Түркістан облысы

Түркістан: Сарыағаш ауданында көмірдің жеткілікті қоры бар

Сарыағаш ауданында көмір тапшылығын жою мақсатында біршама жұмыстар атқарылып, көмір қоры тұрақталған, деп newsroom.kz хабарлайды.

Тарқата айтсақ, желтоқсан – қаңтар айларында ауа райының күрт суытуына байланысты, жылыжай шаруашылығына біршама қауіп төнген. Төтенше жағдайларға байланысты 2023 жылдың 1-27 қаңтар аралығында ауданға 481 вагон, яғни 33 мың 189 тонна көмір жеткізілді. Ал бүгін ауданға қосымша 69 вагон көмір келіп, тағы 181 вагон ауданға бағыт алған.

Қазіргі таңда аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, жылыжайлардағы өнімдерді аман алып қалу үшін бірінші кезекте осы шаруашылықтарға көмір жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетсек, темір жол тұйықтарына жеткілікті мөлшерде көмір келген. Бүгінде аудан шаруаларының жылыжайларға көшет отырғызу жұмыстарын бастауға негіз бар. Жалпы ауданда  683,2 га жылыжай орналасып, оның  400,0 га жуығы жылытылмақ.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.