Түркістан облысы

Төлебилік ауылдар күн сайын көркейіп жатыр

0
(0)

Төлебилік ауылдар туған ауылдарын көркейтіп жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz.

Төлеби ауданы Киелітас ауылдық округі Ақайдар елді мекенінің тұрғындары ұйымдасып елді мекенді абаттандыру, көркейту жұмыстарын қолға алған. Бүгінде елді мекенде 1994 жылғы туылған азаматтары ұйымдасып елді мекеннің кіре берісіне арка орнатып, тұрғындардың ризашылығын алды.

Бұған қоса,елді мекен тұрғындары мен жастары бірлесіп, жол бойына ағаш көшеттерін егіп, оған тамшылатып суғару әдісін қолдануда. Мәселен, елді мекеннің 1992 жылғы туылған жастары өз қаражаты есебінен Бейбарыс сұлтан, Алаш, Жас Дәурен, Тұмар көшелеріне жалпы 59 электр бағаналарын орнатып, түнгі жарық шамдарын қосты. Жас Дәурен, Наурызым көшелеріне тас төселіп,елді мекенінің жастары ұйымдасып, өз қаражаттары есебінен, елді мекеннің кіре беріс жеріне ұлттық нақышта қазақ домбырасы, қазақ шаңырағы, қазақ қобызын белгілеп орнатқан кіші архитектуралық кескіндер орнатты.

Сондай-ақ, ауылазаматтары бірлесіп өз қаражаттарына салған ашық спорт алаңшасын және ауыл тұрғындарының тынығып, демалуы үшін саябақ салып, «Наурыз» алаңшасына сахна орнатып, ағаштар еккен. Ынтымағы жарасып, ауызбірлігі берік ауыл халқының бірлесіп атқарған істері көпке үлгі боларлықтай.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button