Қылмыс/ОқиғаТүркістан облысы

Сары-Айғырға серуенге кеткен студенттер ұшты-күйлі жоғалды

3.7
(3)

Түркістан облысында тауға шығып адасып кеткен студенттер әлі табылған жоқ. Жеті адам осыдан алты күн бұрын Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінде орналасқан Сары-Айғыр шатқалына серуендеуге кеткен, деп хабарлайды  КТК арнасы.

21-мамыр күні тауға жаяу бет алған топ үш күннен кейін үйіне оралуы керек еді. Межелі уақытта келмеген соң, туыстары құтқарушыларға хабарласыпты. Жоғалғандарды іздеп жатқан жақындарына төтеншеліктер, полицейлер мен шекара қызметкерлері де қосылды. Олар атпен де, итпен де іздеп, тіпті тікұшақ пен қос квадрокоптер жұмылдырылды. Жоқ іздеушілер 40 шақырым жерді жаяу тінтіп шықты. Ал дронмен төрт шақырым аумақ қаралды. Бірақ алты студент пен бір мектеп бітіруші түлек ұшты-күйлі жоқ.

Қанат Қарабалаев, Түркістан облысы ТЖД азаматтық қорғау басқармасының бастығы

4-курс студенттері, екеуі Ақтөбе облысынан, біреуі Атырау облысынан, біреуі Орал қаласынан және де Жезқазғаннан. Іздеу жүргізіліп, әзірге нәтижесін берген жоқ. Үш бағытта іздестіру топ жүргізіліп жатыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.7 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button