Түркістан облысы

Медициналық ұйымдардағы дәрілік заттар қоры 2 айға жетеді

0
(0)

Түркістан облысында 55 күнге жететін арнайы қорғаныш құралдары бар, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі.

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Мерамбайқызы облысымыз жасыл аймақта болғанмен, вакцина салдырып, карантиндік талаптарды сақтау әлі де өзекті екенін жеткізді.

«Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі» жоспарына сәйкес, Түркістан облысына ақпан айынан бастап жалпы 736 460 доза вакцина жеткізілді. Бүгінге дейін 734 473 адам екпенің 1-ші компонентін алса, 564 694 азамат 2-ші компонентін алып үлгерді Қазіргі таңда, облыстағы медициналық ұйымдардағы дәрілік заттар қоры 2 айға, арнайы қорғаныш құралдары 55 күнге жетеді», – деді А.Мейрамбайқызы.

Сондай-ақ, Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасы директоры орынбасарының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Кәрімбаев қоғамда індеттің таралуын болдырмау мақсатында іске асырылған «Ashyq» жобасы өзінің оң нәтижесін беріп жатқанын баяндады. Қазіргі таңда, аталған қосымшаның көмегімен 8 мыңға жуық кәсіпкерлік нысандары өз кәсібін ойдағыдай жүргізіп отыр.

Сондай-ақ, брифингте 1 қыркүйектен бастап мониторингтік топтар кәсіпкерлік нысандарда халықпен тікелей тығыз жұмыс істейтін азаматтардың екпе салдырғаны бойынша тексеру шаралары қолға алынаты белгілі болды.

Айта кетейік, өңірімізде пандемия басталғалы бері «COVID-19» індетін 12 517 адам жұқтырса, оның 11 146-сы аурудан жазылған, ал 66-сы қайтыс болған.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button