Түркістан облысы

Сарыағаштық азамат мал бордақылау алаңын ашып, 15 адамды жұмыспен қамтып отыр

Парламент Мәжілісінің депутаттары Сарыағаштағы мал бордақылау алаңында болып, директоры М.Абдибаевпен тілдесті, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі.

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Дархан Мыңбай мен Елнұр Бейсенбаев арнайы жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданында болды. Іс-сапар барысында кәсіпкерлік және ауылшаруашылық саласының мамандарымен кездесіп, жұмыстарымен танысты.

Халық қалаулырлары алдымен Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан «Бес Қара» ЖШС-нің мал бордақылау алаңында болып, директоры М.Абдибаевпен тілдесті. Айта кетсек, «Бес Қара» ЖШС-нің мал бордақылау алаңы 1000 бас мал бордақылауға арналған. Бүгінде 230 бас мал сатып алынып, бордақыланып жатыр. Қазіргі таңда мұнда 15 адам жұмыспен қамтылған.

Одан әрі мәжілісмендер Сарыағаш ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне келіп, кітапхана ұжымымен кездесті. Кездесу партияның «Заманауи білім орталықтары» бастамашыл жобасы аясында ашылған коворкинг алғаш орталығынан басталды. Содан соң, балалар кітапханасы мен оқырман залында кітап қорымен танысып, кітапханашылармен тілдесті. Жиын барысында кітапханашылардың өтініштерін тыңдап, естелік жазба қалдырған Мыңбай Дархан Қамзабекұлы кітапхана ұжымына, сәттілік тіледі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.