Түркістан облысы

Түркістан: Сарыағашта инвестор тарту арқылы спорт кешені салынады

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласына спорт кешенін салу үшін инвесторлар тарту мәселесі бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды newsroom.kz

Аталған кездесуде спорт кешенін салуға инвестор тарту мәселесі жан-жақты талқыланып, шешу жолдары қарастырылды. М.Асилов спорт кешенін салуда инвестор болуға келісім берген азаматтардың бар екендігін айтып, спорт кешенінің дайын жобасымен таныстырды. Жоба бойынша спорт кешенінде заман талабына сай жатақхана, асхана, спортпен шұғылдануға арналған арнайы зал қарастырылған. Спорт кешенінің жобасымен танысқан аудан әкімі қала әкімі мен аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысына спорт кешеніне арнайы жерді заңдастырып беруді тапсырды.

Айта кетсек, ауданға инвесторлар тартылып, жаңа нысандардың ашылуы аудан бюджетінің ұлғаюына алып келеді. Сонымен қатар, ашылған нысандарда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып, жұмыссыз мәселесін шешуге де өз септігін тигізеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.