Түркістан облысы

Түркістан: Аудан әкімі бүлдіршіндерге әліппе табыстады

0
(0)

1 қыркүйек – Білім күні мерекесі Мақтаарал аудандарының мектептерінде салтанатты түрде аталып өтті. Аудан әкімі Бақыт Асанов Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Өнімкер ауылында орналасқан Ж.Нұрлыбаев жалпы орта мектебінде өткен салтанатты жиынға қатысып, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге әліппені табыс етті, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі  аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қымбатты ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Күздің бірінші күні – еліміздің барлық білім беру мекемелерінде оқудың басталғандығының белгісі. Білім күні – еліміздің әрбір тұрғыны үшін зор қуаныш. Өйткені, білім алуға және ғылымға ұмтылыс халқымыздың санасының тереңінен әрдайым орын алды. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер, шығармашылық табыстар, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!» – деді Бақыт Насырханұлы.

Білім күні шарасында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Серікбаев та ұстаздар мен оқушыларға өз құттықтауын арнап, биыл 28097 оқушының 2972-сі алғаш мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушылары екенін атап өтті. Іс-шараға аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің әкімі Нұрғали Елшібаев және аудан ардагерлері қатысты.

Айта кетейік, өткен оқу жылындағы негізгі басымдық білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру болған еді. Биылғы жаңа оқу жылында 56 орта білім беру ұйымында оқу процесі дәстүрлі форматта өтетін болады.

Барлық оқу орындарында санитарлық нормалардың сақталуы ерекше назарға алынып, қажетті дезинфекциялық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда, білім беретін 3658 педагогтардың 3100-не, техникалық персоналдардың 1302-не вакцинация егілді. Бұл көрсеткіш – ауданымызда 99%-ды құрады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button