Түркістан облысы

Түркістандық журналистер ел чемпионы атанды

Фото: Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Қарағанды қаласында төрт жылда бір рет өтетін бұқаралық ақпарат қызметкерлері арасындағы дәстүрлі спартакиада аяқталды деп жазады newsroom.kz.

Спорт додасына еліміздің бірнеше өңірінен сала мамандары қатысты.

Журналистердің Олимпиадасына баланатын бұл республикалық жарыста Түркістан облысы құрамасы жалпыкомандалық есепте бас жүлдені иеленді. Спорттың бес түрін қамтыған сайыста ақпарат құралдары өкілдері қазақ күресі мен шағын футбол, волейбол және үстел теннисі, бильярд спортынан республика бойынша іріктелген құрамалар бақтарын сынады.

Тартысты өткен спартакиадада көш бастаған түркістандықтар қоржынында 3 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль бар. Ал, жалпыкомандалық екінші орынға Шымкент қаласының командасы қол жеткізді. Командалық үшінші орынға жергілікті Қарағанды құрамасы жайғасты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы тағайындалған кубоктармен және дипломдармен марапатталды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.