ҚоғамТүркістан облысы

Түркістандық түлектер көпбалалы отбасыға үй алып берді

2
(3)

Түлкібас ауданының 20 жыл бұрынғы түлектері көпбалалы отбасыға 4 бөлмелі баспана сыйлады.

Түркістанда 2000 жылғы мектеп түлектері мұқтаж сыныптасына үй салып берді Мектеп түлектері үйді көпбалалы Дүйсенбековтер отбасына табыстады. Отағасының мүгедектігі бар отбасы 13 жыл жалдамалы пәтерде тұрып келген. Мектеп қабырғасындағы өткен «Соңғы қоңырау» шарасынан кейін түлектер тосын сый жасап, кілтті отбасыға табыстады. Баспана заман талабына сай жөндеуден өткен. Электр жарығы мен су және газын да қосып, ішін қажетті жиһазбен де қамтыған. Осы уақытқа дейін аудан әкімдігінің қамқорлығында болып келген отбасыға алдағы уақытта жомарт жандар мен мемлекет тарапынан басқа да көмектер көрсетілмек.

Бұдан өзге, аудандағы Қарағашты ауылында Дауан жалпы орта мектебінің дәл осындай 20 жыл бұрын бітірген түлектері төрт бірдей мүмкіндігі шектеулі жандары бар Тәжібаевтар отбасының құлап қалған үйін қайта тұрғызып, баспанасын жаңартып берген. Сондай-ақ, аталған мектептің түлектері Қарағашты ауылының орталық мешітінің жылу жүйесін жүргізіп, кілемдерін жаңартып берген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button