Түркістан облысы

Арыстықтар елордадағы жәрмеңкеге 33 тонна өнім апарды

Аптаның соңғы күндерінде Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі.

Елордадағы «Ханшатыр» ойын-сауық орталығының іргесінде сенбі, жексенбі күндері ұйымдастырылатын жәрмеңкеге Арыс қаласының шаруалары 33 тонна азық-түлік өнімдерін апарды. Атап өтсек, жыл сайын күзге қарай өтетін дәстүрлі жәрмеңкенің биылғы бетпердесін Түркістан облысы ашып берген. Облыс шаруалары жалпы көлемі 500 тоннадан астам жергілікті өнімнің сан түрін Нұр-Сұлтанға жеткізген болса, оның 33 тоннасын арыстық шаруалар ұсынды.

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына орай, әкім орынбасары Сапар Дәрібаев пен Арыс қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлыбек Біләлбеков шаруалар өнімін 3 жүк көлігімен Сарыарқа төріне дін аман жеткізілуін қамтамасыз етті. Арыстық шаруалар мен диқандар астаналықтарға ұсынған өнімдердің құрамында 7 тонна ет, 23 тонна көкөніс пен бақша өнімдері және 3 тонна сүт өнімдері бар.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.