңейтіп, жетілдіру үшін ұлық пір іздеген. Төрт тарапты кезіп келіп, соңында Йасыға келіп тұрақтаған. Қожа Ахмет Йасауиді өзіне ұстаз тұтып, оның тәлімін алған.

Қырық жасында сол дәуірдегі ілім-білімді толық игеріп, әулиелік мақамға жеткен. Жолы ашылып, бойына емшілік қасиет қонып, Аллаһтан сұраған дұға тілегі қабыл болған.

  1. Мұхаммедәлінің емшілік қасиеті және оның Ақбура атануы

Мұхаммедәлінің ата-анасы Имамәлі мен Нұржамиланың отбасынан дәулет арылмапты. Олар төрт түлік малға сай болыпты. Әсіресе оның ішіндегі ұлығы түйені өте көбейтіп өсірген екен.

Бірде Мұхаммедәлінің түсіне ақ сақалды шал кіріп, аян беріпті. Ол: – Түйенің арасында бір аруана аппақ еркек бота туады. Соны өз мүбәрак құтты қолыңмен жетелеп өсіргін. Кейін оған керемет қасиет қонады, киелі ақ бура болады. Сол кезде оған өзің мініп жүретін боласың, – депті.

Көп ұзамай расында да түйенің ішінде бір аруана аппақ еркек бота туады. Оған Мұхаммедәлінің ерекше ықыласы түсіп, ботаны өз қолымен жетелеп жүріп, күтімі мен бабын келтіріп өсіреді. Ол сондай сүйкімді, киелі, қасиет қонған ақ бура болады. Кейін Мұхаммедәлі үнемі сол ақ бурасына мініп жүретін болыпты.

Оның керемет емшілік қасиеті болыпты. Мұхаммедәлі түрлі шөптерден дәрілік шәрбаттар дайындапты. Сырқаттарға сол шәрбаттарды қолданып қана қоймай, сонымен бірге тамағы баспа болған, мұрнына жел түскен, елермелеп қалған және басқа да науқасқа шалдыққан адамдар мен балалар дертіне шипа сұрап алдына келгенде, оларға дем салып оқып, «сүф» дегеннен-ақ дертінен лезде айығып кете беріпті.

Әулиенің аппақ бурасы да сондай қасиетті болыпты. Өзі бурасының үстінде кетіп бара жатып, түйесінің қылшық жүнін сипалап-сипалап жіберіп, түгінен бір талын жұлып беріп, бар болғаны «осы түкті түтетіп жіберсең жетеді» дейді екен. Одан да көп адам шипа тауып, шапағатын көріпті.

Мұхаммедәлінің емшілік қасиеті мен киелі ақ бурасының даңқы төрт тарапқа жайылыпты. Содан алып денелі, аузы дуалы, табиғатынан таза, тақуалық жолда жүрген, сондай киелі, қасиетті, әулие кісі Ақбура атанып кетіпті.

  1. Ақбураның бір керемет қасиеті

Ақбураның тентекшілдеу бір әдеті болыпты. Ол киелі, қасиетті ақ бурасына мініп, төрт түлік малын жайып жүріп, алдынан су кездессе:

– Айрыл! – деп бұйыра сөйлеп, қолындағы қамшысымен сілтеп ұратын көрінеді. Сонда оның керемет қасиеті сол, су айрылып, алдынан жол ашып береді екен.

Ақбура әулиенің бойындағы бұл тентекшілдеу әдет – анасы Нұржамиланың әлгі сабырсыздық (баласының көздері соқыр болып дүниеге келетінін алғаш естігенде ұстамдылық танытпаған) көрсетіп, нала болғанынан, одан қала берді ақ сүтінен дарып еніпті.

  1. Ақбураның демінің кереметі

Ақбура Ата әулиенің алдына нешеме адам келіп, демінің керемет қасиетін көріп, аурудан құлан-таза айығып, разылығын білдіріп жататын көрінеді. Бірде сонау Сырдың бойынан бір кісі әулиенің атақ даңқын есітіп, қасиетті Қазығұрт тауына келіп, баласының ауруы жайында айтыпты. Оның баласының денесі қолға ұстаса іріп кететіндей сондай жұмсақ екен. Өзі шалажан болып туылғандай аяғынан тұра алмай, төрт қабырғаға қамалып, үнемі бір орында қозғалмай жатыпты. Ақбура баланың сыртынан бір дем салып оқыпты да, әкесіне:

– Бара бергін, балаң бір төбе бері өзіңді күтіп тұрады, – депті. Әлгі кісі іштей: «Өзі шалажан, жүре алмайтын болса, қалай мені күтіп тұрады?» деп күмән келтіріпті. Сөйтіп, ол Ақбура айтқан жылы сөзге сенбепті.

Отбасында баланың күтіміне анасы қарайды екен. Ол түс мезгілінен соң баланың жұмсақ денесі жинақталып, бірте-бірте қатая бастағанын байқапты. Сөйтіп, бала аяқ астынан өзі жүріп кетіпті. Оған анасы мәз-мәйрам болыпты. Бала дереу анасынан:

– Әкем қайда? – деп сұрап алып, бір төбе өтіп келіп, әкесінің алдынан шығыпты. Әкесі жолына қарап тұрған баласын көріп, әрі қуаныпты, әрі қорқып, шошынып қалыпты. Баласын құшағына алып, оның денесінің қатайғанына көзі жеткенде ғана Аллаға шүкір айтып, Ақбураның кереметі мен емшілік қасиетіне тән беріп сеніпті.

  1. Ақбура әулиенің Қағбаға зиярат етуі

Ақбура Ата әулиенің қасиетті Қазығұртта тәлімін алған ізбасарлары, сопылық жолға түсуге ұмтылған мүрид-шәкірттері көп болған. Әулиенің бір керемет қасиеті – таңертеңгі памдат намазының алғашқы екі бас сүннетін Қазығұрт тауында, кейінгі екі бас парызын Меккеге барып оқитын көрінеді. Сонда ілім-білімге жетілген бір шәкірті оның осы кереметті ғажайып ісін сезіп, біліп қойыпты. Сөйтіп:

– Қадірлі ұстазым, мені де өзіңізбен бірге Қағбаға алып барыңыз, – деп өтініпті. Ақбура оған:

– Бұл сырымды ешкімге айтпа. Сені Қағбаға, Меккеге алып барайын. Етегімнен ұста, бірақ көзіңді ашпа, – депті.

Ақбура әулие өзімен бірге әлгі мүрид-шәкіртін алып, әлдеқандай гуілдеген дыбыс шығарып, аспандап ұша жөнеліпті. Меккеге жеткен соң оған:

– Қағбаға келдік, көзіңді аш, – деген екен. Мүрид-шәкірті Қағбаны көріп, Алланың құдіреті мен ұстазының ғажайып керемет қасиетіне көзі анық жетіп, шүкіршілік жасапты.

Қайтадан Қазығұртқа қарай гуілдеп ұшып келе жатқанда, Ақбураның етегінен ұстаған әлгі мүрид-шәкіртінің пенделігі ұстап аспанда көзін ашып жіберсе, сол арада төмендегі жерге қарай құлдилап құлапты. Ол бір үйдің түңлігіне тура келіп, соның ішіне түсіпті. Үйдің иесі бай адам екен. Бай:

– Бұл – менің қазынамды тонауға келген ұрылардың жансызына ұқсайды, – деп оны әбден таяқтап ұрып, бір үлкен ағашқа байлап тастапты.

Қазығұртқа жеткен Ақбура Ата әулие өзінің керемет қасиетімен мүрид-шәкіртінің басына түскен қиын ахуал-жағдайды біліпті. Ертеңінде Қағбаға барып, содан оралып келе жатып, мүрид-шәкіртін байланған үлкен ағашының тамырымен бірге түп қопара жұлып алыпты. Сөйтіп, мүрид-шәкіртін де, әлгі үлкен ағашын да басы бүтін Қазығұртқа алып келіпті. Сол ағаштың тамырынан Ақбура бұлағының басында кәтіреңкі деген ағаш өсіп-өніп тарапты деседі.

  1. Өзінің әулиелігі әйелінің тазалығынан екенін мойындауы

Ақбура әулие – Алла тағаладан берген ерекше қасиетке ие болған деседі. Ол сол қасиетінің арқасында азанғы памдат намазын оқу үшін Меккеге ұшып баратын көрінеді. Әулие күнделікті осылайша Қағбаны бір көріп қайтады екен.

Ақбураның өзі қасиетті Қазығұрт тауының күнгей бетін тұрақты мекен қонысы етіпті. Оның Ғазиза атты өте инабатты, пәкиза, дәретсіз жүрмейтін, тазалықты бабына келтіретін еңбекқор әйелі болыпты. Күндердің күнінде өмірлік серігі Ақбурадан:

– Сіз осы күнде Мекке шаһарын зиярат етіп, лезде ұшып барып келесіз. Оған менің де үлесім бар ма? Сауапқа серікпін бе? – деп сұрапты. Сонда Ақбура сәл езу тартып, мысқыл еткен сыңаймен жұбайына қарап:

– Сен жолы жіңішке, төмен етек әйелсің. Сенде нағылған қасиет? Бұл жұмыстың бәрі өзімнен, тазалығым мен ілім-білімнің арқасында осы қасиетке жеткенмін, – деп бетін қайтарып тастапты.

Ақбураның әйелі Ғазиза әлгі сөзден кейін іштей ренжіп қалыпты. Алайда өз әдетінен танбай, бұрынғысынша үйдің іші-сыртын, барлық жақты сыпырып-сиырып, тазалап шығыпты. Ыдыс-аяқтың барлығын бірнеше қайтара жуып-шайыпты. Тек қазанның бір құлағын жумай қалдырыпты.

Ертеңінде Ақбура әулие азанда памдат намазын оқымаққа асығып үйден шығып кетеді. Әншейінде іле-шала оралып келіп қалатын Ата біраз уақыт кешігіп, әрі қара терге малынып, өкпесі аузына тығылып, үһілеген күйде үйге кіріп келеді. Әйелі Ғазиза одан мән-жайды сұрайды. Әулие болған оқиғаны баяндайды:

– Күнде Қағбаға жеп-жеңіл ұшып барып келетін едім. Бүгін жолым сондай ауыр болды. Аяғыма тас байлағандай әрең ұшып барып келдім. Барғанымда да, келгенімде де пора-пора қара терге малшындым, – дейді. Сонда өмірлік қосағының ернін сәл ғана күлкі қытықтап:

– Сіздің әулиелік қасиетке жеткеніңіз менің тазалығыма да байланысты. Сұраған сәтімде мені мысқыл еткен секілденіп сенбеген едіңіз, мәртебелім! Кеше түнде мен қазанның бір құлағын жумай қалдырып едім, оның нәтижесін аңғарған тәріздісіз. Демек, сіздің алшаң басып жүруіңізге де, Қағбаға алаңсыз ұшып барып келуіңізге де менің-дағы үлесім болғаны ғой, тақсырым, – депті.

