Түркістан облысы

Ынтымақ – бірлігіміз арта берсін!

25 қазан – Республика күнінің біз үшін, еліміз үшін мән-маңызы айрықша. Өйткені бұл күн – Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы қаланған күн. 1990 жылы 25 қазан күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды.

Бұл күн елімізде Республика күні ретінде мемлекеттік мереке болып бекітілді. Кейін мерекелер қатарынан алынып тасталып, біраз жыл тойланбай қалған болатын.

Міне, енді осы маңызды мерекенің қайтып оралуын өз басым қуана қабылдадым. Өйткені, халқымыз үшін ең қымбат, ең қастерлі ұғым – тәуелсіздік. Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануының өзі халқымыздың тәуелсіздік үшін күрес тарихындағы айрықша оқиға, аса маңызды қадам еді. Оны жүзеге асыру жолында ұлт қайраткерлері, елдің адал перзенттері аянбай тер төкті. Сондықтан бұл тарихи күнді біз ешқашан ұмытпай, әсіресе, кейінгі жас ұрпақтың мерей тұтып, мақтан ететін қымбат құндылықтарына айналдыруымыз керек.

Біз бұл күнді салтанатты шаралармен атап өтіп қана қоймай, елдің үлкен бақыты – тәуелсіздікті сақтау, оны нығайту жолында әрқайсысымыздың жауапкершілігіміз бар екенін де терең сезіне түсуіміз қажет. Сондықтан бұл күн қоғамның ынтымақ-бірлігін арттыра түсетін мерекеге айналуы керек.

Қымбатты көпшілік! Баршаңызға мереке құтты болсын! Аспанымыз ашық болып, Отанымыз құт-берекеге тола бергей!

Бадритдин НИШАНКУЛОВ,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.