Түркістан облысы

Түркістан:отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу мәселесі талқыланған жиын өтті

2021 жылғы 21 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйел мен балалардың құқығын қорғау, отбасындағы

2021 жылғы 21 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйел мен балалардың құқығын қорғау, отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында жоспарланған шаралар туралы азаматтық қауымдастықтармен кеңінен талқылап, барлық пікірлерді назарға алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында елдің әрбір өңірінде отбасы құндылықтарын сақтау, отбасындағы зорлық-зомбылықты алдын алу және отбасы институтын нығайтуға бағытталған заң нормаларын жетілдіру бойынша тұрғындармен кездесу шаралары өткізілуде. Осыған орай, бүгін Түркістан облысына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Лаззат Рамазанова арнайы іс-сапармен келді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев Лаззат Керімқұлқызын арнайы қабылдап, облыстағы осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар бойынша мәлімет беріп, пікір алмасты. Сонымен қатар, Лаззат Рамазанова облыстағы қоғам өкілдерімен кездесіп, отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мәселері жөнінде кеңес өткізді. Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Рашид Аюпов ашып, жүргізіп отырды. Аталмыш шараға әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу мәселелеріне қатысты тиісті сала басшылары, үкіметтік емес ұйым мүшелері және зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ жиында ардагерлер мен қоғамдық ұйым мүшелері өз ойларын ортаға салып, күн тәртібіндегі мәселенің қоғам үшін аса маңызды екенін айтты.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.