Осы әңімеден кейін Ақбура Ата өзінің әулиелік қасиеті – әйелі Ғазизаның тазалығына байланысты екеніне көзі жетіпті. Оған шексіз разы болыпты.

Рауаяттан түйетін ой, әрбір әйелзаты өз шаруасына адал пейіл ақ ниетпен жандасса, отбасын-ошаққасын таза ұстаса, ерінің жолы болмақ. Ал, ер адамның жолы болса, береке орнамақ.

  1. Ақбура әулиенің ғажайып керемет қасиеті

Ақбура әулиенің шын әсілі аты – Ақберді екен. Сол уақытта бұлақ басында намаз оқитын үлкен жай болыпты. Азанғы памдат намазының екі бас сүннетін оқып болған соң, Ақберді үнемі орнында жоқ болып шығады екен. Бұл шайық парызға тәкбірді айтпай тұрып, Йасыға жетеді. Сол арада памдаттың қалған екі бас парызын, Құранды оқып, бата қылады да, ол жерде де жоқ болып кетеді. Сөйтіп, бұлақ басына оралып келіп, салауатты айтатын көрінеді. Сонда өзгелері:

– Қайда барып келдің? – деп сұрағанда, Ақберді:

– Йасыда Қожа Ахметтің шәкірттерімен бірге парызды оқып келдім, – деп жауап береді.

– Сен жәдігөйсің, – деп бәрі де сенбей жүріпті.

Бірде Ақберді Құдайға шын берілген таза тақуа бір дәруішке:

– Сенбесең, сүннетті оқып болғаннан кейін көзіңді жұмып, менің етегімнен ұста. Сонда өзің куә боларсың. Тек бір шартым, мен ескертіп айтқанда ғана көзіңді ашасың, – депті.

Әлгі дәруіш Ақбердінің етегінен ұстағанда, әлдене гуілдеп ала жөнеледі. Бір кезде Ақберді:

– Көзіңді аш, – дейді. Дәруіш көзін ашса, Йасыдағы мешітте отыр. Ол жердегілер:

– Аллаһу әкбар, – деп тәкбірді бастап құлақтарын қағып жатыпты. Парызға тәкбірді бастамай тұрып жетіп келетін Ақберді етегінен ұстаған дәруішті ауырсынып, сәл кешігіпті. Йасыда екі бас парызды оқып, тәспі түсіреді. Құран оқып, бата қылады. Енді Ақберді дәруішке:

– Көзіңді жұмып, менің етегімнен ұста, – дейді. Дәруіш:

– Егер жолда көзімді ашсам, қайтеді екен? – деп сұрайды.

– Көзіңді ашсаң, жолда қалып кетесің. Егерде жолда қалып қойсаң, сені түскен жеріңнен өзім ертеңгісін азанда ғана алып кетемін. Басқа ешқандай лажым, амалым жоқ, – деп жауап береді Ақберді.

Дәруіш Ақбердінің етегінен ұстағанда, тағы да гуілдеп кетіпті. Сол сәтте ол: «Бұл жәдігөй не істеп келе жатыр екен, көрейінші», – деп көзін ашса, бір елге топ етіп түсіп қалыпты. Ол арадағы адамдардың малдарын ұры алып, өздері әбігер болып жатыр екен. Олар дәруішке:

– Сен ұрылардың жансызысың, – деп шүйлігеді. Ұрып-соғады. Бұл болған оқиғаны айтса, оған біреуі де сенбейді. Ол:

– Онда мені мынау үлкен шынарға байлаңдар. Азанда көресіңдер, Ақберді мені алып кетеді, – депті. Оны айтқанындай үлкен шынарға байлап тастапты. Шынымен-ақ таңертеңгі уақытта әлдене гуілдей келіп, дәруіш байланған шынарды тамырымен суырып, түп көтере әкетіпті. Сол күйінде Қазығұрт тауының оңтүстік-батыс бөктеріндегі су басына түсіпті. Бұлақ басындағы қазіргі кәтіреңкі ағаштар сол шынардың ұрығынан тарапты деседі.

  1. Ақбураның Құрбан айттағы қызметі

Ақбура  қысы-жазы үнемі жалаңаяқ жүреді екен. Сонда ол ойылған табандарын малдың терісінен жасалған таспамен тігіп алатын көрінеді. Жыл сайын Құрбан айтта Тұзкенттен бір сисер, яғни сегіз пұт тұз алып, оны тісімен тістей көтерген бойда Йасыға жеткенде, алдынан Қожа Ахмет шығып:

– Бурам келді, бурам, – деп күтіп алады екен. Сол жерде Құран оқып, дұға жасайтын болған.

Ертеректе Ақбура әулие Йасыдағы өтетін түрлі садақаларға үнемі тұз жеткізіп беріп тұрған деседі.

  1. Ақбура әулиенің қос ақ жыланы

Бұрынырақта Ақбура әулие бұлағының басында қос ақ жылан болыпты. Бірі – аталық, екіншісі – аналық. Бір жас жігіт сүйген қалыңдығын өзінің тілегімен Ақбура Атаға зияратқа ертіп келіпті. Сонда қыз ынты-шынтысымен әулиеге беріліп, Һақ тағаладан шапағат күткен жандай мүлгіп отырады. Жігіт айналадағы сұлу табиғатты қызықтап жүреді. Бір уақытта періштедей әсем қыздың алдына аппақ жылан келіп, басы қақшиып, көтеріліп тұрады. Сол кезде жігіт кеп қалып, сойылдай қатты ағашпен жыланның қақ төбесінен ұрып, жауызды өлтіргендей ерленеді. Сонда қыз:

– Ой, оның маған қарап тұрғаны жағып еді, – деп көзін ашып, басын көтеріп қарайды. Оның көзінен әсте-әсте нұр қашып, сол күйі жан тәсілім болады. Жігіт киелі аналық жыланды өлтіргенін біліп, өкініште жүріп, ақырында ол да құсадан қаза табады.

  1. Ақбураның қаттылық кереметі

Дулаттың Шегір руынан өрбіп шыққан Төлебай халфе Сайрамнан өзбек ұсталары мен олардың Қоқан кезінен қалған сарт арбаларын алдырып, Қазығұрт тауы бауырындағы Қарақия ауылында мешіт салдыруға кірісіпті. Әуелі өңделмеген қам қышпенен мешіттің қабырғалары бой көтереді. Одан кейін Сайрамның арғы жағына түйенің үлегімен барып, қарыға ағаш әкеледі. Сонда Сайрамнан бері өтіп қалғанда, арқан үзіліп кетеді де, ағаш үлектің басына түседі. Өлуге айналған соң түйе пышаққа ілінеді. Оны халыққа садақа етіп таратады.

Мешітке қары салынғанда, бір ағаш жетпей қалыпты. Төлебай халфе Ақбура ата әулие жатқан бұлақ көзіндегі тұнып тұрған ағашқа екі-үш жасты жұмсайды. Олар қатреңке деген қатты ағашты балтамен шапқанда, одан кәдімгідей қып-қызыл қан ағады. Бұл болған жайды әлгі жастар халфеге жеткізеді.

– Онда бүгінше қоя тұрыңдар, мен сұрап көрейін, – дейді Төлебай. Сөйтіп, халфенің өзі Ақбура атаның басына барып, әруаққа бағыштап Құран оқып, бұлақ көзіне зиярат етіп түнейді. Бірақ Ақбура әулие ешқандай аян бермейді. Екінші күні халфе тағы да зияратқа барады. Бұл түні түсінде Ақбура ата:

– Сен енді қоймадың ғой, – деп бір қисық-қисық бақа теректі көрсеткен екен.

Ертеңіне Төлебай халфе жастарды ертіп, түзу теректерден өтіп барады да:

– Мынаны кес, – деп қисығын қолымен нұсқайды.

– О, жарықтық халфе, мынау туралары бар емес пе, оны неге кеспедік? – деп сұрайды біреуі.

– Ой, шырағым-ай, қатты кісі екен, бергені осы, – дейді Төлебай.

Бақа теректі кесіп, қос өгіздің мойынтұрығына байлап, бұраңдаған күйде сүйретіп, мешітке жеткізеді. Соны салған өзбек ұсталардың бірі:

– Маған бұл бейнет болды-ау, – деп байтесемен бұтақтарын шапқанда, бақа терек өз-өзінен түп-түзу болып кетіпті деседі.

Бұл күнде Төлебай салдырған мешіттің тұрғанына бір ғасырдан асты. Қариялар ескінің көзі деп қадір тұтып, бертінгірек уақытқа дейін жұма намазын халфе мешітінде оқып келген-ді.

  1. Ақбураның басына алғашқы кесене салынуы

1991 жылы жазда Қазығұрт ауданындағы Рабат елді мекенінің тұрғындары, көнекөз қариялар Әбдіқұл Байқонысұлы мен Қостай Саудабайұлы бір игілікті іс бастап, оларды сол кездегі «Күйік» асыл тұқымды қой зауытының директоры Әліпбай Емқұлов қолдап, қасиетті таудың бауырындағы Ақбура Атаға арналып екі бөлмелі кесене салынды.

Кесененің бір бөлмесінде әулиенің қабірханасы болса, екінші бөлмеде шырақшы мен зиярат етушілер әруаққа бағыштап Құран оқиды. Әкелі-балалы Дәржан және Дастан Сақиев пен Сапар Есалиев үшеуінің қолымен өрілген бұл кесене өте көрнекті шықты.

