Түркістан облысы

Түркістан облысында студенттер жол үстінде «дискотека» ұйымдастырған

0
(0)

Түркістан облысында жол ережелерін бұзған кортеж ұйымдастырушылары жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Түркістан облыстық ПД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жол қауіпсіздігі ережесін бұзып, бірнеше автокөлікпен «кортеж» ұйымдастырғандар жайлы бейнежазба таралған.

«Тексеру кезінде оқиға Түркістан облысының Төле би ауданында орын алғаны анықталды. Тәртіп бұзушылардың жеке басын анықтау мақсатында Төле би АПБ-нің полицейлері барлық қажетті іс-шараларды жүргізіп, жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.Тәртіп бұзушылар Шымкент қаласындағы колледждердің бірінің студенттері болып шықты, олар Төле би ауданы арқылы Қазығұрт ауданына өтіп бара жатқан.Нәтижесінде полиция қызметкерлері 2 «Мерседес» көлігінің жүргізушілері мен «Лада» және «ВАЗ» автокөліктерінің жүргізушілерін анықтады», -делінген ресми хабарламада.

Полиция қызметкерлері «Мерседес» жүргізушілерін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы «жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамау» және 601-бабы «жолдың жүру бөлігінде жол белгілері мен таңбалармен белгіленген талаптарды сақтамау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Тәртіп сақшылары сондай-ақ қалған көліктердің иелерін анықтады. Аталған «ВАЗ «және» ЛАДА » автокөліктері айыппұл тұрағына қойылады.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close