Түркістан облысы

Мәжіліс депутаттары Келес ауданына іссапармен елдімекендерді аралады

0
(0)

Мәжілісмендердің іс-сапары Қошқарата ауылдық округіндегі 9 елді мекенде жүргізіліп жатқан табиғи газ құрылысымен танысумен жалғасты, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.

Табиғи газ құрылысын жүргізіп жатқан 3 мердігер компаниялар нысандардың құрылысын осы жылдың 31 тамызына аяқтау бойынша міндеттеме алған. Тұрғындармен сұхбат барысында екі нысанның Аманжар және Қарабура елді мекенінің тұрғындары газ құрылысы жұмысын жүргізіп жатқан «AlaCon engineering» ЖШС жұмысына көңілдері толмайтынын жеткізді.

Ауданның коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқаруышы Бақытжан Шырынбеков пен техникалық қадағалаушы мекеме өкілі «AlaCon engineering» ЖШС-і жүргізіп жатқан нысандарға қаржы кеш бөліну себепті құрылыс жұмысын аяқтау қыркүйек айының соңына дейін созылғанын түсіндірді.

Ал, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы аталған мердігердің жұмысына қатаң бақылау жүргізуді Келес аудандық филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясына тапсырды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button