Түркістан облысы

Түлкібаста жолдардың қысқа дайындығы пысықталды

Түлкібас ауданы таулы аймақ болғандықтан қыс мезгілі ерте түсіп, қарлы борандар жиі болып тұрады, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі.

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Түлкібас ауданы таулы аймақ болғандықтан қыс мезгілі ерте түсіп, қарлы борандар жиі болып тұрады. Ауа-райының қолайсыздығы жолаушыларға ыңғайсыздық туғызып, автокөліктердің қар құрсауында қалуына себепкер болып жатады. Аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте барлық бағыттағы жолдардың қыс мезгіліне дайындығы пысықталды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері және аудан аумағындағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға жауапты мекеме өкілдері қатысты.

Жалпы, Түлкібас ауданы аумағында 59 шақырым республикалық, 242,9 шақырым облыстық, 96,6 шақырым аудандық және 442,6 шақырым елді мекен көшелері бар. Аталған бағыттардағы жолдардың қысқа дайындығы жайында аудандық ТҮКШЖК және АЖ(ЖКХ) бөлімі басшысының орынбасары А.Бейсеев баяндама жасап, қыс мезгілінде жол тазалығына жауапты мекемелерді аралау барысында анықталған кемшіліктерге тоқталды.

Сонымен қатар, күн тәртібінде аудан аумағындағы коронавирустық инфекциясымен күрес және міндетті әлеуметтік сақтандыру жұмыстарының барысы, ұлттық халық санағы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен 8 ай қорытындысымен индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы талқыланды.

Баяндамашылардан соң жиынды қорытындылаған аудан басшысы жол тазалыған жауапты мекеме басшыларына қыс мезгілінде әр бір бағыттағы қауіпті учаскелерді қардан дер кезінде тазалау, қажеттілігіне қарай қар ұстағыш тосқауылдарды орнату, техника мен көктайғақта жол бетіне себетін инертті материалдардың жеткілікті болуын тапсырды. Өткен жылғы кемшіліктердің қайталанбауын ескертіп, аудан аумағындағы барлық жол асулары бақылауда болу қажеттігін атап өтті. Аталған мекемелердің қысқа дайындығын жеке-жеке аралап, қадағалайтыңдығын жеткізді.

Онлайн халық санағына тіркеу жұмыстарын және индикаторлық көрсеткіштерін төмен орындаған ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына ескерту жасап, жұмысты жандандыруды тапсырды. Ұжымдық имунитет қалыптастыру мақсатындағы екпе егу жұмыстары да күн тәртібінде басты мәселе екендігін айтып, бұл бағытта да жұмысты барынша жандандыру қажеттегін атап өтті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.