Түркістан облысы

Түркістан Хорватиямен ынтымақтастықты нығайтады

0
(0)

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Хорватияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рефик Шабановичпен кездесті. Бұл. туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  Кездесу барысында тараптар Хорватия мен Түркістан облысы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, тараптар туризм, спорт және ауыл шаруашылығын дамыту туралы пікір алмасты. Облыс әкімі екі ел арасындағы алдағы жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.

Келер жылы елдеріміз арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады. Бізге Хорватияның ақпараттық технологияны,  туризм мен спорт салаларын дамытудағы тәжірибесі өте құнды. Хорватияда футбол өте жақсы дамыған.  Сіздерде мықты жаттықтырушылар мен ойыншылар бар. Осы тұрғыда біз футбол командасын күшейтуге күш саламыз. Сонымен қатар, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ашықпыз», – деді Ө.Шөкеев.

Өз кезегінде Рефик Шабанович екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, Түркістан облысында жүзеге асыруға болатын бірқатар жаңа жобаларды атап өтті. Хорватиядағы туризм экономиканың негізгі драйвері болып табылатынын және олар осы саланы дамытудың табысты тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін жеткізді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button