  1. Ақбураның басына екінші рет кесене салынуы

Н.Ә.Назарбаевтың «Тарихи кесенелерді қайта жаңғырту» бағдарламасына сәйкес, 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов Қазығұрт тауының етегіндегі Ақбура әулие кесенесін, зиярат ету орындарын қайта жаңғыртуды аудан әкімі Т.С.Әлиевке тапсырды. Ол ауданның іскер азаматтарының басын құрап, «Туған елге тағзым» атты акциясын ұйымдастырды. Сол өткізілген іс-шара аясында «Қазығұрт-Ақбура» қоғамдық қоры құрылды. Қор құрылтайшылары болып Аманбай Омаров, Сәруар Өсербаев, Сағидулла Тілеубердіұлы Батырбай, Қуанышбай Әбдешұлы, Нұржан Сапабекұлы Әшіров, Спандияр Біләлұлы Байғұлов, Әбдіжүсіп Мақсұтов, Қайрат Төлеев және Анарбай Қайымов сайланды. Құрылтайшылар «Қазығұрт-Ақбура» қоғамдық қорының президенті етіп ауданымыздың «Құрметті азаматы» Қуанышбай қажы Әбдешұлын тағайындады.

Қор құрылтайшылары мен аудан әкімінің қатысуымен өткен мәжіліске сол кешеннің құрылысын жүргізуге үміткер бірнеше құрылыс фирмалары қатысты. Олардан өзбекстандық «IJOD-IJOD» компаниясы (А.Р.Рахманов) мен «Ер-Дәуіт АС Сервис» ж.к. (А.Қ.Әбдешов) таңдалынып алынды.

«IJOD-IJOD» компаниясы туралы айтсақ, оның қатысуымен Өзбекстандағы Төле би және Әйтеке би кесенелеріне қайта жөндеу, жаңарту жұмыстары жүргізілген-ді.

Асқар Қуанышбайұлы Әбдешов жөнінде анықтама берсек, ол 2006 жылдан бастап жергілікті «Атбұлақ» мектебіне орналасып, технология пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарған-ды. 2011 жылы «Ер-Дәуіт АС Сервис» ж.к. ашып, ұстаздықпен қатар құрылыс жұмыстарын қатар алып жүрді.

Сөйтіп, А.Р.Рахманов пен А.Қ.Әбдешов екеуі жаңаланып салынатын Ақбура кесенесінің авторлары болды. Тоғыз адамнан тұратын қор құрылтайшылары арасынан жалпы құрылыс жұмыстары мен қаржы мәселесін қадағалап, басшылық жасап отыруды аудандық мәслихат хатшысы Аманбай Жанұзақұлы Омаров атқарды.

Бұрынғы кесене 2011 жылы тамызда бұзылды. Алыстан көзге шалынып көрінетін, еңселі болып бой көтерген жаңа кесененің құрылысы 2012 жылдың мамыр айында аяқталды. «Ер-Дәуіт АС Сервис» ж.к. директоры А.Қ.Әбдешовті Ақбура әулие кесенесінің құрылыс жұмыстарына байланысты аудан әкімі Б.Д.Қыстауов «Алғыс хатпен» марапаттады.

  1. Ақбура әулие кесенесінің көріктенуі

2017 жылы қасиетті Қазығұрт тауы бөктеріндегі Ақбура Ата әулие кесенесі мен оның төңірегі абаттанып, ажары ашылып, көріктене түсті. Өткен 2016 жылдан бастап кесене мен бұлақ көзіне баратын автомобиль жолын қайта құру жұмыстары қолға алынған-ды. Ұзындығы 4,986 шақырым жолға республикалық бюджет есебінен өткен жылы 5 миллион теңге, биыл 383 миллион 831 мың теңге бөлінді. Қазығұрт ауданындағы Қарақозы Әбдалиев ауылдық округіне қарасты Атбұлақ елді мекенінің ең жоғарғы жағына орын тепкен Жамбыл Қаппаров атындағы дарынды балаларға арналған, мамандандырылған №5 физика-математикалық мектеп-интернаты мен Ақбура әулиенің арасындағы автомобиль жолына бас-аяғы 388 миллион 831 мың теңге қаржы қаралып, жұмысты мердігер «Корпорация Сити-Строй» ЖШС-і (директоры облыстық мәслихаттың депутаты Әсет Қайыпбеков) мінсіз атқарып, үстіміздегі жылы асфальт жол пайдалануға берілді.

2017 жылдың сәуір айында Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды. Сол мақала аясында «Туған жер» бағдарламасы қолға алынды. Отанын сүйген, туған жерін қадірлеген патриот перзенттердің тарапынан қолдау табуымен бұл бағдарлама Ұлы Дала елінің түкпір-түкпірінде жүзеге аса бастады. Оңтүстік Қазақстан облысының басшысы Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Тұртайұлы Телғараевқа Оңтүстік өңіріндегі киелі орынның бірі болып саналатын Ақбура әулие кесенесі мен оның төңірегіне толыққанды реконструкция жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Ауданымыздың басшысы жеке кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Әсет Қайыпбековке қолқа салды. Әсет өзінің ұлт жанашыры, Ұлы Дала елінің шын мәніндегі патриот ұлы екенін бұған дейін де игі жұмыстарымен көрсетіп келген-ді, ол Т.Тұртайұлының бұл өтінішті сұранысын құп алып, өз есебінен Ақбура кесенесін қайта жаңғырту, жаңалау, көркейту жұмыстарын жүргізіп, бас күмбез бен ішкі қабырғаларына өте әсем, көз тартатын ұлттық нақыштағы қазақы ою-өрнектер салдырды.

Сонымен бірге асфальт жол аяқталған жерден бастап кесенеге дейін ашық алаңқайлар мен жаяу адам жүруге арналған барлық ішкі аяқжолдарға және әулие кесенесі мен Ақбура бұлағының арасына тротуар плитка тастары (брусчатка) төселіп, толыққанды реконструкция жұмыстары жасалды.

Бір байқағанымыз, жылдан-жылға қасиетті Қазығұрт тауына және оның төңірегіндегі киелі орындарға, ұлық әзіз әулие-әнбиелерге, олардың ішінде, әсіресе Ақбура Атаның басына зиярат етушілер, оларға түнеуге келушілер саны артып, толастамай ағылуда.

Айтушылары: Хадиша Ысмайылқызы, Әбдіқұл Байқонысұлы, Бұхарідін Ахметұлы, Гүлзина Әшірқызы, Жарылқасын Ниязбекұлы, Сұлухан Әшірапқызы, Мыңбай Сансызбайұлы.

7 – Ақмешіт әулие үңгірі

Ақмешіт әулие үңгірі – Түркістан облысы Бәйдібек ауданында орналасқан. Әктасты жыныстар қабатында пайда болған ойық жарқабақ үңгір. Ұзындығы 254, ені 65, биіктігі 25 м. Жарқабақ саңылауларынан мезгіл-мезгіл су тамып тұрады. Ішінен қарағанда ернеуі киіз үйдің шаңырағы секілді көрінеді. Ел арасында бір кездері онда бір әулие әулетімен киіз үй тігіп, сатымен шығып-түсіп жүрген деген де аңыз айтылады. Үңгірге перзент көрмеген кейбір ерлі-зайыптылар, ауру адамдар әлі күнге дейін түнеп, мінәжат етеді.

Ақмешіт үңгірі туралы аңыз-әңгімелер өте көп. Солардың бірі – Есіркеп Қойгелді батырға қатысты айтылған аңыз. Батыр қалмаққа қарсы жорыққа шығарда кенеттен нөсер жауып кетеді. Он мыңнан астам сарбаз пана іздеп, осы үңгірге түседі де, таңғы намазға жығылыпты. Атауы жоқ үңгірді жауынгерлердің бірі батырдың есімімен атауға ұсыныс тастайды. Алайда Есіркеп Қойгелді батыр бұл ұсынысқа үзілді-кесілді қарсылық танытады.

«Бұл Қаратаудың қасиеті дарыған таудың етегі. Бізді және астымыздағы аттарымызды жаңбырдан қорғап қалды. Сәждеге жығылып, намаз оқуымызға мүмкіндік берді. Үңгір ішіндегі тастары да ақ ұлпадай әппақ, керемет әсер қалдырады. Мұның қасиеттілігі сол шығар, сондықтан оны «Ақмешіт» деп атайық» депті.

Міне, содан бері қасиетті орын ұрпақтан-ұрпаққа Ақмешіт деп аталып кетіпті.

Бәйдібек ойпаңы немесе Ақмешіт үңгірі Қазақстандағы ең жұмбақ жерлердің бірі болып саналады. Ол Шымкенттен 80 шақырым жерде орналасқан, бірақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар мен туристерді қызықтырмай қоймайды. Kaz.tengritravel.kz порталы Түркістан облысының ерекше табиғи кереметі туралы баяндап береді.

Үңгір қай кезде пайда болғанын ешкім дөп басып айта алмайды. Миллиондаған жылдар бойы ол жабық болған, жер бетімен байланысы болмаған. Тек ХХ ғасырда ғана үстіңгі бөлігі құлап, қазіргі адамдардың ішіне кіруіне мүмкіндік туған.

Ақмешіт жиі туристерге баруға кеңес беретін Қазақстанның 10 кереметінің бірі саналады. «Туған жер: Қазақстанның ұлы мұрасы» жобасы үңгірге қайталанбас пейзаждарын суретке түсіруге және аңыздарды тыңдауға келді.

Бір аңыз бойынша, біздің гид осы үңгірде үлкен және зұлым айдаһар көптеген жылдар бойы өмір сүргені туралы айтады. Ол жергілікті тұрғындарға кесірін тигізіп, олардың малдарын жалмады. Айдаһар ұшып бара жатып, қойманың бір бөлігін қанаттарымен қағып құлатқан екен. Оның жойқын әрекеттеріне Сүлеймен пайғамбар тосқауыл қояды. Ол құбыжықты шынжырлаған. Гид бізге осы айдаһардың ұйықтап жатқан жерін – күн сәулесі түсетін үңгірдің дәл ортасын көрсетті.

Бұдан кейін не болғанын – ешкім білмейді. Әрине, бұл әдемі аңыз. Тек соның арқасында көптеген қытайлық туристер қазіргі Түркістан облысына келе бастады. Айдаһар олардың ұлттық нышаны болып саналатындықтан қызығушылық танытқандары анық. ЭКСПО кезінде гидтердің айтуынша, мұнда Қытайдан 19 туристік топ келген.

