Түркістан облысы

Түркістан: COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны – 113-ке жетті

0
(0)

 

Соңғы мәліметке сәйкес, Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 4 азамат тіркелді.
Түркістан облысы, Кентау қаласы, Бабайқорған ауылының 1990 ж.тұрғыны мен Мақтаарал ауданы, Ержар ауылдық округі, Азамат ауылының 1995 ж. тұрғынынан 26 сәуір күнгі скрининг алу нәтижесімен COVID-19 инфекциясы анықталды. Қос азамат та Атырау қаласында жұмыс істеп, 25 сәуір күні «Атырау-Шымкент» әуе рейсімен келген.
Сондай-ақ Бәйдібек ауданы, Шаян ауылының 1978 ж.тұрғыны да індетке шалдыққаны белгілі болды. Ол 13 сәуірден үй карантинінде болған. Ал, Мақтаарал ауданы, Атакент кентінің 1992 ж. тұрғыны 26 сәуір күні Ресейден келген.
Аталған азаматтармен жақын байланыста болғандар анықталуда.
Науқастардың жағдайы орташа, дене қызуы қалыпты, шағымы жоқ.
Жалпы облыс бойынша қазіргі таңда вирус жұқтырғандар саны – 113.
Атап айтқанда, Жетісай -21, Ордабасы-9, Кентау қаласы -10,
Сайрам ауданы-3,
Мақтаарал-7,
Арыс қаласы -17, Туркістан қаласы-13,
Байдібек-3, Сарыағаш -16, Қазығұрт – 7,
Созақ – 5, Түлкібас -1, Төлеби ауданы -1.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close