Түркістан облысының ауруханалары германиялық өкпені жасанды желдету аппараттарымен толықты
Германияда өндірілген «Jenny» маркалы өкпені жасанды желдету аппараттарымен Түркістан облысының барлық аудандық, қалалық ауруханалары қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі .
Жаңа медициналық аппаратты облыс әкімдігінде арнайы мамандар таныстырды. Өмірзақ Шөкеев COVID-19 инфекциясының таралуына қатысты жағдайдың қатаң бақылауда екенін атап өтті.
Облыстық бюджет есебінен қаржыландырылған 26 өкпені жасанды желдету аппараттары ең алдымен Жетісай, Ордабасы, Кентау, Отырар, Сарыағаш, Сайрам, Қарабұлақ, Түлкібас аудандық орталық ауруханалары мен Түркістан қалалық орталық және балалар ауруханасына жеткізілген. Аталған қондырғыларға облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы өткен жылдың желтоқсан айында тапсырыс берген. Сол уақтта белгіленген бағамен әрқайсысы 16 миллион теңгеге сатып алынды.
Жеткізуші компания өкілдерінің құрал-жабдықтарды Алматы қаласынан Түркістан облысына ешбір кедергісіз тасымалдауы бақылауға алынған болатын.