Түркістан облысы

Түркістан облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған 15 жасар қызды тапты

15 жасар қызының үйінен 4 күн бұрын ешкімге айтпастан шығып кетіп

Түркістан облысы Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Өз арызында әйел кәмелет жасына толмаған 15 жасар қызының үйінен 4 күн бұрын ешкімге айтпастан шығып кетіп, қайта оралмағанын көрсеткен. Ата-анасы қызын өз еріктерімен іздеп, алайда еш нәтиже шықпағанын айтқан. Сарыағаштық полицейлер ата-анасының қызды іздеуге жоғалтқан 4 күнін ескеріп, іздестіру жұмыстарына жеке құрамды жұмылдырды. Сонымен қатар, арнайы жедел уәкілдер тобы Шымкент қаласына қарай аттанды. Осылайша жан-жақты жүргізілген іздестіру жұмыстары өз нәтижесін көрсетті. Полицейлер жоғалған қызды Шымкент қаласынан тапты. Белгілі болғандай анасы мен қызы өзара сөзге келіп қалған. Ашуға бой алдырған 15 жасар қыз Шымкент қаласындағы құрбысының үйіне кетіп қалып, телефоның сөндіріп тастаған. Бүгінгі таңда жоғалған қыз отбасымен қайта қауышты. Тәртіп сақшылары қыз бен оның отбасы мүшелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қызының аман табылғанына риза болған анасы, сақшыларға алғысын айтты. Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Балаларыңыз немесе жақындарыңыз жоғалған жағдайда, тез арада 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.