Түркістан облысы

Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Төлепұлы Жетісай ауданына келді

0
(0)

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Төлепұлы Жетісай ауданына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, «Nur Otan» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясының мүшесі Ержан Құдайберген Төлепұлы Жетісай ауданына жұмыс сапарымен келді.

Алдымен мәжіліс депутаты жиырмаға тарта жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған Қарақай ауылдық округінде орналасқан «Медет Сүт» ЖШС болды. Бұл цех өз қаржысымен ашылған болатын, кейін оған мемлекттен тарапынан, яғни инвестициялық орталық АИО Оңтүстік мекемесінен 47 миллион теңге берілді. Аталмыш цех 1 тәулікте 30 тоннаға дейін сүтті өңдей алады. Қазіргі таңда бұл цех күніне 3-5 тонна аралығында сүтті өңдеп одан ірімшік, қаймақ, айран, сыр, сияқты 9 түрлі өнім өндірілуде. Цех басшысы Ғалым Олжабаевтың айтуы бойынша алдағы уақытта өнім көлемін арттырып 25 ке дейін жеткізу жоспарымызда бар дейді. Цехтан шыққан сүт өнімдері ішкі нарықты толықтай қамтып отыр.

Содан соң, мәжіліс депутаты «Жылы су» ауылдық округінде 40 гектар аумаққа орналасқан ЖШС «ЕР-ТЕ АГРО» жүзім алқабында болды. Мұнда украиналық «Одесса» сортты жүзімдер егілген. Бұл жүзімдер бір түпке 4 шақ байлайды. Ал, олардың әрқайсысының салмағы 3 келіден асып жығылады. Одан кейін Құдайберген Төлепұлы жергілікті шаруалармен кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдап, тиісті жауаптарын берді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button