Түркістан облысы

Түркістандағы өзекті мәселелерді шешу жолдары талқыланды

Қоғамдық-саяси ахуал және этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша құрылған жұмыс тобы Жетісай мен Сарыағаш аудандарына жұмыс сапарымен барып, көшпелі мәжіліс өткізді. Жұмысшы топ құрамында облыстық прокуратура, ҰҚК, Полиция департаментінің басшылары мен өкілдері, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, Қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев және өзге де азаматтар болды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Алдымен Жетісайда мәжіліс өтті. Жиында тұрақтылықты сақтау, ел бірлігін нығайту, қоғамдық-саяси ахуалды жақсарту бағытында келелі ойлар мен ұсыныстар айтылып, хаттамаға енгізілді. Сарыағашта өткен мәжілісте де ішкі саясат, өңірді идеологиялық қауіп-қатерлерден сақтау, ел арасында татулықты нығайту жөнінде проблемалар қозғалып, ұсыныстар айтылды. Жұмыс жоспарына енгізіліп, алдағы қадамдар сараланды.

Бұл мәжілістерге Жетісай, Сарыағаш, Мақтаарал, Шардара, Келес, Қазығұрт аудандарының басшылары мен құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысты.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.