Түркістан облысы

Түркістан облысында үш трактордың күлі көкке ұшты

0
(0)

Тергеушілер тарапынан бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында полицейлер өрт қою жайты бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Polisia.kz. порталына сілтеме жасап.

23 маусымда Бәйдібек аудандық полиция бөліміне Боралдай ауылында белгісіз жағдайда үш МТЗ-80 тракторы жанып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлімі «Қасақана өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Тергеушілер тарапынан бірқатар сараптамалар тағайындалды. Өз кезегінде Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар, қасақана өрт қойған күдіктілердің жеке басын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close