Ал, мына қазақ батырының жоңғарлармен шайқасына қатысты аңыз шындыққа жанасымды көрінеді. Бірде, батыр Есіркеп Қойкелді жоңғарға қарсы жорыққа аттанғанда, кенеттен нөсер жаңбыр жауып кетеді. Жауынгерлер белгісіз үңгірдің ішінде қолайсыз ауа-райы аяқталғанша күтуге шешім қабылдайды. Аңыз бойынша, олар жайғасып қана қоймай, таң намазын да бір қатарда тұрып оқиды. Онда 10 мыңнан аса адам болған. Біреулері үңгірді Есіркеп Қойкелдінің есімімен атауды ұсынады. Оған батырдың өзі наразылық білдіріп: «Бұл қасиетті Қаратау тауының сыйы. Ол біздің 10 000 мыңға жуық әскерімізді ғана емес, сонымен бірге жылқыларды да қорғады. Біз мұнда таң намазын оқи алдық, және тастар айналаны жарықтандырды. Бұл тегін жер емес, бұл жердің атауы – Ақмешіт болсын деді. Жаңбыр тоқтаған соң, әскер жауды тосып, жоңғарларды ойсырата жеңеді. Осы шайқаста көп қан төгіліп, жер шөгіп, сол түске айналады. Сондықтан сол аймақ Қызылқақ (Қызыл) деп атала бастады. Жоңғар шапқыншылығы кезінде әйелдер мен балалар осында жасырынған дейді. Бұл үңгір көптеген адамдардың өмірін сақтап қалды.

Алайда, қазақ халқында үңгірге қатысты аңыз-әңгімелер ежелден бері бар. Тек жер асты түнелдері арқылы кіретін, сырт жағынан кіре алмайтын үңгір жайлы әңгіме ұрпақтан-ұрпаққа тарап келеді. Ішінде ғажайыпқа толы мешіт те бар. Уақыт өте келе жер асты өткелдері құлап, мешіт бос қалған.

Өткен ғасырда үстіңгі бөлігі құлап қалған жерасты мешіті қайта ашылып, баспалдақпен жабдықталған, енді кез-келген адам намаз оқып, Алла Тағаладан көмек сұрай алады. Бәрінен бұрын келетіндер – бала сұрағандар мен ауруынан емделгісі келетін жандар. Олар үңгірдің ішіне көтеріліп, бірнеше сағат сонда жүретін болған.

Үңгірдің ішінде намаз оқуға қолайлы орындар бар. Кілем мен көрпе төселген тапшан да бар.

Ақмешіттің қасиетт жер екенін биолокациялық зерттеулер де дәлелдейді. Үңгірдің ішінде қазіргі зерттеушілер адам ағзасына зиян келтіретін белгілерді таба алмады, керісінше, үңгір барлық негативтерді өзіне тартып алып, адамдарды жамандықтан тазартады. Үңгірдің ұзындығы – 200 метр, биіктігі – 25, ені – 65 метр. Бұл өзінің ауқымымен ғана емес, сонымен қатар таңғажайып дизайнымен де ерекше. Іші өте әдемі.

Тек үңгірді сыртқы әлемнен бөліп тұрған кішкене тесік бар. Бірақ үңгірдің ішіндегі және сыртындағы әлемнің айырмашылығы өте зор! Сыртында бірде-бір ағаш жоқ, ал іші жасыл оазис! Мұнда тұт пен қарағай ағаштары өскен. Бір таңғаларлығы, біз келген кезде сыртта 40 градустан жоғары температура болса, ішінде 17-19 градус салқын болды. Үңгірде құстар да мекендейді. Көп туристер құстардың әнін тыңдап, бірнеше сағат отырады. Қабырғалардан үнемі су сылдырап ағып тұрады.

Бұл шөлді аймақта судың қайдан шыққанын ешкім білмейді. Көп адамдар сылдыраған судан бір тамшы болсын, ұстап алуға тырысады. Суды «Ақ-Моланың көз жасы» дейді. Жергілікті тұрғындардың пікірінше, егер сіз үңгірдің дәл ортасында тұрып, тілек тілеп, сол кезде сіздің басыңызға бір тамшы су ағып түссе, онда сіздің тілегіңіз міндетті түрде орындалады деген де сенім бар екен. Алайда, тамшы түспесе де – маңызды емес. Сонымен қатар, үңгірдің сыртына тастарды жинап тұрғызып, тілек тілеуге де болады екен. Міндетті түрде орындалады дейді.

Ақмешіт үңгірі – Түркістан облысының ең танымал көрікті жерлерінің бірі. Осы жерасты мешітімен бірге туристер жол бойында орналасқан Домалақ ана, Бәйдібек ата және Қос ана кесенелеріне бара алады. Сапар ересектер үшін 3 мың теңге, балалар, студенттер мен қарт азаматтар үшін 2,5 мың теңге тұрады. Бұл сомаға тасымалдау, тамақтану, сүйемелдеу, фотосурет және серуендеуге арналған таяқшалар кіреді. Шынында да, бұл асықпай аралайтын ғажайып жер.

8 – Отырар қалашығы

Ертеректе «Фараб» деген атаумен белгілі Отырар – Орталық Азиядағы ең ежелгі шаһарлардың қатарына кіреді. Ол сауда, қолөнер, білім мен шығармашылық ордасы болумен қатар, дипломатиялық және әскери-стратегиялық тұрғыдан зор маңызға ие болды. Өткен ғасырда жүргізілген алғашқы қазба және зерттеу жұмыстары нәтижесінде Отырардың келбеті қалыптаса бастады: көне сарай, мешіттер мен моншалар табылды. Сол кезде жиналған түрлі қыш ыдыстар, металлдан жасалған құралдар, сан ғасырлық тарихы бар тиындар мен зергерлік бұйымдар бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұражайларда сақтаулы тұр.

Екі мың жылға жуық уақыт «өмір сүрген» Отырар осы сәтте баға жетпес рухани құндылығымыз, ескерткіштерді сақтау жөнінде ЮНЕСКО ұйымымен бірлескен жұмыс жүргізілетін бірегей тарихи орын.

Талай тартысқа куә болған Отырар – әр келген қонағын түпсіз тарих тұңғиығына еліктіріп әкетері анық!

Отырар — ортағасырлық қала орны. Түркістан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан.

Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар 5 – 15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.

1218 жылы Мұхаммед Хорезмшахтың Отырардағы билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлтіріледі. Бұл Шыңғыс ханның Орталық Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын “Отырар апаты” деген атпен белгілі. 1219 жылы күзде моңғол әскерлері Отырарға жетті. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшырады. Бірақ 1219 жылғы апаттан кейін Отырар қайта жанданды.

1255 жылы армян саяхатшысы Отырарды Сырдария бойындағы ірі қалалар қатарында атайды. Отырар дүниежүзілік саудада бұрынғысынша делдалдық рөл атқарды.

Қала туралы 1320 жылы Флоренция көпесі Пеголоттидің Азов теңізінен Қиыр Шығысқа дейінгі сауда жолы туралы жазбаларында да баса айтылған.

14 ғасырда Ақ Орда хандары мұнда медреселер, ханакалар, мешіттер, кеңселер салдырды.

14 ғасырдың аяғында Отырар Әмір Темір мемлекетінің құрамына кірді. Әмір Темір мұнда бірнеше рет болып, Шығыс жорығына дайындығы қызған кезде (1405) осында қайтыс болды. Әмір Темір мирасқорлары мен Мұхаммед Шайбани әулетінің қазақ хандарымен күресі барысында Отырар тағдыры тағы да сынға түсті.

16 ғасырдың 2-жартысынан бастап қала қазақтардың билігіне біржолата көшіп, шамамен 18 ғасырдың басына дейін болған.

Отырарда археологиялық қазба жұмыстары кең көлемде 1969 жылы Қазақстан ҒА-ның К.Ақышев басқарған Отырар археологиялық экспедиция ұйымдастырылғаннан кейін басталды.

Қазіргі уақытта Отырар – бесбұрыш тәріздес төбе. Өлшемдері: оңт. жағы – 380 м, оңт.-батысы – 145 м, батысы – 400 м, солт.-шығысы – 380 м және шығысы – 350 м. Төбенің ең биік жері іргесінен 18 м. Жалпы аумағы 200 га. Қала дуалмен қоршалған. Оның солт.-шығыс және шығыс жақтағы құрылыстары жақсы сақталған. Негізгі төбені айналдыра қазған орлардың орны бар. Қаланың үш қақпасы болған. Орт. қақпа оңт. жағына орналасқан. Археологиялық қазба жұмыстары қала орнындағы мәдени қабаттарды анықтап, олардың қай уақытта болғанын, құрылыс орындарын кезеңге бөліп, талдау жасауға мүмкіндік берді. Қаланың мәдени қабаты 16 м. Ол 7 мәдени қабаттан тұрады.

1-қабаттан (б.з. 1-6 ғасырлары) зат (қолдан жасалған құмыра сынықтары) аз табылды;

2-қабаттың (7-8 ғасырлар) қалыңдығы 3 м-ге жуық;

3-қабаттан (қалыңдығы 1 м-дей, 9-10 ғасырлар) қабырғалары шикі кірпіштен (42*22*10 см) қаланған тұрғын үйлердің орны, қола білезіктер мен алқалардың жұрнақтары, темір бұйымдардың сынықтары, шарап құятын ыдыстар табылды;

4-қабатқа (қалыңдығы 1,5 м, 11-13 ғасырдың басы) қайта жоспарланып салынған құрылыстар тән, сонымен бірге бұл қабаттан семсердің сынығы, қола сақина, шыны ыдыстардың сынықтары, әр түрлі шыныдан жасалған алқалар, т.б. заттар алынды;

5-қабаттан (қалыңдығы 1,5 м, 13-14 ғасырлар) қабырғасы күйдірілген кірпішпен (24*24*4 см) қаланған құрылыстардың орны, іргесінен тандырдың, шаруашылыққа арналған шұңқырлардың, зат қоймасының (одан темір пышақ, ер-тұман әбзелінің қалдықтары, темір ине, қола алқалар, т.б. заттар табылды) қалдықтары ашылды;

6-қабаттан (қалыңдығы 1,5 м, 15-16 ғасырлар) қырлы темір пышақ, зергерлердің сүйектен жасалған балғасы, ат мүсіні, т.б. заттар іріктеп алынды;

7-қабатының қалыңдығы 0,7-0,8 м (17-18 ғасырлар). Бұл қабат қаланың құлдырап, төмендей бастаған кезеңіне жатады.

