Түркістан облысы

Түркістан облысының шаруалары Нұр-Сұлтанда өтетін жәрмеңкеге 500 тоннадан астам өнім жіберді

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай, тамыз айының 27-28 күндері Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысының тауарөндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі, деп newsroom.kz хабарлайды.

Түркістан облысы әкімдігі мен ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен өтетін жәрмеңкеге бүгін өңірдегі 71 тауарын өндірушінің ауыл шаруашылығы өнімдері 40 жүк көлігімен жолға шықты. Шаруалар мен кәсіпкерлерді аталған басқарма өкілдері шығарып салды.

Жәрмеңкеде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына құны 478 млн. теңгені құрайтын 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері 15-20% төмен бағада ұсынылады. Атап айтсақ, жәрмеңкеге 113,5 тонна ет және ет өнімдері, 165,5 тонна көкөніс, 23 тонна картоп, 72 тонна сүт өнімдері, 69 тонна бақша өнімдері, 34 тонна жеміс-жидек, 8 тонна бал, 31 тонна жеміс шырындары мен консервіленген өнімдер, 11 тонна балық, 20 мың дана жұмыртқа және 2 тонна нан өнімдері жіберілді.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді. Биыл 7 айда ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 338,9 млрд. теңгені құрап, 104,4 пайызға арты. Республикадағы үлесі 14,2 % – 1 орын. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 30,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, 102,7пайызға ұлғайды. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында құны 6,5 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба іске қосылды.

Ауыл шаруашылығы дақылдары 859,9 мың гектарға орналастырылып, дала жұмыстары толығымен аяқталды. Өткен жылдан 14,4 мың гектарға ұлғайды. Бүгінгі күнге 428,5 мың тонна дәнді дақыл, 325 мың тонна картоп, 1042 мың тонна көкөніс, 1513,8 мың тонна бақша өнімі және 110 мың тонна жеміс-жидек жиналды.

Тамшылатып суғару әдісі қосымша 2,8 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 28,9 мың гектарға жетті. 85,5 гектар жылыжай салынып, жалпы көлемі 1494 гектарды құрады.

Өңірде мал шаруашылығы дамып, мал басы артқан. Сәйкесінше ет өндірісі 1 пайызға артып 123,8 мың тоннаға жетті. Сүт өндірісі 492 мың тонаға жетсе, жұмыртқа өндірісі 10,6 пайызға артып 152,8 млн. дана өндірілді. Елімізден экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 75 пайызы, қой етінің 40 пайызы – Түркістан облысының үлесінде. Биылғы 7 айда 8032 тонна ірі қара мал еті, 2964 тонна қой еті және 566 тонна құс еті экспортқа жөнелтілді.

Жалпы биыл Түркістан облысында 1 трлн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10,3 млн га, оның ішінде жыртылатын жер аумағы 0,8 млн га. Ауыл шаруашылығында 63,3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы респ. ауыл шаруашылығы өнімінің 12,2%-ын береді. Ауыл шаруашылығының басты саласына стратегиялық маңызы бар мақта өсіру мен өндіру жатады. Оның егіс көлемі 170 мың га-ға (егіс көлемінің 30%-ы) жетті. Шитті мақтаны өңдеумен жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта зауыты айналысады. Олар облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара ауданында және Түркістан қалалық әкімдігі жерінде орналасқан. Облыс әкімшілігі 2003 жылдың соңында мақта иіру фабрикаларының құрылысын бастады. Егіннің орташа жылдық өнімі: бидай – 400 мың т, күріш – 10 мың т, шитті мақта – 360 мың т, көкөніс – 400 мың т, бақша өнімдері – 291 мың т, картоп – 115 мың т. 2004 ж. мал саны: ірі қара – 603 мың, қой-ешкі – 3 млн., жылқы – 119 мың, түйе – 14 мың, құс – 1,8 млн., шошқа – 22 мың басқа жетті.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.