Түркістан облысы

«Nur Otan»: Жетісай және Арыс филиалдарының төрағалары сайланды

0
(0)

Бүгін «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының кезектен тыс VІII есеп-беру сайлау конференциясы онлайн форматында өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық Саяси кеңесі бюросының мүшесі Бейсен Тәжібаев, аудандық мәслихат хатшысы, депутаттық фракцияның мүшелері, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар қатысты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары партияның алдында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламаны орындау міндеті тұрғанын, депутаттар мен жергілікті атқарушы органдарға үлкен жауапкершілік жүктелгенін, ел сенімін ақтау бағытында тоқтаусыз жұмыс жүретінін жеткізді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы болып Жетісай ауданының әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы сайланды.

Сонымен бірге жиында «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған жоспарлары да тыңдалды. «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауовтың айтуынша, филиал тарапынан елдің талап-тілектері ескеріле отырып, ауқымды жұмыс атқарылған. 2019 жылы партия филиалының 422 өтініш түссе, 2020 жылы бұл өтініш бірнеше еселеніп, 1928-ге жеткен. Өтініштер мен арыздардың басым бөлігі – әлеуметтік қамсыздандыру, инфрақұрылымға бйланысты. Өтініштердің 1009-ы оңтайлы шешілген.

Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамы бекітіліп, Түркістан облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясына 16 делегат сайланды. Сонымен қатар конференция делегаттарының қатысуымен Саяси кеңес бюросының құрамы бекітілді.
Осы күні Бейсен Тәжібаев Арыс қаласында өткен «Nur Otan» партиясы Арыс қалалық филиалының кезекті ХLI есеп беру-сайлау конференциясына қатысты. Облыстық саяси кеңес мүшелері, облыстық маслихат депутаты Рабиға Қуатбекова мен Арыс қалалық мәслихатының хатшысы Амантай Байтанаев та конференция төрінен табылды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Арыс қалалық партия филиалының төрағасы болып қала әкімі Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы сайланды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Арыс қалалық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы баяндама тыңдалды. «Nur Otan» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақтығали Ділдабеков екі жылда партия тарапынан қаланы дамыту бағытында нақты жұмыстар атқарылғанын айтты.

2019 жылы жарылыстан кейін партия орталық аппаратының ықпалымен Ақымбеков, Құдайбердіұлы көшелеріндегі көпқабатты 2 үй және жеке секторлардағы тұрғын үйлер қалпына келтіріп, әлеуметтік және гуманитарлық көмектер көрсетілген. Партиялық жобалар, конференциялар мен идеологиялық жұмыстар кестеге сай атқарылған.

2019 жылы қалалық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесіне 960 арыз-шағым келіп түсіп, оның 604-і оңтайлы шешімін тапты. 2020 жылы партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 760 адам жүгінген. Тиісінше онлайн-өтініштердің саны күрт артқан. Facebook және Instagram әлеуметтік желілері арқылы – 248, Whatsapp арқылы 424 өтініш келіп түскен. Қарау нәтижелері бойынша 464 өтініш оңтайлы шешіліп, 296 өтінішке заң аясында кеңестер берілді. Былтыр қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 75 қабылдау жүргізіліп, 232 астам азаматтардың мәселелері қаралды», – деді Б. Ділдәбеков.

Сонымен қатар пандемияға байланысты төтенше жағдай кезінде Арыстағы аз қамтамасыз етілген 1500 отбасына «Біргеміз» қоғамдық қорынан 50 мың теңгеден берілген.

Конференциядағы күн тәртібіндегі барлық мәселе қабылданып, тиісті қаулы қабылданды.

Жол картасы аясындағы міндеттерді уақтылы әрі сапалы орындауға күш саламыз!», – дейді арыстық партия белсенділері.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button