Түркістан облысы

Түркістан облысында іскер әйелдер қатары артты

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысында нәзік жандылар тұтқасын ұстаған бизнестің саны артты, деп newsroom.kz хабарлайды.

Статистикаға сәйкес, шағын және орта кәсіпкерліктің 32%-ында әйел адамдары басшылық жасауда. Яғни, Түркістан өңірінде жұмыс істейтін әрбір үшінші кәсіпкер – әйел. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысында мәлімделді. Басқосуда ауыл әйелдерін кәсіпкерлік қызметке тарту туралы кеңінен айтылды.

Бүгінде өңірдегі жалпы шағын және орта кәсіпкерліктің саны 155 мыңнан асқан. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында еліміздегі алғашқы «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» өткен жылы Түркістан қаласында құрылды. Оның мақсаты – кәсіпкер әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, бизнесті жүргізу үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау. Орталыққа 500-ден астам кәсіпкер әйелдер, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдер, бастаушы стартаперлер кеңес алу үшін жүгінген.

Бұдан басқа, кәсіпкерлікке, оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға «Түркістан» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мекемесі қызмет етеді. Барлық аудан және қала орталығында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының филиалдары бар. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы да әйел кәсіпкерлері тарапынан белсенді қолданылуда. Бағдарлама арқылы өткен жылы кәсіпкерлерге 25 млрд. теңгеге 6%-бен 1371 жеңілдетілген несие берілген болса, қолдау алған жобалардың тең жартысы – нәзік жандылар. Осы жылдың 6 айында 9,6 млрд. теңгеге 274 жоба қолдау алып, оның ішіндегі 48%-ы әйел кәсіпкерлердің үлесінде. Кәсіпкерлікті қолдау бойынша жергілікті деңгейде бірқатар жобалар іске қосылып, сәтті жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, ірі кәсіпкерлердің көмегімен микробизнесті, стартаптарды қолдау мақсатында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қолдауымен өңірде өткен жылы «Кәсіпкерлік Қырандары» жобасы бастау алған болатын. Жобаның арқасында 16 стартап жобаға менторлар қолдау көрсетті, оның ішінде алтауы іскер әйелдердің жобалары. Сондай-ақ «Бастау Бизнес» түлектерін қаржыландыру мақсатында «Атамекен – Түркістан» микроқаржы ұйымы құрылған болатын. «Бастау Бизнес» түлектері бүгінгі таңға 1,8 млрд. теңгеге несиеленді.

Өңірде «Керуен Сарай» және «Эко Базар» саудагерлеріне арналған 6%-бен несиелеуді көздейтін «Yassy Business» бағдарламасы жұмыс істейді. Қазіргі таңда «Ырыс» микроқаржы ұйымымен 140 млн. теңгеге 10 жобаны несиелеу туралы оң шешім қабылданды, оның ішінде 4 кәсіпкер әйелдің жобасы қолдау тапты.

Жалпы, Басқарма тарапынан әйелдерді кәсіпкерлікке тарту мақсатында биыл Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш, Келес, Төлеби, Отырар, Шардара, Ордабасы аудандарында және Түркістан қаласында кәсіпкерлермен кездесу-семинарлар өткізілді. Семинар кездесулердің негізгі мақсаты кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау бағдарламаларын түсіндіру және кәсіпкерлерден кері байланыс алу. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.