1971-74 жылы аралығында Отырар аумағының бестен бір бөлігі (4 га) аршылды. Бойлық және ендік бағытымен салынған көшелердің болғаны анықталды. Көшелердің ені 2-3,5 м. Көшелер аралығында салынып бітпеген алаңдар немесе аулалар бар. Мұндағы тұрғын үйлер біртектес, біріне-бірі өте жақын салынған бір, екі немесе үш бөлмелі, ал көп бөлмелі үйлер сирек кездеседі. Жалғыз немесе орталық бөлменің көлемі 20-35 м2. Қабырғалары шикі кірпіштен (30*20*9 см, 27*16*7 см) жалпағынан және еңістеу етіліп қырынан қаланған. Қысы қатаң жерлерде кірпішті бұлайша қырынан қалау төбесі қалың топырақпен жабылған үйлерге тән тәсіл. Мұндай тәсіл Қазақстанның оңтүстігіндегі тұрғын үйлер құрылысында қазір де кездеседі. Үй ішіне еден арасына биіктігі 20-30 см үй жылытатын тандыр салынған. Тандырдың от жағатын бөлігі күйдірілген кірпішпен жабылған және түтін шығатын мойны қабырғаға жапсырыла салынған. От жағатын бөлігінің асты шұңқыр. Оның едені мен қабырғалары күйдірілген кірпішпен немесе оның сынықтарымен қапталған. Осы жерден тас диірмен және оның сынықтары, әр түрлі тас келсаптар шықты, сондай-ақ бөлмелер ішінен қыштан жасалған астық сақтайтын хұмдар мен құмыралар, ұралар, шаруашылыққа арналған шұңқырлар кездеседі. Көп бөлмелі үйлерге қос тандыр салынған. Олар үйлердің әр бұрышына орналастырылған, түтін шығатын ортақ мұржасы бар. Аршылған құрылыс кешендері 16-18 ғасырларға жатады. Бұлардың осы кезеңге жататындығын нумизмат материалдар (120-ға жуық тиындар) дәлелдеп береді. Осы кезеңде өрт болғандығы байқалады, кейбір бөлмелерде өрт іздері сақталған. Ыдыстардың түбінде тамғалы белгілер салынған. Ыдыстарды күйдіргенге дейін салынған мұндай белгілер оның тек түбінде ғана емес, төменгі бөлігінде де кездеседі. Бұлар қазақтың керей және қыпшақ руларының таңбаларына сәйкес келеді. Отырарда археол. қазба жұмыстары әлі де жүріп жатыр.

Отырар-Қаратау мәдениеті – Оңтүстік Қазақстан өлкелерін мекендеген қаңлы тайпаларының көне мәдениеті (б.з.б. 1-мыңжылдықтың соңы). Ескерткіштердің негізгі тараған аумағы Сырдарияның орта ағысын қамтиды. Қалалар мен қоныстар, зираттар жақсы зерттелген. Олардың аса ірі шоғырлану орт. Отырар шұраты; Арыс өз-нің солт. жағасында Мардан, Мардан-Күйік, Қостөбе, Шаштөбе, Сейтмантөбе, Ақайтөбе, Шөлтөбе, т.б. ірі қалалары болған.

1940 ж. А.Н. Бернштам жетекшілік еткен археол. экспед. барысында алғашқы деректер алынып, ол кангюй-қаратау мәдениеті болып аталды. Кейінірек бұл өңірді Е.И. Аргеева, Г.И. Пацевич, К.Ақышев, К.Байпақов, Л.Б. Ерзакович, Л.М. Левина, А.Н. Подушкин зерттеді. Аса ірі ескерткіштерінің бірі – Көкмардан. О.-Қ. м. қалаларының үйлері ерте кезеңнен-ақ кварталдық жүйемен тұрғызылған. Әдетте 4 – 6 үй бір кварталды құрайды. Құнды ерекшеліктерге қыш ыдыстарға салынған 100-ге тарта таңба-белгілер жатады. Белгілердің негізгі тобы ру-тайпалық таңбалар. Зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша бұлар соңғы орта ғасырдағы таңбаларға өте жақын. Бір ерекшелігі, мұнда қазақтың үш жүзіне де кіретін ру-тайпалардың таңбалары бар. О.-Қ. м. тайпалары мал ш-мен бірге жоғары дамыған егіншілік бағытты ұстанған, ұсталық және зергерлік қолөнер жақсы дамыған. Тұрғындар ата-баба рухына, тәңірге табынған. Халқы Сыр бойына көршілес Жетіасар және Қауыншы мәдениеттерінің тайпаларымен бірге тарихи Қаңлы мемлекетінің құрамына кірген. Б.з. 3 – 4 ғ-ларында заттық мәдениет ерекшеліктері мен антропол. деректер О.-Қ. м-н қалдырған тайпаларға ғұндар келіп араласқандығын көрсетеді. Осы кезеңде түркі мәдениеті мен тілі қалыптасқан, түркі-соғды синтезі дамыған. Ғұн тайпалары келіп қосылған кезеңнен бастап О.-Қ. м. тайпаларының үлкен бөлігі жетіасарлықтармен бірге Сырдың жоғ. ағысына, Орта Азияға қарай жылжыды. 6 – 7 ғ-ларда О.-Қ. м-нің дамуы тоқтап, басқа тайпалармен бірге Сыр мен Әмударияның төм. ағысына топтасты да, Кедер мәдениетін құрады. Қалған тұрғындар Отырар шұратында құрылған Қаңғар бірлестігіне кірген.

Отырар медресесі – Отырар қаласында болған ортағасырлық діни оқу орны. 8 ғ-дың аяғында құрылып, моңғол шапқыншылығына дейін жұмыс істеген. Медреседе жан-жақтан білім іздеп келген шәкірттер 10 жыл бойы тәрбиеленді. Оларға бесінге дейін сабақ берілсе, бесіннен кейін медресе жұмысына салынды (аула сыпыру, ас пісіру, бау-бақша суару, т.б.). Ал екіндіден кейін шәкірттер өз жұмыстарымен айналысты. О. м-нде алғашқы 5 жылда сол заманғы әлемдік үш тіл: түркі-қыпшақ, парсы, араб тілдері оқытылды. 5 жылдан кейін шәкірттерге діни сабақтармен қатар астрономия, геометрия, музыка, т.б. ілімдер бойынша жан-жақты білім берілді. Тіпті бұрнағы заманда жойылып кеткен әліппелер (мыс., Финикия әліппесі) үйретілді. О. м-нде ғұлама ғалым Әбу Наср әл-Фараби оқыған.

9 – Созақ қалашығы

Екі мыңжылдық тарихы бар Созақ қаласы, қазақ хандығының алғашқы астанасы болуымен ерекшеленеді. qazir.kz дереккөздеріне сүйене, Керей мен Жәнібек хандардың ордалары тігілген ежелгі қала жайлы құнды деректер «Көне дүние күмбірі» айдарында.

Қазақ хандығының қалыптасып, даму тарихында елеулі орын алған Созақ қаласының орны Қаратаудың теріскей беткейіндегі қазіргі Созақ аулының жерінде жатыр.

Созақ – Қазақ хандығының ең бірінші астанасы болған қала. 1465-1469 жылдар аралығында Керей мен Жәнібектің ордалары осы қалада тігілген екен. Әбілқайыр ханның өлімінен соң басталған билік үшін таласта Созақ қаласынан хан ордасы көшірілген. Осыдан-ақ екі мың жылдық тарихы бар бұл қаланың ерекше мәнге ие болғанын көреміз.

Археологиялық зерттеулер Созақ қаласының тарихы екі мыңжылдан асатынын айтады. Қазақ хандығының дамып, өркендеуінде ерекше үлес қосқан Созақ қаласының орын тепкен жері Қаратаудың батысында, қазіргі Созақ аулының тұсында болған. Бұл жерде орта ғасырға жататын екі қаланың орны бар екен. Алғашқысының аты Тарсатөбе деп аталады. Қала қазіргі ауылдың солтүстік-күншығысына қарай орналасқан. Ал келесісі ауылдың ортаңғы жағындағы жергілікті халық «Өргешігі» деп атайтын бұрынғы Созақтың орны. Ауылда бір емес екі бірдей қаланың ізі жатқанын тұңғыш айтқан қазақтың кемеңгер зерттеушісі Әлкей Марғұлан болатын.

Созақ қаласының аты жазба деректерде алғаш рет ХІІІ ғасырдың ортасында армян патшасы Гетумның моңғолдың ұлы ханы Мөңкеге кездесу үшін жасаған сапарымен байланысты аталады. Елшілік моңғол астанасы Қарақорымнан қайтқан сапарында Хутухчин, Пергант, Сухул-хан, Уросо-хан, Кайкант, Хузақ, яғни Харчух тауы арқылы Сгнах пен Совран, Харчух, Асон, Отырар, Зернух арқылы Дизакқа жеткені жайлы жолжазбада көрсетілген.

Созақ қаласы осы аймақтағы басты қалалардың бірі болды. Қала көшпелі, жартылай көшпелі тіршілік кешкен малшылар мен ірі өзен-көлдердің жағалауларын мекендеген егіншілік пен сауданы басты кәсіп еткен отырықшы мәдениеттің түйісетін белдеуі саналған Қаратаудың солтүстік беткейіндегі жолақта орналасқан.

Археолог-зерттеуші Ерзакович аталған қалашықты Х-ХІХ ғасырлардың арасында болған 5 құрылыс қабатынан тұрады деп тұжырым жасады. Ал кейінірек 19821983 жылдары жасалған археологиялық топтың зерттемесі Созақ қаласын Х-ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген дейді.

Қаланың нағыз көркейген тұсы Қазақ хандығының құрылғандығымен тығыз байланысты. Археолог Ақышевтің мәліметінше, Созақ қаласы арқылы хандықтың басты қалаларына апаратын Суындық, Ақсүмбе секілді асулар өткен. Міне, сол себепті де бұл қала сауда-экономикалық маңызға ие болған. Созақ – Қаратаудың теріскейінде Дешті қыпшақтың даласынан Түркістан мен Отырарға, Сауран мен Сайрамға, батыс жақтағы Аралдың маңайындағы қалаларға, Шу мен Таластағы ірі орталықтарға апаратын жолдың түйісер тұсында орналасқандығымен маңызды.

