Түркістан облысы

Түркістан облысында көлік апатынан төрт адам қаза тапты

0
(0)

Түркістан облысындағы Жетісай-Шардара автожолында екі жеңіл көлік бетпе-бет соғысқан. Салдарынан жолаушылар мен жүргізуші ауыр жарақаттанып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Newsroom + тілшісі ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай бүгін шамамен сағат 14:30-да болған.

 

«Жетісай-Шардара автожолының 8 шақырымында, Кетебай ауылының бойында «Нексия» және «Лада-Vesta» маркалы екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Нексия» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы және «Лада-Vesta» көлігінің 1 жолаушысы қаза тапты.

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы болған жерде Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. ҚР ҚК 345-бабы «Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтау үстінде» делінген хабарламада. Осы категория бойынша: « Ақтөбе хром қосындылары зауытында төрт адам көз жұмды

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close