Түркістан облысы

Түркістандық жастар жолда қалған азаматтарға ас-ауқат таратты

Түлкібастық жастардық ұйымдастыруымен жолда қалған жолаушыларға түскі ас таратылды, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі.

Күні кеше Жамбыл облысында орын алған апат салдарынан Тараз-Алматы бағытындағы теміржол уақытша жабылғаны мәлім.

Осы орайда Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен және аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерімен, ерікті жастар Түлкібас станциясында апат салдарынан түнгі сағат 23:00-ден бері аялдап тұрған Ақтөбе-Алматы бағытындағы жолаушылар поездінің 460 жолаушысына түскі ас таратты.

Сондай-ақ, мұндай игілікті істі Арыс қаласының азаматтары да ұйымдастырып, мыңнан астам адамға көмек көрсеткен.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.