Түркістан облысы

Түркістан облысы кәсіпкерлерінің назарына

0
(0)

Бүгінгі күні Агенттіктің бастамасымен  Отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға және кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ инвестициялық қызмет барысында пайда болатын проблемалық мәселелер мен заңсыз қысым жасау деректерін жоюға бағытталған «Protecting Business and Invesments» (Бизнес пен инвесторларды қорғау) жобасы  Түркістан өңірінде қарқынды жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің шеңберінде іске қосылған бұл жоба – бизнес ортада сыбайлас жемқорлық көріністері мен  әкімшілік кедергілердің туындауына жол бермеуді және қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуді көздейді.

Қазіргі таңда, «Бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасы аясында Департаментпен жалпы құны 586 млрд.теңгені құрайтын 39 жоба сүйемелдеуге алынып, жыл басынан бері бизнесті қорғау шеңберінде 42 бизнес қауымдастықпен  екі жақты келісімге қол қойылған.

Департаментпен келісімге қол қойған инвесторлар 100% сыбайлас жемқорлық фактілерінен 24/7 принципі негізінде қорғалатынын облысқа қарасты кәсіпкерлердің назарына ұсына отырып, Департаментпен меморандумға отыру арқылы заңсыз қысым көрсету деректерінен толық қорғалуға шақырамыз!

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close