Түркістан облысы

Түркістан облыстық ауруханасында күрделі оталар сәтті жасалды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінде екі гибридті ота сәтті жасалды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Науқастардың бірінде инфраренальды қолқа күретамыр мен мықын асты артериялардың анатомиялық күрделі аневризмасы, екінші науқаста кеуде аортасының төменгі бөлігінің қабықты аневризмасы анықталған. Ауруханаға дейінгі кезеңде кеуде және іш қуысының аневризмалық кеңеюі анықталды. Ол – өмірге өте қауіпті.

Нұр-Cұлтан қаласының маманы, рентген-эндоваскулярлық хирург Евгений Мун қан тамырлары хирургиясы және ренгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің дәрігерлерімен бірлесіп, науқастарға ота жасады. Отадан кейін науқастар бейінді бөлімшеге ауыстырылды.

Мұндай жоғары технологиялық медициналық көмекке жататын және жалпы анестезияны қажет етпейтін оталар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жүргізіледі. Тамыр хирургиясы бөлімінің меңгерушісі А.Рыжковтың бағалауы бойынша өңір дәрігерлерінің шеберлігі мақтауға тұрарлық. Ота барысы бірқалыпты өтті, ұжым үйлесімді жұмыс істеді.

Дәрігерлердің жоғары біліктілігі мұндай оталарды сәтті жүргізуге мүмкіндік береді.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.