Қазақ хандығының тірегі ретінде Созақтың маңызды орталық болғандығын көруге болады. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Созақ ірі бекіністің біріне айналды. Жоңғарлардың жойқын шабуылдарына төтеп беріп жатқан қазақ әскерлерін азық-түлікпен, қару-жарақтармен қамтамасыз етіп отырған. Созақтың ірі қала болғандығы тіпті орыс жазбаларында да ұшырасады. Әбілмәмбет ханның тұсында (1743-1745 жж.) Созақ Отырар, Түркістан, Сауран, Өгізтаумен бірге Қазақ хандығының басты орталық қалаларының бірі болғандығы орыс деректерінде айтылады.

10 – Домалақ Ана Кесенесі

Домалақ Ана Кесенесі — Қаратаудың күнгей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында. Халық арасында Домалақ ана атанған Нұрила Әли Сыланқызының зиратына тұрғызылған.

Домалақ ана – есімі Нұрила 1378-1456 жылдары өмір сүрген. Түркістандағы Яссы қыстағында туған. Мақтым Ағзымның жалғыз ұлы ержүрек батыр Ақсақ Темірдің қарамағында әскер басқарған Әли Сланның қызы. Шешесінің есімі Нұрбике – Уәйіс ханның апасы еді. Домалақ ананың әкесі Әли Слан 1388 жылы Ақсақ Темір әскерінің құрамында Алтын Ордаға аттанарда әйелі Нұрбике мен Нұриланы (Домала ана), Түркістандағы әкесі Мақтым Ағзам қожаның үйінде қалдырады.

Бірде Түркістан маңындағы Қарашық өзенінде суға түсіп жатқанда Нұрбикені жылан шағып өлтіреді. Әкесі әскерден келмеген, анасынан тірідей айырылған Нұрила бабасы Мақтым Ағзамның тәрбиесінде өседі. Мақтым Ағзам Қожа Ахмет Яссауидің қызы – Гауһар бибінің ұрпағы еді. Нұрила – араб сөзі, қазақша «Алланың нұры» деген ұғым береді. Парсы тілінен аударғанда «Дихнат мама», яғни Әулие ана мағынасын білдіреді. Кейіннен Дихнат деген сөз Домалақ деп ауыстырылған.

Нұрила (Домалақ ана) – Бәйдібек бабамыздың үшінші әйелі. Тарихи жазбаларда Домалақ ананың адамгершілігі, әдептілігі, парасаттылығы мен шыншылдығы және аналық қасиетінің арқасында «Домалақ ана» аталуы жайлы көптеген деректер жазылған. Нұрила ана 1456 жылы мамырдың 28 жұлдызында қайтыс болған, сол жылы Домалақ ананың немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шері есімді шеберді алдыртып, ана басына төрт қанатты күмбезделген кесене-там тұрғызады. XI – XV ғасырлар аралығында Домалақ ана кесенесі бірнеше рет қайта жөндеуден өткен. Домалақ ана кесенесі жерден 12 м биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігінің үстіне күмбез орнатылған. Аңыз бойынша, Домалақ ана кесенесінде екі қасиетті тас бар, осы екі тастың арасынан тек жаны таза адам өте алады. XX ғасырда салынған кесене 6 бағаналы болған.

1906-1908 жылдары Ресейден қоныс аударып келген орыстардың тобыры күмбез-ескерткіштерді бұзып талқандап жібереді. 1908 жылдың жазында ақын Орынбай Тайманов (1867-1949) жаңа ескерткіш күмбез салдырады. 1942-1943 жылдары Шошқабұлақтың тұрғын орыстары, кәрістері тағы да бұзып тастайды. 1957 жылы тағы да жаңа күмбез салынады, бірақ ол көп сақталмаған. 1966 жылы Маңғыстаудан алып келінген ақ тастармен қайта қаланды. 1998 жылы Домалақ ана кесенесі жаңартылып, 2000 жылы айналасын көркейту-көгалдандыру жұмыстары аяқталды. Кесененің құрылысын жүргізуші және жобасын жасаушы сәулетшісі – Саин Назарбеков. Домалақ ана мұражайында түрлі көне қолжазбалар, қолдан жасалған көптеген заттар сақталған. Домалақ ана кесенесі – көпшілік тәу етер қасиетті орын.

Домалақ ана, Шайхы Мизамбекқызы Нұрила (1378, Түркістан — 28 мамыр 1456, қазіргі Бәйдібек ауданы аумағы, Балабөген өзені) – есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі. 6 – 7 ғасырлар тоғысында өмір сүрген. Бәйдібек бидің үшінші әйелі, Албан, Суан, Дулаттың анасы. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі.

Атасы Мақтым Ағзамның өсиетімен Домалақ ана он тоғыз жасында (1397) Бәйдібек биге тұрмысқа шығады. Ел ішіндегі деректерге қарағанда, оған «Дихнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара Хайдар деген кісі қойған. «Дихнат мама» – парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағына береді. «Дихнат мама» сөзі уақыт өте келе дыбыстық өзгерістерге ұшырап, «Домалақ анаға» айналған. Одан тараған ұрпақтарының бәрі де білімімен, ақылымен ерекшеленіп, ел билеген. Жарықшақ деген ұлы Жетісу өлкесінің ұлысбегі болған. 1429 ж. Уәйіс хан қайтыс болып, әке тағына ұлы Есенбұға отырады. Сол күннен бастап Жарықшақ Есенбұға ханның бас уәзірі болады.

Өзгені де баласындай көріп, төңірегіне аналық мейірін шашқан, барынша кішіпейіл, алдағы күннің жайын ойлап, айтар сөзі ақиқатқа айналған болжампаз, көреген қасиетін құрметтеген ұрпақтары сол заманның өзінде-ақ оның атын атамай, жаратылысынан бойы шағын болғандығына қарай «Домалақ ана», «Домалақ ене» деп атап кетіпті.

Домалақ ана өмірінің соңғы жылдары Ташкент қаласында өтеді. Алайда ері Бәйдібектің түсінде берген аяны бойынша, өздерінің ескі қонысы Қаратауға барып тұруға қамданып, жол шегеді. 1456 жылдың жиырма сегізінші мамырында көш Балабөген өзенінің жағасына жеткен кезде Домалақ ана сол жерде намаз оқып тұрып көз жұмады. Өзінің тілегі бойынша Домалақ ана сол жазыққа жерленеді.

Аңыз-әңгімелер

Домалақ ананың қадір-қасиеті ерте-ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз-әңгіме көп. Солардың бірі мынадай: «Бәйдібек заманында жайлауында үйір-үйір жылқысы, келе-келе түйесі, отар-отар қойы өрген, шығыс пен батысқа керуендер жүргізген асқан бай адам болған. Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің ауылын шауып, сан мың жылқысын түре айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса керек. Содан жау шапты деген хабарды естіп, Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына үлкен әйелі Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрилә: «Бай-еке, малдың құты, жылқының иесі құла айғыр қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей өзі ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз» – деп өз отауының белдеуінде матамен байлаулы тұрған, жүген-құрық тимеген шу асау айғырды көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін алмай, жасағын бастап жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс салыпты. Алайда жасанып келген жау аттанға ілесіп атқа қонған аз жасаққа теңдік бермепті. Осы соғыста қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, кері қайтыпты. Арада алты күн өткенде байлаулы тұрған құла айғыр жер күңіренте дүлей күшпен кісінеді дейді. Сол күні кеш шамасында шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың жылқысы көрінеді. Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша үйде отырып-ақ түгел қайтарып алса керек. Мұндай әңгімелер көп-ақ.

11 – Бәйдібек би кесенесі

Бәйдібек Қарашаұлы кесенесі — «қасиетті бес ана» тарихи ескерткіштер кешенінің құрамдас бөлігі. Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Бәйдібек ата ауылының аймағында орналасқан.

Бәйдібек ата туралы деректер халық ішінде таралған шығармалар мен аңыз әңгімелерден жиналған. Бәйдібек баба 1356-1419 жылдары Шығыс Қаратау өлкесінде өмір сүріп, осы ауданның қазіргі Бәйдібек ата елді мекені жерінде дүниеден өткен. Сүйегі Балабөген өзенінің жағасында жерленген. Шежіре деректеріне сүйенсек, Бәйдібек қазақ елінің үш ұлы бірлестігін құраған Байшора, Жаншора, Қарашора (басқа бір деректерде Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деп аталады) болса, үш жүздің Байшорасынан ұрпағы кең тараған Майқы, оның баласы Бақтиярдан, оның баласы Үйсіннен, оның баласы Ақсақалдан туған Қарашабидің үлкен баласы. Бәйдібектің өмірі, заманы, өскен ортасы жайлы тарихи деректемелер негізгі Қазақ елінің шежіресі, ел ішінде сақталған аңыз-әңгіме және әйгілі Шығыс зерттеушісі ғалым-этнограф Н.А.Аристов, Ш.Уалиханов жазбалары арқылы баяндалады. Өз заманында көшпелі елдің басын біріктіріп, елді, жерді сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауды ұйымдастырушы және бастаушы, ақылшы, қолбасшы ретінде көрінетін аса ірі тарихи тұлға Бәйдібектің Балабөген өзеннің биік жағасында ежелден сақталған көне мазар күмбезі болған. Ескі мазар күмбез замана толқынымен қаншама рет бұзылып, қайта тұрғызылып келді.

Жиналған деректер бойынша, Бәйдібек би – Албан, Суан, Дулат, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты секілді ұлы жүз руларының түпкі атасы. Бәйдібек бидің бірінші әйелі Сарадан Сарыүйсін,екінші әйелі Зеріптен Жалманбет туылған, ал Жалманбеттің балалары : Шапырашты, Ошақты, Ысты. Бәйдібек ата шежіресінің ең үлкен тармағы – кіші әйелі Нүриладан қалған ұрпағы. Нүрила өзі тұрған аймақта «Домалақ ана» ретінде әйгілі болған. Оның жалғыз ұлы Жарықшақтан Албан, Суан, Дулат тараған. Бәйдібек бүгіндері қиыр шеті Алтай, Шәуешек, көршілес Қытай халық республикасының Шыңжаң өлкесімен бірге республикамыздың Алматы, Жамбыл облыстары, Түркістан облысының Түлкібас, Төлеби, Сайрам, Бәйдібек, Ордабасы аудандарын мекендеген ежелгі Албан, Суан, Дулат, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты ру тайпаларының түпкі аталары.

