Түркістан облысы

Ордабасыда жеміс-жидек пен ет сақтайтын қойма ашылады

Мәжіліс депутаттары Ордабасы ауданына іссапармен барды, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі.

2021 жылы, 27 тамызда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері – Дархан Мыңбай мен Құдайберген Ержан Түркістан облысы, Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен барды. Депутаттар Бадам ауылындағы заманауи әрі стандартқа сай, цифрландырылған «Александровский сад» ЖШС-нің сыйымдылығы 1600 тоннаны құрайтын қоймасының жұмысымен танысты. Кездесуге Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев, облыстық мәслихат депутататтары мен жергілікті кәсіпкерлер қатысты.

«Александровский сад» ЖШС-нің қоймасында жеміс-жидекті және ет өнімдерін сақтауға толық жағдай жасалған. Құрылысы аяқталып, аздаған жұмыстары ғана қалған. Қыркүйекте іске қосылады. Аталған кәсіпорын директоры Бақтияр Тағаев қойманың мүмкіндігімен таныстырып, өңірдің экспорттық әлеуетін көтеруге күш салып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, мұнда Голландия, Германия, Италия, Ресей және Венгрия мемлекеттерінен озық техникалар әкелінген. Мұнда өнімдерді бір жылдан астам уақыт бойы сақтауға мүмкіндік бар. Осы қоймада Ордабасы ауданын дамыту бағытындағы жұмыстар мен жобалар таныстырылды. Халық қалаулылары аудан тұрғындарын жұмыспен қамту, олардың жалақыларын уақтылы беру, халықтың әлеуетін көтеру жөнінде ой қозғады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.