Түркістан облысы

Түркістан: Сайрамда 58 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі

0
(0)

Сайрам ауданында биыл 58 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды NewsRoom.kz.

Ауданның даму бағдарламасына сәйкес, биыл 58 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланса, жыл басынан бері 42,6 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне тапсырылған.

Бүгінгі таңда Сайрам аудандағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде 2 425 азамат тіркелген. Тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында 2020 жылы Ақсу ауылы, Интернациональная көшесінде орналасқан тұрғын үй (көлемі 592,4 ш.м.) ғимаратына аудандық бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 17 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар баспанамен қамтылған. Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында былтыр тұрғын үйге мұқтаж 5 отбасыға ипотекалық тұрғын үйді сатып алу үшін бастапқы жарнасын төлеуге 5 млн теңге сертификат түрінде берілген. Одан бөлек, баспанаға мұқтаж ретінде кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға республикалық бюджет есебінен 249 млн теңгеге 31 коммуналдық тұрғын үй сатып алынған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button