Бәйдібек Қарашаұлының Қарахан дәуірі үлгісіндегі Балабөген өзеннің биік жағасында ежелден сақталған көне мазар күмбезі болған. Ескі мазар күмбез замана толқынымен қаншама рет бұзылып, қайта тұрғызылып келді. «Бәйдібек – Сыланды» қайырымдық қорының (президенті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Е.Тұрысов) ұйымдастыруымен 1996-1998 жылдар аралығында Бәйдібек ата мен қасиетті бес ана – Марау (Сары бәйбіше), Зеріп, Жұпар, Қарашаш, Сыландының мазар кесенелерінің орнына шығыс сәулет өнерінің үлгісінде орнатылған. Бас сәулетшісі – Ғабит Сұлтанғалиұлы Садырбаев.

Бәйдібек кесенесі құрылысына Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда өндірілетін таңдаулы құрылыс материалдары – Ташкент зауыттарының арнаулы сары кірпіші, Нұратаның ақшыл мәрмәрі, Тараз бен Қаратаудың қызыл граниттері, Қошқарата қатпарлы тау жыныстарының тақтатастары пайдаланылған. Бәйдібек ата кесенесін салуға Самарқанд, Ташкент, Сайрам, Шымкент шеберлері қатысқан. Бәйдібек кесенесінің күмбезбен көмкерілген ғибадат бөлмесіне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлы баба рухына арнап, салмағы 6 тонна бесік мүсінді ақ мәрмәр құлпытас қойған.

Қарашаұлы Бәйдібек (VІ-VІІ ғғ.) – Жетісу алабындағы көшпелі тайпалар көсемі. Ақыл-парасатымен, ерлік істерімен елге ұйытқы болған тарихи тұлға.

Ел ішіндегі қария сөздер – далалық ауызша тарихнама бойынша (ДАТ) Ұлы жүздің үйсін бірлестігінің құрамындағы албан, суан, сарыүйсін, шапырашты, ысты, ошақты тайпалары Бәйдібекті өздерінің түп атасы деп біледі. Бәйдібектің әкесі Қараша 578-632 ж. (қытай жылнамасында 530-604 ж деп көрсетілген. Біздің жыл санауымызбен өзгешелік бар) туралы, Бәйдібектің ұрпағы Майқы би туралы Қытай жылнамаларында, Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551 жж.) еңбегінде деректер кездеседі. Бәйдібек жалпақ жатқан Жетісуды, Арыс өзенінің шұрайлы алқаптарын, Қаратау мен Ташкент алабын қоныс етіп, ондағы ру-тайпалардың бас біріктіруіне, ел болып ұйысуына ықпал еткен. Бәйдібек үш некелі болыпты. Бірінші әйелі – Сары бәйбішеден Байтоқты есімді бала туып, одан Түргеш (Сарыүйсін) өрбіген. Екінші әйелі – Зеріптен Жаламбет туады. Одан – Шапырашты, Ошақты, Ысты өрбіген. Үшінші әйелі – есімі исі қазаққа мәшһүр әулие Домалақ ана. Бұл кісінің нағыз есімі Нұрилә. Домалақ анадан Тілеуберді туады. Тілеуберді ел аузында Жарықшақ (Жарықбас) атанып кеткен. Жарықшақтан – Албан, Суан, Дулат өрбиді. Бұл аталардың бәрі де ілгері ру-тайпаларға ұласып, қазақ халқының ел болып ұйысуына тікелей араласқан.

Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған Байтоқтыдан басқа алты бірдей ұлы соғыста қаза тауып, Қаратаудың шығысындағы Қошқарата өзенінің бойына жерленген. Күні бүгінге дейін бұл жер «Алты сары басы» деп аталады. Ал алты ұлы қазіргі Жамбыл облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысытары түйіскен атақта Күйік асуында жау қолынан қаза тапқан.Сол алты ұлының күйініп жүргенде осы Байтоқты дүниеге келіпті. Байтоқтының Сирықты деп те атайды шежірелерде. Өйткені бір аяғының кемістігі болған деседі.Осы Байтоқтыдан атақты Түркеш қаған туылған.7-8 ғасыр тоғысында үлкен қағанат құрып аты тарихта қалған тұлға. Өзіне арнап тиын ақша да соқтырған Түркеш қаған. Мұны Домалақ ана кесенесінде жүргізілген археологиялық қазба жұмысы кезінде табылған тиын ақшалар да дәлелдейді. Бәйдібектің өзінің сүйегі Балабөген өзенінің жағасында жерлеген. Басына көрнекті кесене тұрғызған. Қазір Оңтүстік Қазақстан обылысындағы бір аудан Бәйдібек есімімен аталады.

Бәйдібектің өмір сүрген заманы – Еуразияның Ұлы даласын (Л.Н. Гумилев) қоныс еткен желдей еркін көшпелі тайпалардың арасында этникалық тұстану үрдісі қызу қарқынмен жүріп, мемлекеттің іргетасы қаланып, тарих сахнасына әйгілі Түрік қағанатының шыққан кезі. Шығысында Сарыөзен (Хуанхе) мен батысында Темірқақпаға (Дербент) дейін қанат жайған алып қағанат өз кезегінде төңірегіндегі Қытай, Парсы ,Үнді, Рұм (Византия) сияқты империялар мен патшалықтарға ықпалын жүргізе бастаған. Ең бастысы, түркі жұртының шаруашылық-мәдени типі сараланып, өзіндік төлтума өркениеті қалыптасып, енді түркі тектес ұлттар өз қоныс-тұрағымен, өзіндік тіл-ділімен тұлға таныта бастаған. Міне, осындай аса күрделі тарихи кезеңде Бәйдібек ақыл-парсатымен де, ерлік істерімен де ұлттың ұйысуына, елдің бас біріктіруіне, сөйтіп қазақ даласындағы ру-тайпалардың этникалық тұтасуына мұрындық болған тарихи тұлға.

Бәйдібек, Домалақ ана кешендерінде 2000-2001 жылдары жүргізген қазба жұмыстары тарихи тұлғалардың қоғамда алар орнына, өмір сүрген заманына қатысты толымды дерек-мағұлматтар беріп отыр. Солардың ішінде VІ-VІІ ғасырда шығарылған тиын теңгелер Бәйдібек пен оның жұбайы Домалақ ананың өмір сүрген заманына, олардың әлеуметтік статусына елеулі айғақ ретінде ден қойдырады.

Халық жады арқылы атадан балаға жалғасып жеткен қария сөздер Бәйдібектің ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ұйытқы болып, көреген көсемдігімен жұртқа ықпал еткен тарихи тұлға екенін танытады Халық жүрегінде сақталған және жазба түрдегі шежірелердің деректеріне сүйенсек, Ұлы жүз құрамындағы Сіргелі, Жалайыр, Шақшам, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты, Албан, Суан, және Дулат тайпаларының түп атасы Майқы би болып келеді. Соған байланысты «Түгел сөздің түбі – бір, түп атамыз – Майқы би» деген нақыл сөз халық аузында сақталып қалды. Оның аяғы ақсақ болды, сондықтан да күймеге мініп жүрді. Майқы би көп жасаған кісі, жеті ханды қолынан өткеріп, бар ғұмырын халық тағдырын ойлауға жұмсады. Ол 120 жасқа келгенде, үш жүздің еншісін берді, таңбасын таратты. Ұлы жүзге ту ұстатты, Орта жүзге қауырсын қалам, Кіші жүзге найза берді. Осы бөлістен соң Майқы би туралы «Хан біткеннің қазығы – бұқара жұрттың азығы» деген мәтел кең тарап кетті.

Шежіре деректерінде би Кейкіден туған Төбей деп көрсетіледі. Төбейдің төрт баласы – Майқы, Қоғам, Мекіре, Қойылдыр. Ал, Майқыдан – Бақтияр , Бақадыр өрбиді. Бақадыр ұрпағы Ауған мен Иран жерінде жалғасады. Бақтияр батырдан – Үйсін, Ойсыл туады. Ойсыл ұрпағы – Сіргелі. Бұл жеке дара жіктейтін ірі тайпа. Ал, Үйсін ұрпағы Ұлы жүз халқының негізгі бөлігін құрайды. Өз заманында оның атақ-даңқы кең жайылды. Ертедегі қазақ мемлекетімен шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынасы, мәдени байланысы, сауда ісі осы Үйсін есімімен тығыз байланысты болды. Үйсін ұрпағы – Жансақал, Ақсақал болып келеді. Жансақалдан жалайыр тайпасы тарайды. Ал, Ақсақалды шежіре деректерінде Абақ таңбалы деп көрсетеді. Сондықтанда кейде Ақсақалды «Абақ» деп те атайды. Ақсақалдан айдарлы сақалды туады. Шежіреде олардың егіз перзент екені айтылады. Екеуі де батыр ноян болып өседі. Елді сыртқы жаудан қорғау мақсатында Сақалды Орта жүзге кіретін Керей ұлысының ішіне барып, сол елдің қызын алып, сонда қалып қояды. Кейін одан тараған ұрпақ Абақ-Керей атанып кетті. Айдарлыдан – Асан, Қараша туды. Асан өз заманының ғылымын жан-жақты меңгерген, терең білімді, ақылға дарқан, өмірден көргені көп, ұққаны мол кісі болды. Ол дүниені жалған құбылыс деп түсініп, үйленбеген. Қазақ халқының тарихына, әдебиетіне Асан қайғы деген атпен енді. Халықтың қамын жеген қамқор қартты ел осылай атады. Жиһанкез саяхатшы болды. Қараша би, кейін хан болған кісі. Оның әкесі Айдарлы өжет мінезді, ержүрек батырлығымен көзге түскен екен. Қараша биден – Бәйдібек, Байдолла туады. Байдолладан шақшам тайпасы тарайды. Ол – Атым, Сары, Имам, Жәнібек, Қазақбай, Қара болып алты атаға бөлінеді. Бәйдібектен – Байтоқты, Жалмамбет, Жарықшақ, туады.

Ұлы Бәйдібек бабамыз 609-695 жылдары өмір сүрді. Байдібек баба Қара таудың етегінде дүниеге келген. Ел халқына жайлау таңдау мақсатымен Қаратаудың құйқалы күнгейі мен Боралдай ,Қазығұрт тауының шұрайлы жерлеріне көшіп жүрген. Жазы, қысы ел малы осы өңірде бағылады. Бәйдібек бабаның әкесі Қараша кейінгі ғалымдардың нақты тарихи дереккөздерді салыстыра отырып жасаған тұжырымы бойынша шамамен (558-632) жылдары өмір сүрген.

