Түркістан облысы

Түркістан: Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарына арналған 647 орын белгіленген

Түркістан облысында ҚР Президенттігіне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарына арналған 647 орын белгіленген. Жалпы облыста бүгінде 1 168 475 дауыс беруші, 919 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде 26 орын жабық учаске болып саналады, деп newsroom.kz хабарлайды.

Бүгінде орталық сайлау комиссиясы бекіткен эскиз бойынша 271 сыртқы жарнама, оның ішінде 237 билборд пен 15 баннер, 19 лед-экран шығарылып, орналастырылған.

Бұдан бөлек, облыстың әр өңірінде президенттікке үміткер кандидаттардың жарнамалық конструкцияларына орын бөлу мәселесі пысықталды.

Қазіргі таңда кандидаттардың үгіт-насихат материалдары 152 жарнамалық конструкцияға ілінді.

Сонымен қатар, өңірдегі 17 аудан, қалада кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 647 орын, оның ішінде 230 стенд пен 417 ақпараттық тақта белгіленген. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін де 300-ден аса орын қарастырылған.

Қазіргі таңда 6 кандидаттың облыстық штабы құрылып, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Ал, штаб кеңселері облыс орталығы Түркістан қаласында орналасқан.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.