Сайрам ауданы

Сайрам ауданында апатты мектептер мәселесі 100 % шешімін тапты

Түркістан облысы, Сайрам ауданында апатты мектептердің мәселесі 100% шешімін тапты. 2020 жылы  ауданда 1,7 млрд. теңгеге 7 білім беру нысандарының құрылыстары жүргізілді. Оның ішінде 1200 орындық 2 жаңа мектеп, 300 орындық 3 мектептің қосымша ғимараты пайдалануға тапсырылды. Тағы 2 нысан 2021 жылға өтпелі. Сондай-ақ, Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында №92 жалпы орта мектебіне 600 орындық жаңа ғимарат пайдалануға берілді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Қарабұлақ ауылында 3 тілде оқытатын  1200 орындық «Низамхан Сулайманов» атындағы жекеменшік мектеп ашылды.  Жалпы, былтырғы жылы бюджеттен Қарабұлақ ауыл округіне барлығы 257,5 млн. теңге қаржы бөлініп, мақсатты игерілді.

2021 жылға 244,1 млн теңге қаржы қаралып, тиісті жобалар мен жұмыстарды іске асыру көзделіп отыр. Яғни, Қарабұлақ ауылындағы 2 мектепке 17,1 млн. теңгеге қосымша оқу корпустарының құрылысының жобалық сметалық құжаттары әзірленеді. 62,5 млн теңгеге 2 көше орташа жөндеуден өтеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.