Шежіре деректерінде би Кейкіден туған Төбей деп көрсетіледі. Төбейдің төрт баласы – Майқы, Қоғам, Мекіре, Қойылдыр. Ал, Майқыдан – Бақтияр , Бақадыр өрбиді. Бақадыр ұрпағы Ауған мен Иран жерінде жалғасады. Бақтияр батырдан – Үйсін, Ойсыл туады. Ойсыл ұрпағы – Сіргелі. Бұл жеке дара жіктейтін ірі тайпа. Ал, Үйсін ұрпағы Ұлы жүз халқының негізгі бөлігін құрайды. Өз заманында оның атақ-даңқы кең жайылды. Ертедегі қазақ мемлекетімен шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынасы, мәдени байланысы, сауда ісі осы Үйсін есімімен тығыз байланысты болды. Үйсін ұрпағы – Жансақал, Ақсақал болып келеді. Жансақалдан жалайыр тайпасы тарайды. Ал, Ақсақалды шежіре деректерінде Абақ таңбалы деп көрсетеді. Сондықтанда кейде Ақсақалды «Абақ» деп те атайды. Ақсақалдан айдарлы сақалды туады. Шежіреде олардың егіз перзент екені айтылады. Екеуі де батыр ноян болып өседі. Елді сыртқы жаудан қорғау мақсатында Сақалды Орта жүзге кіретін Керей ұлысының ішіне барып, сол елдің қызын алып, сонда қалып қояды. Кейін одан тараған ұрпақ Абақ-Керей атанып кетті. Айдарлыдан – Асан, Қараша туды. Асан өз заманының ғылымын жан-жақты меңгерген, терең білімді, ақылға дарқан, өмірден көргені көп, ұққаны мол кісі болды. Ол дүниені жалған құбылыс деп түсініп, үйленбеген. Қазақ халқының тарихына, әдебиетіне Асан қайғы деген атпен енді. Халықтың қамын жеген қамқор қартты ел осылай атады. Жиһанкез саяхатшы болды. Қараша би, кейін хан болған кісі. Оның әкесі Айдарлы өжет мінезді, ержүрек батырлығымен көзге түскен екен. Қараша биден – Бәйдібек, Байдолла туады. Байдолладан шақшам тайпасы тарайды. Ол – Атым, Сары, Имам, Жәнібек, Қазақбай, Қара болып алты атаға бөлінеді. Бәйдібектен – Байтоқты, Жалмамбет, Жарықшақ, туады.

Ұлы Бәйдібек бабамыз 609-695 жылдары өмір сүрді. Байдібек баба Қара таудың етегінде дүниеге келген. Ел халқына жайлау таңдау мақсатымен Қаратаудың құйқалы күнгейі мен Боралдай ,Қазығұрт тауының шұрайлы жерлеріне көшіп жүрген. Жазы, қысы ел малы осы өңірде бағылады. Бәйдібек бабаның әкесі Қараша кейінгі ғалымдардың нақты тарихи дереккөздерді салыстыра отырып жасаған тұжырымы бойынша шамамен (558-632) жылдары өмір сүрген.

Мұхаммед Хайдар Дулати (1499 – 1551) “Тарих-и Рашиди” атты тарихнамасында өзінің он екінші атасы Майқы би (12 – 13 ғасырлар) Шыңғыс ханның орда биі болып, дүйім елді басқарғанын жазған. Ал осы елге бірінші болып билік жүргізген арғы бабасы Бәйдібек екен, одан бері қарай “…бұл ел атадан атаға, ғасырдан ғасырға, баладан балаға мирас болып”, елдің билігі өзінің аталарына өткеніне байланысты айғақтар Бәйдібек бидің ертеде өмір сүргендігін көрсетеді. Бәйдібек бидің әкесі Қараша (530-604) Қытай жылнамасында жазылып, билік жүргізген жылдары нақты көрсетілген. Осы деректер Бәйдібектің 6-7 ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді.

Бәйдібектің өмірі, заманы, өскен ортасы жайлы тарихи деректеме негізі Қазақ елінің шежіресі, ел ішінде сақталған аңыз әңгіме жөне әйгілі шығыс зерттеуші ғалым-этнограф Н.А. Аристов, Ш. Уәлиханов жазбалары арқылы баяндалады. Бүл деректемелер бойынша Бөйдібек — Қазақ елінің ел болып қүрылуында үлкен орын алатын ежелгі Үйсін бірлестігіне кіретін Албан, Суан, Дулат, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты ру тайпаларының түпкі атасы. Өз заманында көшпелі елдің басын біріктіріп, елді, жерді сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауды ұйымдастырушы және бастаушы, ақылшы қолбасшы ретінде көрінетін аса ірі тарихи түлға. Шежіре деректеріне сүйенсек, Бәйдібек қазақ елінің үш ұлы бірлестігін құраған Байшора, Жаншора, Қарашора (басқа бір деректерде Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деп аталады) болса, үш жүздің Байшорасынан, ұрпағы кең тараған Майқы, оның баласы Бақтиярдан, оның баласы Үйсіннен, оның баласы Ақсақалдан туған Қарашаның үлкен баласы. Оның үлкен әйелі Сары бәйбішеден Сарыүйсін, екінші әйелі Зеріптен Жалманбет, одан Шапырашты, Ошақты, Ысты тарағаны айтылады. Бәйдібек әулетінің ең көп тараған саласы — ол кіші әйелі бүл өлкелерге Домалақ ене дейтін лақап атымен мөлім Нүриләнің (бір деректерде Бибімәрия, Бибіажар деп те айтылады) жалғыз ұлы Жарықшақтың үш баласы Албан, Суан, Дулаттың ұрпақтары. Бәйдібек бидің осы немерелері 7-ғасырдан мемлекет басқарып, ел билеп, қазіргі өздері аттас тайпаларды қалыптастырды. Басқыншылармен бір шайқаста Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған 6 ұлы қаза тапқан Шығыс Қаратаудағы Қошқарата өзенінің бойында “Алты Сары бейіті” деген киелі жер қалды. Албан, Суан, Дулаттың Жетісу өлкесін мекендеген көшпенді қазақ жүртында алатын үлкен орны жайында өткен ғасырдың екінші жартысында бүл өлкеге саяхат жасап, күрделі зерттеу жүргізген атақты ғалым, этнограф Николай Александрович Аристов пен қазақ халқының кемеңгер ұлы Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектері мен жолжазбаларынан кездестіреміз.

Бір шежіреде Бәйдібектің батырлығы былай хикая етілген. Алатаудың арғы жағынан жау қолы қаптан келе жатады. Жалайыр қариялары жан-жақтағы елге ат шаптырады. Бұл хабарды есітіп Қаратаудан Бәйдібек батыр қол жинап аттанады. Екі жақ Алтын-Емел жотасында тоқайласады. Әуелі жекпе-жекке шығады. Түйедей қара атқа мінген бір шойын қара ортаға шығады. Бұл қалмақтың Дөде батыры екен. Оған жалайырдың Алшынбай батыры қарсы жүреді. Екеуі найзаласады. Алшынбайдың қылышы қақ бөлініп, Дөдемен арпалысып жүріп мерт боп кетеді. Бәйдібек батыр:

– Енді кім шығады? – деп айқай салады. Найманның Шектібай батыры көк атын ойқастатып Дөдеге жетіп барады. Тағы айқас, тағы найзаласу. Шектібай да дүлей Дөдеге төтеп бере алмай ауыр жараланып қалады.

– Тағы кім бар? – дегенде, жауға қарама-қарсы қаптап тұрған сарбаздар арасынан ешкім «мен шығамын» дей қоймайды. Әлден уақта намысқа тырысып, тай мінген талдырмаш сары жігіт:

– Мен шығар едім, бірақ мінетін жарамды атым жоқ, – дейді.

Бәйдібек батыр:

– Мін менің атыма, – деп астындағы ақбоз айғырын түсіп береді де, ол Дөдеге:

– Ал, батыр, біздің баламен шайқасуға калайсың? – деп кекетеді. Дөде:

– Мен баламен күреске шығатын бала емеспін! Өзің кел, – деп гүр ете қалады. Бәйдібек:

– Келсең кел, өзім де сол сөзіңді күтіп тұр едім, — деп өзінің Ақбоз айғырына мініп, оған қарсы шығады. Сарбаздары: «Иә, Құдай қолдай гөр!» деп тілеп, шуласады. Екеуі әуелі қылыштасады. Дөденің күші басым болғанымен, айла-тәсілі аз екен. Ол Бәйдібектің әбжіл қимылына төтеп бере алмай әбден қан сорпаға түседі. Дөде бар күшін жинап алып, енді найзасын кезенеді. Бәйдібек те найзасын ыңғайлайды. Оның жастайынан жылқы бағып жүргенде, қарт жылқышылардан үйренген дағдылы бір әдісі – құрыққа ұқсатып найзасының ұшына шылбырдан қыл тұзақ байналынатын-ды. Ол енді Дөдеге сол тәсілін қолданбақ. Мұны Дөде де, жау-жағы да елей қоймайды, онша мән бермейді. Екеуі ары-бері атойлап шауын найзаласып жүреді. Бір уақта Дөде оған оқтала бергенде, Бәйдібек оның бұғыдай мойнына қыл тұзақты шалып алып, ат-матымен сүйрей жөнеледі. Дөде қолындағы найзасын тастай салып, екі қолымен буынып бара жатқан мойынын босатып алмақ боп жанталасады. Бәйдібек батырдың темірдей тегеурінді қолы қоя ма, әне-міне дегенше Дөденің аттан аударылып кеткей аюдай денесін жерге сүйретіп екі айналдырып тастайды да, жайына кете береді. Сөйтіп Дөде азаппен қылқынып жан тәсілім қылады. Бәйдібек жауды түре қуып, тас-талқан етіп жеңіп шығады. Бір бұл емес Бәйдібектің ел-жұртына шапқыншы жаудан қорғап қалудағы ерліктері жөніндегі шежіре-дерек, аңыз-әңгімелер аз емес. Кезінде солардың хатка түсе қоймаған. Бәйдібек би 695 жылдың күзінде cексен алты жасында Бала бөген басындағы өзінің қыстауында қайтыс болыпты.

Фото: egemen.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.