Түркістан облысы

Түркістан: мұғалімдер отбасында үшем дүниеге келді

Түркістан облысы, Жетісай ауданында үшем дүниеге келді.

Түркістан облысы, Жетісай ауданында үшем дүниеге келді. 34 жастағы Аягөз Қарымсақова № 2 Облыстық перениталдық орталығында екі қыз бен бір ұл босанды. Жаңа туған нәрестелерге Ернұр, Айнұр, Балнұр есімдері берілді. Сәбилер 37 аптасында дүние есігін ашқан. Қазір білікті дәрігерлердің арқасында енді туылған шақалақтар мен анасының денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Үшемдер 23 шілде перениталдық орталықтан шығады деп жоспарлануда. Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының бір ұл мен екі қызы бар. Әкесі мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Ал, анасы физика пәнінен сабақ береді. Былтыр № 2 Облыстық перенаталдық орталығында 6 мыңға жуық сәби дүниге келді. Жыл басынан бері 2885 нәресте туылған. Бүгінде орталықтың дәрігерлері жыл сайын біліктілігін арттырып, ана мен бала өмірін аман алып қалуда.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.