Түркістан облысы

Түркістан: Алда ағын су тапшылығы орын алады

0
(0)

 

Жетісай ауданында алдағы айда ағын судың тапшылығы күтіліп отыр, деп хабарлайды NewsRoom.kz. тілшісі.

Негізгі бағыты аграрлы сала саналатын Жетісай ауданында алдағы айда ағын судың тапшылығы күтілуде. Оған себеп – мемлекетаралық келісім бойынша тамыздан бастап ауданға келетін ағын судың көлемі төмендемек. Бүгінде «Достық» халықаралық каналы арқылы Жетісай ауданына 62 текше метр су келіп тұр. Оның 50 текше метрін шаруалар егістіктеріне пайдаланса, 12 текше метрі горизонтта тұр. Тамыздан бастап Өзбекстаннан келетін судың көлемі 50 текше метрге төмендейді.

Бұл жөнінде Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Асан Маханбетов жергілікті шаруалармен өткен жиында айтты. Аталмыш жиынға ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен ауыл шаруашылық өндірістік кооператив басшылары, су қауымдастықтарының төрағалары қатысты. Басты мақсат – ағын суды тиімді пайдаланып, егістік алқаптарын толықтай суғарып алуды ұйымдастыру, дихандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

«Биылғы жылы ауданда 43 156 га жерге шитті мақта егілсе күні бүгінге дейін 14 мың га-ға жуық егістік алқап қана суғарылған. Бұл бар-жоғы 32% ғана. Сондықтан, келіп жатқан суды тиімді пайдаланып, тез арада суғарып алмаса алдағы айда судың тапшылығы сезілетіні жасырын емес. Ал, дәл қазір су ішпеген мақтада салмақ болмайды», – дейді Асан Маханбетов.

Сала мамандарының мәліметінше сонау Қырғыз елінің 19,5 млрд текше метрлік Тоқтағұл ГЭС-інен бастау алатын ағын су Тәжікстанның Қайраққұм су қоймасына, одан асып Өзбекстан арқылы «Достық» халықаралық каналымен бізге келеді екен. Аталмыш каналдың біздің елге тиесілі үлесі 49 шақырым. Ал, Жетісай ауданы осы каналдың соңында орналасқандықтан су тапшылығына қарсы машиналық әдіспен Шардара су қоймасынан қосымша су тартуға насостар орнатылған. Әйтсе де, 1-20 шілде аралығында мүлдем іске қосылмаған машканал министрліктің қарамағына өтіп кеткен, ағын суды жеткізіп береді деп оған да үміт артуға болмайды.

Айта кетейік, мақталық алқаптарда ауыл шаруашылығы зиянкестерінің ІІІ кезеңіне қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан дихандар ағын суды ала алмай отыр. Басқосу барысында дәрілеуді барынша тездетіп, алқаптарды суғарып алу керектігі қатаң ескертілді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button