Түркістан облысы

Мақтаралдық ару Азия чемпионы атанды

0
(0)

2021 жылдың 24-28 тамыз күндері аралығында Қырғызстан Республикасы, Ыстық-Көл қаласында ММА-ден Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азия құрлығының Қызғызстан, Индия, Пакістан, Өзбекстан, Индонезия мемлекеттері мен Қазақстандық спортшылар қатысқан байрақты бәсекеде Мақтаарал ауданының тумасы Махсуда Джаппарова өзіне қарсылас шақ келтірмеді. Елдің намысын қорғаған аруымыз жанкүйерлері мен жаттықтырушысы Азиз Анетовтың үмітін ақтап Азия Чемпионы атанды.

1997 жылы Мақтаарал ауданы, Иіржар ауылдық округіне қарасты Дихан ауылында дуниеге келген Махсуда 2015 жылдан бастап спортпен тұрақты түрде айналысып келеді. Қазірде спорттың жекпе-жек түрінен Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі.

Жас та болса 2016 жылы әмбебап жекпе-жектің жүлдегері атанса, 2017 жылы Ташкент, 2018 жылы Самарқанд қалаларында өткен халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанады.

2019 жылы Ақтөбе қаласы мен Орал қаласындағы турнирлерде топ жарса, Зайсан қаласында өткен Еуразия кубогінде күмістен медаль иеленеді. Сол жылы «Nomad MMA» спортынан Азияның ашық чемпионатында финалисті, Муай-Тай спортанынан ел чемпионатының күміс жүлдегері атанады.

2020 жылы жекпе-жек спортынан республика чемпионатының күміс жүлдегері, 2021 жылы «Пенчак Силат» спорт түрінен ел чемпионатының Жеңімпазы, «Қазақстан & Малайзия» командалық кездесуінің жеңімпазы атанады. Сонымен қатар, республика кубогінің күміс жүлдесіне ие болса, «Gamma MMA» Азия чемпионатының чемпионы атанды.

Мақтааралдық ару өзінің спорттық мансабында жекпе-жек спорты мен Pencak Silat спортынан Спорт шебері дәрежесіне жеткен. Бүгінде Түркістан облысы жекпе-жек спорты федерациясының жаттықтырушысы.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button