Түркістан облысы

«AMANAT»: Жатақханаларға мониторинг жүргізілді

Жаңа оқу жылы қарсаңында «AMANAT» партиясы жанындағы «Jastar Ruhy» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының жанынан құрылған арнайы топ ЖОО жатақханаларына мониторинг жүргізуде, деп newsroom.kz хабарлайды.

Топ өкілдері мен Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Динара Егамбердиева алдымен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі 1 ерлер жатақханасы мен 2 қыздар жатақханасының жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысып шықты.

Облыстық жастар қанатының төрағасы Жансерік Жұманның айтуынша мониторинг нәтижесі оң. Студенттер үйіне шілде айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіле бастағаны мәлім болды. Жөндеу жұмыстарының аясында су және кәріз құбырлары жаңартылуда. Оған қоса бөлмелердегі жабдықтар да (кереует, шкаф, үстел, орындық) жаңадан орнатылған. Ал, қыздар жатақханасының қабырғалары әрлеу жұмыстарынан өтіп, бейнебақылау камералары орнатылып, қауіпсіздік шаралары күшейген.

Сонымен қатар арнайы топ Халықаралық меймандостық және туризм университетінің де жатақханасына зерделеу жасады. Білім ордасының 183 орындық студенттер үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Университет басшылығы жөңдеу жұмыстары қыркүйек айына дейін толық аяқталатынын хабарлады. Университет ұжымы жастарды жатақханамен қосымша қамту мақсатында 190 және 150 орындық 2 ғимарат жалға алынып, студенттерді жатақханамен қамтуда кедергілер болмайды. Мониторингтік топ мүшелері тарапынан білім ордасы басшылығына бірнеше ұсыныстар айтылды. Басты талап – жөндеу жұмыстарының жаңа оқу жылының басына дейін аяқтап, талапқа сай қамту.

Мұндай арнайы топтар аудан, қалада да құрылған. Атап айтсақ, Ордабасы, Қазығұрт, Бәйдібек аудандарында кәсіптік білім беретін колледж нысандарында да талдаулар жұмыстары жүргізілді. Партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшылары, аудандық мәслихат депутаттары, жастар қанатының төрағалары бірлесіп бақылауға атсалысты. Топ мүшелері тарапынан студенттер үйінің жиһаздары мен ас үй жабдықтарына қатысты біраз ескертулер жасалды. Мониторингтік топ жаңа оқу жылының алғашқы онкүндігінде тағы да тексеру жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда.

Фото: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.