Түркістан облысы

Отырар ауданында «Нәтиже» пилоттық жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр

Түркістан облысы, Отырар ауданында «Нәтиже» пилоттық жобасы биыл 16 мамырда іске қосылды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, қызмет көрсетуші мекемелердің жауапты қызметкерлері нақтыланып, тізімі мен кестесі бекітілді, деп newsroom.kz хабарлайды.

Бекітілген кестеге сәйкес Отырар ауданында аудан әкімі аппаратының әкімшілік және жалпы бөлімінің жауапты маманы Жаймұрзаев Еркебұлан және дербес бөлімдердің тиісті мамандары арнайы аптасына бір күн «Азаматтарға арналған Үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ аудандық филиалының мамандарымен бір ғимаратта отырып, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне азаматтардың өтініштерін тіркеу жұмыстарына кеңестер берді. Сондай-ақ аудан әкімдігі жанындағы халықтық кеңседе жауапты мемлекеттік қызметші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету, кеңес беру, канцелярия қызметкері «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде азаматтардың өтініштерін тіркеп, аудан әкіміне және орынбасарларына жеке қабылдауына тіркеу жүргізді.

Биылғы жылдың 11 шілдесінен бастап Отырар ауданы әкімдігі жанындағы халықтық кеңседегі қызметкерлер ХҚКО-дағы «Нәтиже» фронт офисіне орналасты. Мұнда күнделікті аудан әкімі аппаратының әкімшілік және жалпы бөлімінен 1 жауапты маман және дербес бөлімдерден 6 жауапты маман (бір мезетте кестеге сәйкес 4 қызметкер) тұрғындарға қызмет көрсетіп, кеңестер беруде.

Жалпы 16 мамыр мен 19 шілде аралығында ХҚКО-да қабылданған өтініштер (е-гов) саны — 5, берілген кеңестер — 54 және көрсетілген қызметтер 17 болып отыр.

ХҚКО-да орналасқан қызметкерлердің жұмыс станциялары толық тиісті бағдарламалармен қамтамасыз етіліп, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының көмегімен 8 мбит/сек жылдамдықта байланыс орнатылды.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.