Түркістан облысы

Алдағы сайлау елдігімізді көрсететін сәт

2022 жылдың 20 қараша күні елімізде үлкен саяси маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.

Бүгінде Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлер арасынан талапқа сәйкес 6 үміткерді тіркеді. Қазіргі таңда үміткерлердің сенімді өкілдері айқындалып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы, алдағы Президент сайлауы – еліміздің болашағына әсер ететін болады. Сондықтан, осындай тарихи шақта ел тағдырына бейжай қарамай, саяси науқанға белсене қатысу – барлығымыздың азаматтық борышымыз деп білемін.

Дана халқымыз «Бірлікті ел бұзылмас» – деп айтқандай, айтулы сәтте барлығымыз жұмылып, сайлауға белсенді қатысып, еліміздің кемел болашағы үшін өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын.

Қайрат БАЛАБИЕВ,

Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.