Түркістан облысы

Түркістан облысында кәсіпкерлердің саны 160 мыңға жетті

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының ұйымдастыруымен барлық аудан және қалаларда кәсіпкерлермен семинар-кездесулер өтуде, деп newsroom.kz хабарлайды. Семинар-кездесулердің негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге және кәсіпкерлікті бастауға ниет еткен халыққа мемлекеттік қолдау шараларын насихаттау.

Аудан және қалаларда өткен семинар-кездесулер өз нәтижесін көрсетуде. Кәсіпкерлікпен айналыстан адамдар саны артып келеді. Небәрі 7 айдың ішінде жаңадан 15 мың кәсіпкерлік субъектісі құрылып, шағын және орта бизнестің саны 160 мыңға жетіп отыр.

Кәсіпкерлікті жүргізу үшін өңірде қолайлы бизнес климат қалыптасқан. Бизнес үшін қаржылай қолдау шаралары қолжетімді. «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары кәсіпкерлерге үлкен серпін беріп жатыр. Осы бағдарламалар арқылы кәсіпкерлер 17 млрд. теңгеге жеңілдетілген несиелерді пайдаланды. Жалпы, бағдарламаларды орындау бойынша өңір республикада алғашқы үштіктің қатарында келеді.

Бұдан басқа жергілікті деңгейде жас кәсіпкерлер және стартап жобаларды қолдау үшін қажетті бағдарламалар қабылданған. Мәселен, кәсіпкерлер жаңадан құрылған «Атамекен-Түркістан» микроқаржы ұйымы арқылы жеңілдетілген 6%-бен несие ала алады. Бүгінде бұл мүмкіндікті кәсіпкерлер ұтымды пайдаланып, 1,8 млрд. теңгеге қаржыланып отыр.

Несиені алу кезіндегі басты шарт – кепілзаттың болуы. Көптеген кәсіпкер осы тұрғыда қиындыққа тап болады. Осы мақсатта елімізде алғашқы болып үлкен кәсіпкерлердің қолдауымен «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алған болатын. Жоба арқылы үлкен кәсіпкерлер кіші кәсіпкерлерге көмектеседі. Қазірдің өзінде 20-дан астам стартап жаңа жоба үлкен бизнес өкілдерінің қолдауына ие болды.

Кәсіппен айналысамын деген жанға бағыт-бағдар беру үшін ақысыз негізде жұмыс істейтін «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының» филиалдары барлық аудан және қалаларда орналасқан.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.