Түркістан облысы

Келіншек қайдан табылды?

Түркістан облысының полицейлері бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып, халықаралық іздеу жарияланған жас келіншекті жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде аман-есен тапты, – деп жазады Newsroom.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап

Еске салайық, Түркістан облысы Сауран ауданындағы полиция бөліміне жоғалып кеткен келіншектің анасы арызданған. Ол арызында қызы ауруханаға кететінін айтып, үйден шығып, із-түссіз жоғалып кеткенін айтқан.

Жоғалған келіншекті жедел іздестіру мақсатында Түркістан облысы ПД басшысы, полиция генерал-майор Мұрат Қабденов бірқатар тапсырма беріп, бұл деректі жеке бақылауына алды. Түркістан облысы ПД басшысының орынбасары Құрманбек Саовтың басшылығымен тәжірибелі полицейлер іздеу жұмыстарымен айналысты. Сонымен қатар, іздеу жұмыстарымен қалалық және ауданық полиция департаменті бөлімдерінің қызметкерлері айналысқан.

Тараз, Қызылорда, Шымкент және Алматы полицейлері де іздеу жұмыстарына кіріскен болатын. Келіншекке халықаралық іздеу де жарияланды.

Осылайша, күні-түні мұқият жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижесінде Назым Алдаш Жамбыл облысының Жаңатас қаласынан табылды. Полицейлер Назымның азаматтық жұбайымен бірге болғанын анықтады. Қазіргі уақытта жас келіншектің жоғалу себептері тексеріліп жатыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.