Түркістан облысы

Түркістан: Сауранда 900 орындық заманауи мектеп бой көтеріп жатыр

Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Қарашық ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды newsroom.kz.

 

Ең алдымен Қарашық елді мекеніндегі жеке кәсіпкер Хабибулла Азимовтың бастамасымен бой көтеріп жатқан 900 орындық заманауи Ясауи интелектуалды мектебінің құрылыс жұмыстарын бақылады. Жеке кәсіпкердің айтуынша, құрылыс жұмыстары жаңа оқу жылына дейін толық аяқталып, пайдалануға берілмек. Мектепте үш спорт зал, бассейн және жатақхана қарастырылған.

Бұдан соң аудан әкімі Қарашық елді мекенінің жоғарғы жағынан түсетін су қоймасына барды. Қосқорған су қоймасынан келетін ағын су жаз айында құрғап қалатындықтан Қарашық ауылының дихандары жыл сайын қиындық көріп отыр. Осыған байланысты ауылдық округ әкіміне ағын су мәселесін реттеу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды.

 

Келесі кезекте нысанды аралау үшін әкім Қарашық ауылындағы жеке кәсіпкер Усан Умаровтардың отбасылық кәсібі – гүл өсіретін жылыжай жұмысымен тынысты. Кәсіпкердің гүлдерін бүгінде алыс-жақын облыстардан келіп үйлеріне, мемлекеттік ғимараттарға сатып алушылардың қарасы көп. Мұндағы жылыжайда отбасы бақыты гүліне көпшілік тарапынан сұраныс артқан. Кәсіпкер алдағы уақытта жылыжай аумағын ұлғайтып, кәсібін дөңгелетуді көздеп отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.