Түркістан облысы

Қасқасуда алма бау шаруашылығы қарқынды дамып жатыр

Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округінде алма бауы қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі.

Төлеби ауданы таулы аймақта орналасқандықтан өңір алма бауын өсіру үшін өте қолайлы. Қасқасу елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Жамбаев Ержан 19 га жерге 4500 түп «Алматы апорты» алмасын өсіруді қолға алған.

Бұрынғы кездері Алматы қаласы әлемге апорт алмасымен танымал болған. Исі жұпар аңқыған, дәмі тіл үйірер жеміске деген сұраныс артпаса, еш кеміген емес. Кәсіпкер алма бауын өсіру үшін мемлекеттен берілетін көмекке жүгініп, субсидия алған. Бүгінде жергілікті 4 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып, еңбекақыларын төлеп отырады.

«Қарқынды алма бағын өсіру үшін алғашқы жылы 7 гектарға 4.2 млн теңге, келесі жылы 11 га жерге 7 млн теңге субсидия алдым. Алматы апорты Қазақстан бренді болғандықтан алманың осы сортын таңдаған едім. Апорт өте дәмді алма және сұранысқа ие. Алманы күтіп-баптау жұмысы да оңай емес. Жемісті уақытылы дәрілемесең, көшеттер өспей қалуы мүмкін. Апорт алмасы тек 7 жылдан кейін өнім береді, 12-13 жылдан кейін бір түптен 700-800 килограммға дейін өнім алуға болады», – дейді кәсіпкер Ержан Жамбаев.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.