Түркістан облысы

Елдік – болмысымыздың белгісі

Мемлекет басшысы қаңтар қасіреті ел тарихындағы ең күрделі кезең ретінде халқымыздың жадында мәңгі сақталатынын атап өтті. Сондықтан қанды оқиға бәрімізге сабақ болып, тыныштық пен бейбітшіліктің қадір-қасиетін түсінуге шақырды. Ал елдің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау перзенттік парызымыз екенін еске салды.

Қаңтар оқиғасының өткеніне жылға жуықтады. Сол дүрбелеңнің ошағына айналған Республика алаңында тарихи кешен бой көтерді. «Тазғым» мемориалының ашылуына президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, гүл шоғын қойды.

Салтанатты рәсімге жиналғандар қаза тапқан азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Мемлекет басшысы қасіретті қаңтар елдігіміз сыналатын ең күрделі оқиғаның бірі болғанын атап өтті. Президент тәуелсіздігіміздің бойтұмары болған қалада бой көтерген мемориал тарихи орынға айналатынына сенімді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның аспанын қара бұлт торлаған күндер мәңгі жадымызда қалып, опат болған жандар ұмытылмайтынын айтты.

– Сол күндері халқымызға зор қауіп төнді. Мемлекеттігіміздің тұғыры шайқала жаздады. Тіпті, «ел болып қаламыз ба, жоқ па» деген сұрақ туды. Бірақ біз мызғымас бірлігіміздің арқасында қатердің бетін қайтардық. Елдігімізді таныттық, мықты мемлекет екенімізді көрсеттік. Ел ішіне іріткі салғысы келген топтарға тосқауыл қойып, жымысқы әрекеттің жолын кестік, – деді Президент.

Инара НАМАЗБАЕВА,

«Түркістан облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының Президенті, облыстық мәслихат депутаты

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.